Подагра ғ а қ арсы заттар Орындаған: Бахытжан Мадина Тобы: ОМ Тексерген: Смагулова Гульмира С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Аминогликозидтер Орындаған: БолатоваӘ.Е Тексерген: Курмангалиева Л.М Атырау медициналық колледжі.
Advertisements

Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлық дистресс синдром Этиологиясы мен клиникасы Емі Қорытынды.
Ұйықтататын және тырысуғақарсы дәрілік заттар 7 лекция.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Биохимия және химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәріздің заттар.Алиментарлы және екіншілік.
Орында ғ ан: Смадияр А Тобы:42-02 Факультет: ЖМ Қ абылда ғ ан: С. Е. Виллебранд ауруы.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Вирусқа қарсы заттар Лекция 15. Вирусқа қарысы заттар – бұл макроорганизмде вирусты инфекцияның дамуына жол бермейтін дәрілік топты айтамыз. Вирустар.
Europe and Eurasia Regional Family Planning Activity С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра : Акушерия және Гинекология. Тақырыбы.
Фармацевтикалық факторлар және олардың дәрілік зат терапевтикалық эффективтілігіне әсері Орындаған: Мұхтар З.Қ. Группа: ТФП Курс: 4 Тексерген:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия Орындаған: Қабиева.
Холецестит ауруы ОРЫНДА Ғ АН АБИЛДАЕВ А.Б ТЕКСЕРГЕН МОЛДАШЕВА А.К.
Сұйық беттердегі ерімейтін заттардың қабыршықтардың зерттеулері 4000 жыл бұрын Плиний мен Плутарх майдың толқындарды тыныштандырғыш әсерін байқаған
Транксрипт:

Подагра ғ а қ арсы заттар Орындаған: Бахытжан Мадина Тобы: ОМ Тексерген: Смагулова Гульмира С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті Алматы қаласы, 2018 жыл..

Подагра (грек. podagra аяқ үшін қақпан) организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру. Подаграның дамуына жиналған урат (несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін организмнен шығаратын әр түрлі ферменттер қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу, аз қозғалу себепші болады. Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40 жастан асқан ер адамдар жиі ауырады. Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы (әдетте бас бармағы) зақымданады. Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы 38 40oС-қа көтеріліп, қалтырайды.

Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды. Емі: ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж жасалады.

Подаграға қарсы заттарға аллопуринол және этамид жатады

Аллопуринол Фармакотерапиялық тобы: Подаграға қарсы препараттар. Несеп қышқылы синтезінің тежегіштері. Фармакодинамикасы: Аллопуринол гипоксантиннің құрылымдық аналогы болып табылады. Аллопуринол, сондай-ақ оның негізгі белсенді метаболиті - оксипуринол, гипоксантинның ксантинге, және ксантиннің несеп қышқылына айналуын қамтамасыз ететін фермент- ксантиноксидазаны тежейді. Аллопуринол несеп қышқылының қан сарысуындағы, сондай-ақ несептегі концентрациясын азайтады. Осылайша ол несеп қышқылы кристаллдарының тіндердегі жинақталуының алдын алады және (немесе) олардың еруіне ықпал етеді.

Гиперурикемиямен кейбір пациенттерде (бірақ барлығында емес) пуриндер катаболизмінің бәсеңдеуінен басқа, ксантин мен гипоксантиннің көп мөлшері пуриндік негіздер қайта түзілуі үшін қол жетімді болады, ол гипоксантин-гуанин фосфорибозил-трансфераза ферментінің бәсеңдеуі арқылы кері байланыс механизмі бойынша пуриндердің de novo биосинтезінің бәсеңдеуіне әкеледі. Аллопуринолдың басқа метаболиттері – аллопуринол-рибозид және оксипуринол-7 рибозид. Аллопуринол осы қосылыстардың расталған жинақталуында (мысалы, подагра, тері тофустары, нефролитиаз) немесе олардың жинақталуының болжамды клиникалық қаупінде (мысалы, қатерлі жаңа түзілулерді емдеу жедел несепқышқылды нефропатия дамуымен асқынуы мүмкін) несеп қышқылы мен оның тұздарының (ураттар) түзілуін бәсеңдету үшін қолданылады.

