2008г. ©

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Advertisements

148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Ордабасы ауданы Бадам елді мекені С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі Информатика пән мұғалімі Жайықбаева Айнұр Сырғабайқызы.
Ордабасы ауданы Бадам елді мекені С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі Информатика пән мұғалімі Жайықбаева Айнұр Сырғабайқызы.
Информатика деп 1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және.
12 сынып 1 сынып. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын.
Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.
1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері. 2. Алгоритмнің берілу тәсілдері. 5 ДӘРІС Алгоритм ұғымы, қасиеттері және бейнелеу әдістері.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Орындаған: Байзақ Е. Қабылдаған: Есжанов Ғ. Тобы: 101 «Б»ФӨТ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.
Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму.
Өзін-өзі тану пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру Дайындаған: А.Елжасарова мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Орындаған: Аманбаева Н. Р. Тексерген: Айдаралиева З.Д.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Экономика Экономика –қоғамдық және жеке кажеттліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктер үшін жасалатын адам қызметінің бөлімі.
Транксрипт:

2008г. ©

Дүниежүзінде ғаламат мол ақпарат жинақталды. Адамзаттың жалпы білім жиынтығы бұрын өте баяу өсетін. Бірақ 1900 жылдан бастап ол әрбір 50 жылда, 1950 жылдан әрбір 10 жылда, 1970 жылдан – әрбір 5 жылда, ал 1990 жылдан – жылма-жыл екі еселеніп отырды. Қоғам мен өндірісте ақпаратты үстемелей пайдалану және ақпараттық технологиялардың өте жедел даму процесі «Ақпараттық төңкеріс" деп аталады.

Ақпараттындыру Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса керек. Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі. Ақпараттандыру Ақпараттандыру – қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі. Бұл қазіргі қоғам дамуындағы ең қажетті де кезек күттірмес мәселе.

Қоғамды компьютерлендіру кезеңінде әсіресе компьютерлердің техникалық базасын жаңалау мен енгізуге күш салынады. Бұл ақпараттың сапалы жинақталуы мен өңделуіне тиімді жағыдай жасайды.

ақпараттық қоғам. Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологиялардың жедел дамуы ақпараттың түрлерін кеңінен пайдаланатын қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл – ақпараттық қоғам. Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері: Ақпарат тасқыны мен оның қолжетімділігі сәйкестендірілді; Ақпаратқа барлық салаларда басымдылық берілді; Ақпараттық экономика негізгі бағыт болып айқындалды; Ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп, дүниежүзілік үрдіс болып қалыптасты; Адамзат өркениетінің біртұтас ақпараттық кеңістігі қалыптасуда; Қоғамды басқарудың және қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-адамгершіліктік қағидалары орнатылуда.

Ақпараттық мәдениет Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өңдеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологияларды, техникалық құрал- саймандар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт-бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі адам ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады. Ақпараттық мәдениет адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты. Ол адамның түрлі жасампаздық қабілеттерінің өнімі болып табылады және әр түрде байқалады:

Техникалық құралдарды қолдану дағдыларымен; Өз қызметінде компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалану қабілетінен; Түрлі көздерден ақпарат ала білуі: БАҚ-тан ғана емес, электрондық коммуникациялық құралдардан да, оны түсінікті түрде тиімді пайдалана білуі; Ақпаратты талдап, сараптау әдістерін меңгергендігімен; Ақпараттың әр түрімен жұмыс істей білу дағдыларымен; Өз қызмет саласындағы ақпарат ағынының ерекшеліктерін жақсы білуімен.

Ақпараттық процестер Ақпараттық процестер – ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және тасымалдау әрекеттері. Ақпараттық процесс Ақпараттық процесс – ақпаратпен жүргізілетін әрекеттер тізбегі (деректер түрінде, мәліметтер, идеялар, болжамдар, теориялар және т.б.), бұл әрекеттер белгілі бір нәтижелерге жету үшін жасалады. Ақпараттық процестердің негізгі нысаны және өнімі - ақпарат. Ақпараттық процестер әрқашан белгілі бір жүйелерде жүреді (қоғамдық, әлеуметтік, техникалық, биологиялық және т.б.).

