Қазақстан-Ресей медициналық университеті Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы Орындаған: Найзабек Ақтоты Топ: 402 «Б» СӨЖ Тақырыбы: «Токсокароз»

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Advertisements

Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
СӨЖ ТАҚЫРЫП 1.1:ГАСТРОЭЗОФАГАЛЬДЫ РЕФЛЮКС АУРУЫНЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АЛГОРИТМІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті Тақырыбы: Баяу дамитын вирустық инфекциялар және прионды аурулар Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті Тақырыбы:
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлық дистресс синдром Этиологиясы мен клиникасы Емі Қорытынды.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты- патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 2 Ішкі аурулар кафедрасы. СӨЖ: Крон ауруының диагностика алгоритмі. Орындаған: Муханова М.М. Тексерген: Серикбаева.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Europe and Eurasia Regional Family Planning Activity С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра : Акушерия және Гинекология. Тақырыбы.
Талшықтылар мен споровиктер класс өкілдері тудыратын аурулардың патогенезі, диагностикасы мен профилактикасы Орындағандар: Үсенова Ақбөпе, Даулетқалиева.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 1 Ішкі аурулар кафедрасы Жүйелі қызыл жегі Склеродермия Дерматомиозит Қабылдаған: Тауешева З.Б. Орындаған:
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Транксрипт:

Қазақстан-Ресей медициналық университеті Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы Орындаған: Найзабек Ақтоты Топ: 402 «Б» СӨЖ Тақырыбы: «Токсокароз»

Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Этиологиясы Патогенезі Клиникалық көріністері Диагностика Емі Профилактикасы

Токсокароз – ауыр зоонозды паразитарлық аурулардың бірі. Нематода үй жануарларының, әсіресе иттің ішегінде тіршілік етеді. Сонғы жылдары иттер санының көбеюі және олардың қоршаған ортаны ластауы байқалады. Бұл ауру әлемнің көптеген елдерінде медицина-санитарлық мәселеге айналды. Иттердің 21,9%-ң заладануы манызды экологиялық мәселе болып табылады. Тұрғындар арасында 10,1%-ын 4-10 жастағы балалар құрайды. Бұл саябақтардың, ойын алаңдарының токсокаралардың паразиттік жұмыртқаларымен ластануынан болады. Токсакароз кен профильді дәрігер мамандарыдың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл аурудың мәселесі педиатрлар, терапевтер, инфекционисттер, сонымен қатар окулисттер, невропатологтар және соның ішінде жанұя дәрігерлері үшін манызды болып саналады. Патологиялық үрдіс әр мүшеде әр түрлі симптомдармен білінеді

Этиологиясы Токсокароз қоздырғышы Anisakidae тұқымдастығы, Toxocara stiles туыстастығына жатады Токсокараның 2 түрі белгілі: 1. Toxocara canis (гелминт, иттер, түлкілер және қасқырлар организмінде тіршілік етеді) 2. Toxocara mystax (мысық тұқымдастарға тән)

Патогенезі Адам T. саnis қоздырғышының факультативті иесі болып табылады. Бұл гельминт тек дернәсіл түрінде паразиттейді. Жұмыртқалары ауызға ластанған топырақпен, жеміс- жидектермен және көкөністермен түсуі мүмкін. Піспеген және жеткіліксіз термиялық өндеуден өтпеген ет тағамдарымен жұғуы да мүмкін. Токсокароздың жүкті және емізуші әйелдердің трансплацентарлы және трансмамиллярлы жолмен берілетіні дәлелденген. Адам ауруды пероральді жолмен жұқтырғанда токсокараның инвазияланған жұмыртқалары асқазанға түседі, ащы ішектің проксимальді бөлігінде олардан дернәсіл шығады. Дернәсілдер ішектің шырышты қабатынан қанға, одан бауырға, содан кейін жүректің оң жағына өтеді. Өкпе артериаларына түскен дернәсілдер өкпе капилярларынан өкпе венасына өтіп, жүректің сол бөлігіне жетеді де артериялар арқылы мүшелер мен тіндерге жетеді. Тар капиллярларға түскен дернәсілдер миграция үрдісінің нәтижесінде паренхималық мүшелерде (бауыр, өкпе, ұйқы безі, қанқа бұлшықеті, ми, көз, т.б.) тұрып қалады. Олар өспейді, өзгермейді, бірақ ұзақ айлар, жылдар бойы тіршілігін сақтайды. Ағзаның қорғаныштық қызметі әлсірегенде дернәсілдердің белсенуі және миграциясыныі жалғасуы мүмкін. Бірнеше уаыттан кейін дернәсілдер инкапсуляциаланып өлімге ұшырайды.

