Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҮШТІЛДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Программа трехъязычия в КазНМУ Директор Центра Мониторинга анализа качества образования и научного сопровождения реформы медицинского.
Advertisements

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы:Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия Тексерген: Орындаған:.. Қарағанды.
Қ ара ғ анды Мемлекеттік Медицина Университеті Д ә рігерге дейінгі дайынды қ кафедрасы СӨЖ Орындаған: Абдуалиева А. Тулашова Б. БалтабаЕВ Е. Тексерген:
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Бауыр патофизиологиясы Орындаған:Турманбаева А.А 201 ЖМФ 201 ЖМФ.
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Денсаулық сақтауды жоспарлау Орындаған: Әбуова Г.Е Факультет: ҚДС Курс: V Топ:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ СӨЖ Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасында әйел денсаулығын қорғаудың ұйымдастырылуы.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Оқытушы: Угышева Ш.Е Орындаған:Данайбек Б.А Жетекшісі: Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ: С.Ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Клиникаға кіріспе кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жанұямен қарым – қатынаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды.
Кафедра: хирургия Факультеті: жалпы медицина 2 Та қ ырыбы: Вич инфекция мен вирусты гепатитты ң алдын- алуы Орында ғ ан: Тексерген: А қ т ө бе 2015 жыл.
Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.
«Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі» Дәріскер: аға оқыт. ЛЕПЕСБАЕВА Г.А Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Физиология кафедрасы.
Қ АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА университеті Жалпы хирургия және травмотология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Хирургиядағы ақпараттық-компьютерлік технология.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Орында ғ ан: Ораз қ азы қ ызы Ұ топ Қ абылда.
Балалардағы жабыспалы ішек өтімсіздігі
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»
Транксрипт:

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері Орындаған:Шаріп Жұлдыз топ ЖМ Қабылдаған: Кушербаев С.А Қарағанды 2016 ж

I.Тыныс алу жүйесі II.Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі III.Қорытынды IV.Қолданылған әдебиеттер Жоспар:

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. 2 бөлімнен тұрады: I ауа өткізу жолдары (мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхтар тармақтары) II респираторлық бөлім (респираторлық бронхиолалар+ альвеолярлық жолдар+альвеолярлық қапшықтар = ацинус) Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары -мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі Мұрын қуысы Ерте жастағы балаларда мұрын кіреберістері тар, раковиналары жуан, төменгі мұрын кіреберісі 4 жасқа таман қалпына келеді. Шырыш асты қабатта кавернозды (қуысты) тіннің толық жетілмеуі кішкентай балаларда жиі мұрыннан қан ағудың себебі болады. Қуысты тін 8-9 жасқа толғанда дамиды. Бұл жастағы балаларда мұрыннан қан ағу оңай әрі тез болады, себебі шырышты қабаты нәзік, ол тез жараланады және қанмен қамтамасыз етілуі жақсы. Мұрын жолдары жіңішке, төменгі мұрын жолдарының болмауы, қуыстары жетілмеген, маңдай қуысының болмауы нәрестелерге тән ерекшеліктер.

Жұтқыншақ жас балаларда– кішкентай, еңсіз, лимфалық сақинасы нашар дамыған, бездердегі қан тамырлары жеткіліксіз болады. Көмекей нәрестелерде – шұңқыр тәріздес, шеміршектері нәзік, иілгіш болып келеді. Дауыс саңылауы тар, жоғары орналасқан; шырыш қабығы нәзік, қан және лимфа тамырларына бай. Бұлшық етпен эластикалық талшықтары нашар дамыған. Нәрестенің кеңірдегі воронка тәрізді формада. Ол шеміршекті жартысақинадан тұрады, олар артынан фиброзды жарғақпен қосылған. Шеміршектің жұмсақтығы, эластикалық тінінің әлсіз дамуы және үлкен қозғалыстары олардың сырылды дауыстар шығаруына әкеледі. Бронхтардың негізін шеміршекті жарты сақиналар құрайды, олар фиброзды жарғақпен байланысқан. Кеңірдек оң және сол бас бронхтарына бөлінеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда кеңірдекпен аз бұрыш жасап қосылған, сондықтан бөгде зат жиі оң жақ бронхқа түседі. Бронхтың және бронхиолалардың шырышты қабаты нәзік, қантамырларға бай, жұқа шырышпен қапталған, ол шырыш эвакуациясын қамтамасыз етеді. Нәрестелерде тыныс жолдары өте аз бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады, бірақ 4-5 айлық балаларда бұлшықет тіні жеткілікті түрде дамиды.

Өкпе жас нәрестелердің өкпесі қан тамырларына бай, серпінді тіндері аз (әсіресе альвеолар маңында); дифференциалануы жеткіліксіз ; пубертат кезеңіне жетпей жаңа алвеолардың үнемі дамып (көбейіп) отыруы; өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде жетілмейді; бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген, ал оң өкпесінің жоғарғы және орта бөліктері бірдей көлемде жетілмеген; 2 жаста өкпенің әр бір бөліктерінің көлемдері,үлкендердікі сияқты, бір-біріне сәйкестенеді.

Балалар өкпесінің жетілуінің кезеңдері

Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге мл ауа кіреді және бір минутта тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. Қорытынды

1.Гистология, цитология и эмбриология. Ю. И. Афанасьева, С.Л. Кузнецова, Н. А. Юриной. 2.Гистология-2. Нурсейтова К.Т.,Есимова Р.Т.-М:Алматы Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / ред.: Э. Г. Улумбеков, Ю. А. Челышев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, Гистология. Эмбриология. Цитология : Учебник для студентов мед. вузов / Данилов, Р.К. - М. : Мед. информ. агентство, Интернет сайттары Қолданылған әдебиеттер