Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемКамшат Шуканова
1 Туберкулез
2 Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру.
3 Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді.
4 Эпидемиологиясы Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.
5 Патогенез. Кох таяқшалары организмге жоғарғы тыныс жолдары,ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы еніп, қанға және лимфаға өтеді. Осы бактериемия 8 күннен 11 айға дейін белгі бермей созылуы мүмкін.
6 Жіктелуі. 1.Туберкез интоксикациясы: А) ерте туберкулез интоксикациясы; Б) кеш туберкулез интоксикациясы; 2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі: А) біріншілік туберкулездік жиынтық; Б) өкпенің ошақты туберкулезі; В) өкпенің инфильтративті туберкулезі; Г) туберкулездік бронхоаденит; Д) туберкулездік плеврит; Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі; 3.Басқа ағзалардың туберкулезі: А) сүйек туберкулезі; Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі; В) туберкулездік менингит; Г) тері қабатының туберкулезі; Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;
7 Ерте туберкулез интоксикациясында:бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температура байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға дейін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе туберкулездің басқа түріне айналып асқынады.
8 Біріншілік туберкулездік жиынтық- туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы(Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар,қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.Ауру интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С),кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар. Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағын көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне әкеледі.
9 Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх лимфа түйіндеріне көре аламыз.
10 Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады. Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.
11 Туберкулездік плеврит. Туберкулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы С баланың көкірегі, бүйірі шаншып ауырады.Зақымданған жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын ести алмаймыз. Рентгенограммада - өкпе ткані көрінбейді.
12 Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі. Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын егу арқылы туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникасы: байқалмас баланың қатты басы ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет тонусының жоғарылауы анықталады. Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер – желке бұлшық еттерінің тартылуы( Керниг – Брудзинский симптомы).Диагнозды анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығын тексеру, немесе Манту белгісін қою көмектеседі.Жұлын-ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% ге дейін, ( норма 0,2-0,3%), дейін лимфоцитті лейкоцитоз анықталады
13 Диагноз қою. Мұқият анамнез жинау; аурудың клиникалық белгілерін ескеру; лабораториялық зерттеулерге сүйену: қанның, зәрдің жалпы анализдері; қақырықтың, жұлын сұйықтығының бактериологиялық тексерістері; рентгенография, рентгеноскопия, томография, флюрография туберкулинодиагностика: манту белгісін қою.
14 Манту белгісін қою үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің іщкі жағының ортаңғы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1 мл дозада егу түрінде жүргіземіз. Белгі дұрыс қойылса, егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік ( папула) пайда болады. Манту белгісінің нәтижесі сағаттан кейін оқылады. Ол үшін, мөлдір пластмасса сызғышпен егілген жердегі пайда болған ісік (папула) немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек.
15 Манту белгісінің нәтижелері: Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай – диаметрі 1 мм екені анықталса, бұл теріс нәтиже болып саналады. Папуланың диаметрі – 2-4 мм болса немесе папула жоқ, тек қана қызару аныкталса, бұл күмәнді нәтиже. Папуланың диаметрі – 5 мм және одан жоғары болса оң нәтиже. Папуланың диаметрі 17 мм – ден де жоғары болса гиперергиялық реакция болып табылады. Туберкулез белгілері болмай, бірақ манту белгісі өмірінде бірінші рет оң нәтиже берген жағдайды вираж деп атайды. Бұл балалар диспансерлік есепке алынып 3 ай бойы тубазид немесе изониазидпен химиопрофилактика жүргізіледі. 1 жылдан соң қайта манту белгісі қойылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда диспансерлік бақылаудан алынады. Оң болған жағдайда баланы толық тексеріп, диагноз қойылып емделінеді.
16 Емдеу. Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.
17 Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол. 2.Витаминдер Қан, плазма құю Кортикостероидтар
18 ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стре Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды птомицин, E- этамбутол.
19 Аурудан жазылған балалардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.
20 Туберкулездың арнайы алдын алуы: Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі. БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.
21 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.