Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Advertisements

Менің болашақ - мамандығым. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы.
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
Қатысушыға сенім арттыру Сөйлеушіге құрмет көрсету Тренинг ережесі Болып жатқан нәрселерге белсене қатысу Осы мезетте және қазір принциппен қатысу Тыныштық.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы Орындаған: РД-22к тобының студенті Смаил А.Б.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Ата-аналарға арналған тренинг. Тренингтің міндеттері: Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту; Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну; Баламен өзара әрекеттің.
«2 жалпы орта білім беретін» ММ Жақсылық жасай білейік Мухатова Дария Меделбекқызы 4 сынып.
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Мамандықтар әлемі. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз.
Адами
Биоэтика. Эвтаназия Орындаған: Қабылдаған:. Жоспар Кіріспе Биоэтика Медициналық этика үш негізгі бағыт Коммуникативті дағдылардың маңыздылығы Қарым-қатынастардағы.
Қабиева Гулбариса Нағимқызы М. Сиранов атындағы орта мектептің педагог -психологы.
Тренинг тақырыбы: «Мінез – көңіл күй айнасы» Мақсаты : Ұстаздарға темперамент түрлерін таныстыру, өзін-өзі тану, өзінің және өзгенің даралығын бағалау,
Кәсіби келіссөздер техникасы Орындаған: Сейлхан Айман Тексерген:
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Транксрипт:

Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар бірігіп, мінез бен тән арасында қандай байланыс бар екенін анықтады. Көз – жанның айнасы. Ал қолдың саусағы – мінездің айнасы десек те болады. Ал сіздің саусағыңыз қандай?

А. Төменгісіне қарағанда, саусақтың жоғарғы бөлігі ұзын Мұндай жандар сезімге берік болады. Ғашығын қатты сүйеді. Жұмыс, оқу дегендерді толықтай ұмытады. Сіз телефонға жауап бермей немесе жауап жазбай қалсаңыз, ол шу шығарып, қатты ашуланады. В. Екі бөліктің ұзындығы бірдей Мұндай адамдар өте сабырлы. Қандай жағдай болмасын, барлығын алдын ала ойластырады. Сезімін бірден көрсетпейді. Қысқасы мұндай адамдарға шыдамды жандар қажет. С. Саусақтың төменгі бөлігі ұзынырақ Өте адал. Барлығын жіті бақылап, таразылайды. Өмірлік жарын жолықтырса да, қарым-қатынастары туралы көп ойлайды. Бұл адамдармен де бірге өмір сүру үшін шыдамдылық қажет.

1. Бейқам, ойнақы, мұңаймайтын адамсыз. Сіз үшін өмір – бостандық. Оның әр сәтінен ләззат алып қалуға тырысасыз. Соған орай, «Өмірге бір-ақ рет келеміз!» деген өмірлік ұран ұстанасыз. Жаңа нәрселерді байқап көруге әуессіз, әр сәттен жаңа сезім сезінгіңіз келеді. Бір нәрсені басқа жағдайға байланыстырып қоюдан артық жаман нәрсе жоқ. Өзіңізді қоршап тұрған шекараның барлығын зерттеумен өтесіз және кез келген тосын сыйды қуана қабылдайсыз.

2. Сіз тәуелсіз, ешкімге илікпейтін тура жансыз. Өз бағытыңыздан айнымайсыз және жолыңызға тосқауыл болатын ешбір факторды мойындамайсыз. Жұмыста не басқа жерлерде орнымен қолданатын әртістік қабілетіңіз бар. «Сән» шекарасына мүлдем бағынбайсыз. Тек өз үкіміңіз бен танымыңызға сай деп таныған ұғымды ғана қабылдайсыз.

3. Сіз өте сезімталсыз. Өз толғамыңыз бен сараптауыңызға тұрақсытыз. Келбетіңізді өзгертпейсіз. Беймаза адамдардың бос, мылжың әңгімесін естігенше, жалғыздықта болуды артық санайсыз. Бірақ шынайы достарыңызбен араласқанда өзіңізді сондай жайлы сезініп, үйлесім мен тыныштық сезімін бастан өткізесіз. Ал арадағы алшақтық сіз үшін маңызды емес. Өзгелерді жиі сағынбайтын адамсыз.

4. Тұрақты, сабырлы, байсалды адамсыз. Табиғилық пен қарапайымдылықты жоғары бағалайсыз. Адамдар сізге жанаса жүруді қалайды. Себебі сіз жер қозғалса да қозғалмайтын қаққан қазық секілдісіз. Сол себепті олар сізге сүйеніп, тұрақтылығын сақтағысы келеді. Жаныңызға жақын адамдар сіз барда өзін қорғанды, қауіпсіз сезінеді. Жылы жүректі, мейірбан адам ретінде таниды. Ішкі жан дүниеңізге үңілген жан тәкаппар да, дөрекі де емес екеніңізді біледі. Сәнге бағынбай, жеке стиль ұстану керек деп ұғасыз.

