Файлдық жүйелерге кіріспе. FAT және NTFS.. Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Advertisements

Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Бір бетшені аштым да, Мәтін жаза бастадым Бірақ тілін шет елдің Аудара алмай тастадым Тілді қалай өзгертем Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) ( Ctr.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
С# тіліндегі м ә тіндік ө ріс. C# тілі туралы түсінік Жаңа бағдарламалау тілі - С#. Бұл тілмен жұмыс істеу үшін Framework ортасын және С++ бағдарламалау.
Қазақстан Республика білім және ғылым министрлігі Алматы Орталық Техникалық колледжі ТАКЫРЫБЫ : МАТРИЦАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АМАЛДАР ТЕКСЕРГЕН:
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАУ Аксонометриялық проекцияны салу үшін екі негізгі сұраққа жауап керек: 1) аксонометрия осьтерін қалай жүргізеді? 2) аксонометрия.
Процессор (қазақша слайд)
ВЕКТОРЛЫ Қ Ж Ә НЕ РАСТРЛЫ Қ ГРАФИКАНЫ ҚҰ РУ МЕН ӨҢ ДЕЙТІН ПРОГРАММАЛАР.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Математика 6 сынып Қиылысатын түзулер. Нахыпбекова С.М. Лермонтов атындағы 17 жалпы орта мектептің математика пәні мұғалімі.
Информатиканың тест сұрақтары
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
ListBox, ComboBox, Horisontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Timer, Shape. Тағайындалуы, қасиеттері, оқиғалары, тәсілдері ж
Транксрипт:

Файлдық жүйелерге кіріспе. FAT және NTFS.

Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі – дискеттер. Осы түрдегі ақпаратты тасушылар, оларға жазу және олардан ақпаратты оқу тәсілдері әр түрлі, сондықтан, олардағы ақпараттың сақталу түрлері әр түрлі болады. Файлдардың осы тасушыларда қалай сақталатынын білу үшін файлдық жүйелердің негіздеріне тоқталып өтсек. Ең алдымен, терминологиямен танысайық.

Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала анықталған ережелер жинағы. Файл – ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ. Файл аты – файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады. Кластер – ақпаратты сақтауда қолданылатын дискреттік дискілік аймақтардың жиыны. Сектор – дискілік аймақтың негізгі логикалық бірлігі. Байт – дискілік аймақтың негізгі физикалық бірлігі.

Ақпаратты тасушылардың құрылыстары әр түрлі болған соң, оларға жазу мен оқу да әр түрлі ережелермен басқарылады, яғни, әр түрлі файлдық жүйелер қолданылады. Осы ретте Windows үшін осындай екі файлдық жүйеге тоқталамыз. FAT (File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS- жүйелерінде қолданылған ФС. Тарихи жағынан ең ерте пайда болған біреуі. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез–келген тәртіппен орналасуы мүмкін.

NTFS (NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. FAT–пен бір уақытта пайда болса да, ол кезде аппараттық талаптары үлкен еді. NTFS құрылысы жағынан дерекқорға ұқсас болып келеді. Файлдың қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар (streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар.

ҚасиетіFAT32NTFS Максималды диск өлшемі8 ТбТеорияда шексіз Максималды файл өлшемі4 ГбШектелмеген ЖурналированиеЖоқБар ШифрлеуЖоқБар ТұрақтылығыТөменЖоғары Файл рұқсаттарыЖоқБар. Осы екі файлдық жүйені салыстыру үшін кестеге назар аударыңыз: Осы екі файлдық жүйе Microsoft корпорациясының иелігі болып табылады

Файлдық жүйе файлдарды қатқыл дисктің қай жерінде және қалай сақталу керектігін анықтайды. Операцилық жуйеге сол сақталған файлдарды пайдалануға рұқсат береді. ОЖ көз қарасымен, қатқыл диск бұл кластерлердің жинағы. Кластер құжатты белгілі бір жерде сақтауға арналған белгілі мөлшердегі аумақ. Кластердің ең аз аумағы 512 байт. Қатқыл дискте көп танымал файлдық жүйенің екі түрі бар: FAT және NTFS. Бірінші FAT (FAT16), содан кейін FAT32, ал содан кейін NTFS шыққан. FAT (FAT16) бұл File Allocation Table аббревиатурасы ( аударғанда файлдардың орналастыру кестесі ). FAT-ты Биллом Гейтс пен Марком МакДональд 1977 жылы жасап шығарған. FAT файлдық жүйе болып DOS пен Microsoft Windows- та (Windows ME версиясына дейін) қолданылған. FAT-тың төрт версиясы бар FAT12, FAT16, FAT32 және exFAT. Олардың бір бірінен айырмашылығы кластерді сақтауға арналған биттің көлемінде.

NTFS ( New Technology File System аббревиатурасы жаңа технологиялық файлдық жүйе ) Microsoft Windows NT операциялық жүйелерге арналған стандартты файлдық жүйе. Windows NT 3.1 мен бірге 27 шілде 1993 жылы шыққан. NTFS файлдық жүйесі, HPFS ( High Performance File System аббревиатурасы жоғары өнімді файлдық жүйе ) файлдық жүйесі(-не қарап) негізінде құрылған. NTFS-тың Негізгі ерекшеліктері: Әртүрлі қолданушыларға және топтардағы қолданушыларға шектеу қою және дисктегі аумақты қолдануға да шектеу қою мүмкіндігі. Файлдық жүйенің сенімділігін көтеретін Жүйелік жүрнал бар.

FAT32 мен NTFS айырмашылығы: Мысалға: 120Гб-тық қатқыл диск бар делік. Ал файлдың аумағы 10кб болсын. FAT32 үшін кластердің аумағы 32кб болады. Ал NTFS үшін 4кб болады. FAT32-де 10кб файл 1 кластердің орнын алады. 30кб 10кб = 22Кб бос орын қалады. NTFS-те 10кб файл 3 кластердің орнын алады. 12кб 10кб = 2кб бос орын калады. Қолданушы көз алдына қатқыл дискті торлы дәптер деп елестетсе. Торлар Кластерлер. Бір тор бір кластер. Ал файлдық жүйе дәптер ішіндегі ақпараттар. Файл -сөздер. Мысалға: бір кластер бір тор. Торға нүкте қойсаң оған басқа ештеңе жаза алмайсың. Сондай сияқты FAT32 30кб-тық кластерге 10кб- тық файлды сақтаймыз, сонда 22кб бос қалады. Ал бос қалған 22кб-қа басқа ештеңе жаза алмайсың. NTFS-те 10 кб сақталу үшін 4кб-тық 3 кластер керек. Сонда 2кб бос қалады. 2кб-қада ештеңе сақтай алмайсыз. Көріп тұрғаныңыздай FAT32-ге қарағанда NTFS-те қалданыла алмайтын бос орын аз қалды. Соған сәйкес NTFS FAT32-ге қарағанда үнемділеу.