Ақпаратты жасау Ақпаратты өңдеу Ақпаратты сақтау Ақпаратты тасымалдау Ақпаратты іздеу Ақпаратты кодтау - бұл ақпаратты түрлендіруге байланысты кез-келген процестер.

Ақпараттық қызмет Ақпаратты өңдеу шаралары Ақпараттық қызмет – ақпаратты өңдеу және тасымалдау қызметі. Ақпаратты өңдеу шаралары – ақпаратты өңдеп, тасымалдауға, яғни ақпараттық қызмет көрсетуге арналған техникалық құралдарды жасау және дайындау.

Ақпараттық өнім Ақпараттық өнім – рәсімделген, пайдаланушының қажетіне сай товар түрінде құжатталып дайындалған ақпарат. Бағдарламалар, деректер қоры және басқа да сұранысқа ие нысандар ақпараттық өнім деп саналады.

Ақпараттық ресурстар қоғамның интеллектуалдық қорына кіреді, олар адамзаттың ғылыми-қоғамдық және тарихи маңызы зор және болашақ ұрпаққа берілетін ақпараттар қоры деп сақталады.

Мемлекеттік ашық ақпарат ресурстары мыналар: Заңнамалық және нормативтік актілер; Төтенше жағдайлар туралы құжаттар; Мемлекеттік мекемелердің қызметі жөніндегі құжаттар, экономикалық және саяси-қоғамдық маңызы бар ақпараттар; Кітапханаларда, мұрағаттарда және мемлекеттік Мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақталған ақпараттар.

Ақпараттық жүйелер (АЖ) Үлкен көлемді ақпаратты сақтап, іздеуге, өңдеуге және тасымалдауға арналған арнайы компьютерлік жүйе. Ақпараттық жүйелер (АЖ) АЖ типтері Техника- лық база ДК, жұмыс станциялары Локал желілер дүниежүзілік желілер Оқыту жүйелері Басқару жүйелері Іздеу жүйелері САПР Бағалау жүйелері

Ақпараттық-құқықтық жүйелер Геоақпараттық жүйелер Экономикалық-қаржылық жүйелер Техникалық-жобалау жүйелері Ғылыми-техникалық жүйелер Оқу-білімдік жүйелер

Ақпараттық өндіріс Ақпараттық өндіріс – ақпараттық технологияларды пайдаланып ақпараттық товарлар мен қызметтерді өндіру. Ақпараттық өндіріс есептегіш техника мен ақпаратты да өндіреді.

Ақпараттық технология компьютерлік технологияқолданбалы информатика Ақпараттық технология деген нақты техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы, оның көмегімен біз өміріміз бен қызметтің барлық салаларында түрлі ақпараттарды өңдеу амалдарын орындай аламыз. Ақпараттық технологияны басқаша компьютерлік технология немесе қолданбалы информатика деп атайды.

Информатикада еңбек құралы ретінде есептегіш техниканың аппараттық және бағдарламалық құралдары қолданылады, ал шикізат ретінде – ақпарат тасымалдағыштар мен деректердің құрылымдары пайдаланылады. Ақпараттық технология – ақпараттық процесс, оның нәтижесінде ақпараттық өнім жасалады. Коммуникациялық технологиялар да – ақпараттық процесс, мұның нәтижесінде ақпаратты тасымалдау мен алмасу жүзеге асады. Мысалы, электрондық құжат айналымы, деректер қоры технологиялары, коммуникациялық технологиялар, бағдарламалау технологиялары, компьютерлік графика технологиялары және т.б.