5. Өмірге тура қарайсыз, өз ісіңіздің шеберісіз. Тіршіліктің ағымынан қалыс қалмайсыз. Кез келген жетістікке өз күшіңізбен жетуді мақсат тұтасыз. Барлық мәселені оңай да тез шешесіз. Қоғамдағы құбылыстарға артық та емес, кем де емес, нақты, шынайы көзқарас қалыптастырғансыз. Сізге жұмыста да жауапкершілігі мол, сенімді адам ретінде зор үміт артады. Ішкі рухыңыздың күштілігі өзгелерге дем береді. Бастаған істі аяғына жеткізбейінше тыныштық таппайсыз

6. Сіз өмірге құштар, парасатты жансыз. Адамдармен тез тіл табысасыз және де кіммен қалай сөйлесу керегін жақсы білесіз. Достарыңызбен өте жақсы қарым қатынастасыз, бірақ ешкім жоқ жерде, жалғыздықта, еркіндікте болған жаныңызға жайлырақ. Уақыт өте келе оңашада ойыңызды жинақтап, миыңызды тынықтыру үшін бәрінен алшақтап, біраз уақыт жалғыз болуға тура келеді. Сізге кеңістік жетіспейді. Бірақ, бәрібір сіз жалғыз емессіз. Сіз өз өзіңізбен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүресіз. Қолда барыңызды бағалаңыз.

7. Өз күшіңізге сенімді адамсыз. Жылдам сезу түйсігіңіз өз қадіріңізді білуге көмектеседі. Бірте- бірте айналаңызда тек шын жанашыр адамдар ғана қалуын қадағалайсыз. Өміріңізде ең маңызды рөл ойнайтын дүние – мәдениет. Көпшілік бас ие мойындайтын сәннен бөлек, кербез де керім стиліңіз қалыптасқан. Өмірге көңіліңіз толады.

8. Романтикаға бейім, арманшыл, эмоцияға берілгіш адамсыз. Өте сезімтал жаратылыс деп сізді айтуға болады. Әр нәрсенің тиімді тұсын көруге тырысасыз. Жүрегіңіздің әмірі бәрінен маңызды. Ең бастысы, үлкен арман қойып, соған жету. Сізге тек ақылымен жұмыс істеп, сезімге ерік бермейтін адамдар қызық емес. Ерік пен сезім қаламаған нәрсені қабылдамайсыз.

9. Нағыз ширақ, серпінді, экстраверт кісісіз. Тәуекелге бел бууға бейімделгенсіз. Қызықты, әртүрлі істерді байқап көруді қалайсыз. Күнделікті қайталана беретін жұмыс сізді жансыздандырып жібереді

Адамның шынайы болмысын тану өте қиын. Өйткені мінезі құбылмалы келеді. Айналасындағылар мен өзінің пікірі үйлеспейтін кездер болады. Егер өз мінезіңіз туралы білмесеңіз, тестінің көмегіне жүгініңіз. Өзіңізге ұнайтын суретті ойланбастан таңдаңыз. Таңдаған болсаңыз, төмендегі жауаптарға зер салыңыз.

Сіздің таңдауыңыз нені білдіреді екен ?

1. Айналаңыздағыларға бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетуге тырысасыз. Адамдар сізді шулы ортаны ұнатады деп ойлайды. Табандылығы мықты деп бағалайды. Шындығында іштей әлсізсіз. Адамдарға мықты болып көрінгіңіз келеді. Дәл қазір оптимистің бетпердесін киіп жүруден шаршаған сияқтысыз. 2. Жүйкеңізді тоздыратын дүниелерді, ақша шашуды ұнатпайсыз. Өмірден ләззат ала білесіз. Достарыңыздың ақшасын шашып, шақырған жерден қалмайсыз. Ауыр мінезіңізді өзіңізге жақын адамдарға ғана көрсетесіз. Бір қызығы, мінезіңізді жібектей деп ойлайсыз. 3. Ойыңызды өзгелерден жасыра білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Көп жағдайда қиындықтарды шешпей, оларды айналып өтуді жөн көресіз. Осы қасиетіңізге қарап, айналаңыздағылар сізді өте әлсіз деп ойлайды. Шындығында, сіз өте ақылдысыз. 4. Үнемі барлығын шабыттандырып, алға сүйреп жүретін жансыз. Ұшқыр қиялыңыздың арқасында өзіңізді де, өзгелерді де қуанта білесіз. Бір істі жүзеге асыра алмасаңыз, келесісіне оңай көшесіз. Жайдарлы мінезіңіздің арқасында кез келген ортаға тез сіңісесіз.