Клиникасы Зақымдану интенсивтілігі, дернәсілдердің адам организімінде таралуы, оның иммунологиялық статусы клиникалық көріністерінің әртүрлігінің және инвазия ауырлығының себепшісі болып табылады. Висцеральді және көз таксокорозын ажыратамыз. Висцеральді токсокароз көбіне 1,5-4 жас аралығындағы балаларда кездеседі, ересектер сирек шалдығады және оларда ауру жеңіл түрде өтеді. Температура, көбінесе субфебрильді, сирек фебрильді, тәуліктің екінші жартысында немесе кешкі уақытта байқалады, жоғарғы деңгейге дейін көтеріліп, төмендегенде айқын тершеңдікпен сипатталады. Өкпенің зақымдалу синдромын катаральді синдроммен, бронхитпен, бронхопневмониямен, демікпемен көрінеді. Кейбір науқас балаларда түнгі жөтел ұстамасы кездеседі, ентігу, асматикалық тыныс алу байқалады, аускультацияда құрғақ немесе ылғалды сырыл естіледі. Рентгенологиялық зерттеу арқылы «ұшқыш» инфильтраттар көруге болады.

Жиі кездесетін белгі – гепатомегалия, бірақ интенсивті емес инвазияда байқалмауы да мүмкін. Науқастардың жартысында көкбауырдың ұлғаюы, сонымен қатар, лимфалық түйіндердің де ұлғаюы байқалады. Кейбір науқастарда токсокароз абдоминальді синдроммен өтеді: науқастар іштің ауыру сезіміне, құсуға, жүрек айнуына, метеоризмге, іш өтуіне шағымданады. Сирек жағдайда орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы кездеседі: тітіркенгіштік, тұстің нашарлауы және бас миының ошақты зақымдалуының басқа белгілері.

Көздік токсокароз: көздің шыны тәрізді денесінде гранулема, созылмалы эндофтальмит, абцесс дамиды.

Диагностика Висцеральды токсокароздың арнайы өзіне тән белгілері болмағандықтан клиникалық диагноз қою қиынға түседі. Диагностикасында иммунологиялық әдіс маңызды орын алады. Ең алдымен серологиялық реакциялар ИФА және РЕМА. Бұл әдістерге жоғары сезімталдық және арнайылыққа тән. Токсокароздың клиникалық көріністері мен эозинофилилдер деңгейінің және арнайы антиденелер тирінің арасында корелляция байқалады. РЕМА сынамасының 1:800-ден астам титрі ауру туралы мәлімет береді. Ал егер титр 1:200-1:400 болса, токсокаратасымалдаушылықтың айқын емес үрдісін көрсетеді. Токсокароз диагнозын лаборатория емес, емдеуші дәрігер клиникалық көріністеріне баға бере отырып, салыстырмалы диагностика өткізіп, ауру белгілеріне сай басқа мамандарды кеңесін ескере отырып, қояды.

Емі Токсопароздың емінде минтезол (тиабендазол) қолданылады. Емінің ұзақтығы 5-10 күнге жалғасады, мөлшері – мл/кг, тәулігіне 2 рет 100 мг-нан, 2-4 апта тағайындалады. Ересектерге кейде тәуліктік мөлшерді 300 мг-ға дейін көбейтіледі, 2-6 мг/кг дитразин цитраты 2-4 аптаға тағайындалады. Альбендазол: күнге 10 мг/кг. Вермокс назначают по 100 мг 2 раза в сутки в течение 2-4 нед. Этиотропты препараттармен қоса, антигистаминді препарат тағайындалады

Профилактика Жеке бас гигиенасын сақтау, топырақпен және жануарлармен контакта болған соң қолды жуу, қалалық жерлерде ит, мысық нәжісімен ластануын гелминтизация арқылы алдын-алу. Жеміс-жидектерді мұқиат тазалап жуып пайдалану.