Қолданылуы - несеп қышқылы мен оның тұздарының жинақталуымен қатар жүретін клиникалық жағдайларда: идиопатиялық подагра; несептас ауруы (ураттардың түзілуімен); жедел несепқышқылды нефропатия; гиперурикемия кенеттен немесе цитоуытты ем жүргізгеннен кейін пайда болса жасушалық популяцияның жаңғыруының жоғары жылдамдығымен ісік аурулары және миелопролиферативті аурулар; несеп қышқылы тұздарының гиперпродукциясымен қатар жүретін белгілі ферменттік бұзылыстар, мысалы, гипоксантин-гуанин-фосфорибозилтрансфераза жеткіліксіздігі (Леш-Нихен синдромын қоса), глюкозо-6-фосфатаза жеткіліксіздігі (гликогеноздарды қоса), фосфорибозил- пирофосфатсинтетазаның жоғары белсенділігі, фосфорибозил-пирофосфат- амидотрансферазаның жоғары белсенділігі, аденин-фосфорибозилтрансфераза жеткіліксіздігі. - аденин-фосфорибозилтрансферазаның төмен белсенділігіне байланысты 2,8- дигидроксиаденинді (2,8-ДГА) конкременттердің түзілуімен қатар жүретін несептас ауруын емдеуде, - гиперурикозурия аясында аралас кальций-оксалатты конкременттердің түзілуімен қатар жүретін қайталанатын несептас ауруында сұйықтықты көп қабылдау, диета және басқа әдістер тиімсіз болғанда профилактикалау мен емдеуде.

Подагараны емдеу үшін колданылатын заттар катарына несеп кышқылынын мөлшерін төмендететін препараттар және қабынуға қарсы заттар жатады. Несеп қышқылынын кандағы мөлшерінекі жолмен төмендететуге болады: 1)несеп кышқылының агзадан шыгарылуын жоғарылату арқылы; 2)несеп кышкылының түзілуін тежеу арқылы. Несеп қышкылының агзадан шыгарылу ына ыкпал ететін препараттарды урикозуриялық заттар деп атайды. Оларга антуран, этамид, пробенецид, бензбромарон жатады. Оларды подагра үстамасын алдын-алу үшін колданады.

Сульфинпиразон (антуран) пиразолон туындысы болыптабылады. Үлкен мөлшерде проксималды бүйрек өзекшелерінде несеп кышкылының реабсорбциясын тежеп, оның зәрмен шыгарылуын жоғарылатады. Аз мөлшерде несеп кышқылын ағзада ұстап, оның секрециясын төмендетеді. Сонымен катар бензилпенициллинің бүйрек арқылы шығарылуын (секрециясын) азайтады. Бұрында айтылгандай, сульфинпиразон тромбоциттер афегациясын төмендетеді Асказанішек жолыда жақсы сіңіріледі. Әсерініңұзактыгы 10 сағатка жуық. Препарат және оның метаболиттері бүйрек аркылы шығарылады. Жанама әсерлеріне көбінесе асказан-ішек жолына тітіркендіргіш әсері тән (сондыктан препаратты тағаммен кабылдаған жөн), аллергиялык реакциялар дамуы, зәр шыгару жолдарында тастың түзілуі мүмкін, сирек қан түзуді тежейді.

Урикозуриялық механизмі ұксас препараттар –п р о б е н е ц и д және э т а м и д. Соныменкатар, екі препаратта, антуран сияқты бүйрек өзекшелеріне секреция жолымен бөлінетін бензилпенициллиннін және біркатар заттардың шыгарылуын азайтады. Пробенецид бензой кышкылыны туындысы. Ол энтералды енгізгенде жаксы сіңіріледі. Қан сарысуында жоғары концентрациясы шамамен 3 сағаттан кейін жиналады. Ұзак әсер етеді (қан сарысуындағы концентрациясының 50%-ке төмендеуі 8-10 сагаттан кейін жүреді). Препараттың үлкен мөлшері қан сарысуы белоктарымен байланысады. Ол бүйрек арқылы, негізінен секреция жолымен шыгарылады. Пробенецид асқазан-ішек жолын тітіркендіруі, терілік аллергиялык реакциялар және бүйректе тас түзілуін шақыруы мүмкін. Этамид те бензой қышқылы туындыларының қатарына жатады. Құрылымы бойынша пробенецидке ұксас. Ішектен жаксы сіңіріледі.

Назарыңызға рахмет!