Ғаламторға өзіңіз туралы жеке деректерді ата-ананың рұқсатынсыз бермеңіз (тегіңіз, телефон нөмірі, мекенжай, мектеп нөмірі).Ғаламторға өзіңіз туралы жеке деректерді ата-ананың рұқсатынсыз бермеңіз (тегіңіз, телефон нөмірі, мекенжай, мектеп нөмірі). Ғаламтордағы танысыңызбен өмірде кездесемін деген дұрыс емес, оны ата- анамен ақылдасыңыз.Ғаламтордағы танысыңызбен өмірде кездесемін деген дұрыс емес, оны ата- анамен ақылдасыңыз. Таныс емес адамдардан келген электрондық хаттарды ашып оқымаңыз.Таныс емес адамдардан келген электрондық хаттарды ашып оқымаңыз. Өз парольдеріңізді үйдегі үлкендерден басқа ешкімге бермеңіз.Өз парольдеріңізді үйдегі үлкендерден басқа ешкімге бермеңіз. Ешқашан отбасыңызға қаражаттық шығын келтіретін бөтен іске ұрынбаңыз.Ешқашан отбасыңызға қаражаттық шығын келтіретін бөтен іске ұрынбаңыз. Электрондық байланыста мәдениетті болыңыз, сонда басқалар да сізбен солай сөйлеседі.Электрондық байланыста мәдениетті болыңыз, сонда басқалар да сізбен солай сөйлеседі. Электрондық хаттарды ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН жазбаңыз – бұл ғаламторда айқай деп қабылданады, оны ешкім жақтырмайды.Электрондық хаттарды ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН жазбаңыз – бұл ғаламторда айқай деп қабылданады, оны ешкім жақтырмайды. Хатпен үлкен көлемді ақпарат жібермеңіз (сурет, видео және с.с.), алдын-ала оны қабылдап алатын адамнан келісім сұраңыз.Хатпен үлкен көлемді ақпарат жібермеңіз (сурет, видео және с.с.), алдын-ала оны қабылдап алатын адамнан келісім сұраңыз. Таныс емес адамдарға хаттарды жібермеңіз, ол спам деп қабылданады. Кейін поштаңызды жауып тастауы мүмкін.Таныс емес адамдарға хаттарды жібермеңіз, ол спам деп қабылданады. Кейін поштаңызды жауып тастауы мүмкін. Ғаламторда сізбен қалай сөйлескенін қаласаңыз, сіз де өзіңізді солай ұстаңыз!Ғаламторда сізбен қалай сөйлескенін қаласаңыз, сіз де өзіңізді солай ұстаңыз!

Әркімнің жеке ақпараттық кеңістігіне бөтен біреулердің сырттан қол сұғу қаупі мынадай болуы мүмкін: Электрондық хаттарды қолға түсіру; Электромагниттік толқындарды ұстап алу; Тыңшы құралдарды қолдану; Қашықтан суретке түсіріп алу; Дыбыс толқындарын ұстап алып, принтердің басқан мәтінін қайта тіктеп алу; Ақпарат тасымалдағыштар мен өндіріс қалдықтарын ұрлау; Пайдаланушылардың деректерін ұрлау; Компьютер жадынан ақпарат ұрлау; Ақпарат тасымалдағыштардың қорғанысын бұзып, көшірмесін алу; Тіркеуден өткен пайдаланушы роліне жасырыну; Компьютердегі жүйенің қызметін ұрланып пайдалану; Бағдарламалық қақпандарды пайдалану; Компьютер операциялық жүйесінің кемшіліктерін пайдалану; Компьютерге «троян аты» атты тыңшы, ұрлағыш зиянкес бағдарламаларды жасырын орналастыру.

Қауіпсіздіктің түрлі механизмдері бар: шифрлау; цифрлық (электрондық) қол қою; Кіруді бақылау; Деректердің біртұтастығын сақтау; Бірегейлікті қамтамасыз ету; Трафикті қадағалау; Маршрутизацияны басқару; арбитраж (куәландыру). Деректерді қорғаудың барлық құралдары мына топтарға жатқызылады: Компьютердің аппараттық бөлігін қорғау; Байланыс желісін қорғау; Деректер қорын қорғау; Компьютерді басқару жүйесін қорғау.

Коммуникативтік дағдылар Тиімді бақылау, салыстыру, талдау, сараптау қабілеті Ақпаратты әр түрде және пішімде ұсыну дағдылары Қоршаған ортадағы құбылыстардың ақпараттық модельдерін жасай білу Ақпараттану әдістерін игеру, мысалы формалдандыру және модельдеу Қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен жүйелер, басқару және танымдық процестер, ақпараттық қоғамдағы адамның түрлі қызметтері туралы білу Өздігінен оқу дағдылары