5. Кез келген қиындықты қасқайып тұрып қарсы аласыз. Біреумен сөзге келіп қалсаңыз, жеңіске жетпейінше тоқтамайсыз. Қажет болғанда қателігіңізді мойындайсыз. Өйткені әділеттіліктің не екенін білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Айналаңыздағылар бұл қасиетіңізді бағалайды. 6. Басқарып, тапсырма бергенді жақсы көресіз. Мұнымен қатар, өзіңізден қолдау күтетін жандарға көмек қолын созуға әзірсіз. Жақындарыңызға сүйеніш бола білесіз. Өтірікшілер мен сатқындарды мүлдем ұнатпайсыз. 7. Көпшіліктің көзайымына айналуды жөн көресіз. Өтірік айтсаңыз да, арыңыз мазаламайды. Осы айлаңыз арқылы қалағаныңызға қол жеткізесіз. Өзгелердің пікіріне тәуелді болғандықтан, күйзеліске жиі түсесіз. 8. Айналаңызда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарайсыз. Достарыңыз осы қасиетіңізді бағалайды. Сізге еліктегісі келеді. Тұрақтылықты бағалайсыз.

Тест: "Мен қандай адаммын?" 1. Біреумен ренжісіп қалған соң, татуласудың жолдарын іздейсіз бе? А) әрдайым деп айта алмаймын Ә) кейде Б) ешқашан 2. Өзіңізді оқыс оқиғаларға тап болған жағдайда қалай ұстайсыз? А) іштей ұяламын Ә) өте сабырлымын Б) өзімді басқара алмай қаламын 3. Сізді достарыңыз бен сыныптастарыңыз қандай деп ойлайды? А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын Б) қарапайым әрі тәуелсіз

4. Сізге бір мекемеде басшылық қызметін ұсынса, қандай әрекет жасайсыз? А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын Ә) қуана отырып келісемін Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын 5. Достарыңыз сізден рұқсат сұрамастан дәптеріңіздегі үй тапсырмасын көшіріп алса не істейсіз? А) ұрысамын Ә) қайтаруын талап етемін Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын 6. Ата-анаңыз жұмыстан көп уақытқа кешігіп келсе қалай қарсы аласыз? А) не себепті кешіктіңіздер? Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер? Б) мен уайымдай бастайған едім Көліктің рөлінде отырсаңыз қандай әрекет жасайсыз? А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын 8. Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай деп ойлайсыз? А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар Ә) жеңілтекпін Б) тым қатыгезбін

9. Қолыңыздан келмейтін іске тап болсаңыз төмендегі әрекеттердің қайсысын орындайсыз? А) кінәні өзгелерге артамын Ә) көнемін Б) келесі жолы сақ боламын 10. «Қазіргі жастар бұзылып барады» тақырыбында жазылған мақалаларға көзқарасыңыз қандай? А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ 11. Сіз армандап жүрген зат басқа біреуге берілсе қандай сезімде боласыз? А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді? Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар Б) мүмкін келесі бірде алармын 12. Қорқынышты фильм көріп отырғанда қандай сезімде боласыз? А) қорқамын Ә) маған қызық емес Б) ләззат аламын 13. Маңызды кездесуге бара жатып көлік бұзылып қалса не істейсіз? А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын Б) өкінемін

14. Спорт жаттығуларына көзқарасыңыз қандай? А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын 15. Сізге дәмхана даяшылары ойдағыдай қызмет көрсетпеген жағдайда не істейсіз? А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын Б) шағым кітапшасын пайдаланамын 16. Мектепте біреулер қарындасыңызды немесе бауырыңызды ренжіткен болса, не істейсіз? А) сынып жетекшісімен сөйлесемін Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын 17. Сіз қандай адамсыз? А) орташа мүмкіндіктері бар Ә) өзіне сенімді Б) жеңілтек

18. Есікте біреумен соқтығысып қалсаңыз? А) кешір, бұл – менің кінәм Ә) ештеңе етпейді Б) көзіңе қарап жүрмейсің бе? 19. Ең сүйікті жануарыңыз қандай? А) жолбарыс Ә) үй мысығы Б) қонжық

Нұсқалардың ішінен дұрыс жауап таппаған жағдайда 0 ұпай деп есептеңіз. 34 ұпай және одан төмен Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Алайда бұны жағымпазданумен шатастырудың қажеті жоқ. Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз ұпай аралығы Жеткен жетістіктеріңіздің көптігіне қарамастан, шамадан тыс ашуланшақсыз. Көп жағдайда себеппен айтылған сындарға ғана мән бересіз. 45 ұпай және одан жоғары Ашуланшақсыз әрі айналаңызға қатыгезсіз. Алдыңызға мақсат қойсаңыз, өз күшіңізге ғана сенесіз. Өз жолыңызда өзгелерді құрбан қылуға дайынсыз. Жауабы төменде!