Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемЖанна Айткужина
1 «Астана медицина университеті» АҚ Астана 2015 жыл Тақырыбы: «Анатомиялық зерттеу тәсілдері» Орындаған: Айткужина Ж.А Тексерген: Буршакбаев Адильжан
2 Жоспар: 1.Анатомия 2.Анатомия салалары. 3.Анатомиялық зерттеу тәсілдері. 4.Анатомия ғылымының қысқаша тарихы 5.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3 Анатомия (гр. να - үстінен + гр. τέμνω- кесем бөлшектеу, кесу, іреу) тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.гр. тірі Анатомия Анатомия зерттеу нысандарына байланысты: жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді.жануарлар Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.адам
4 Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелі анатомия адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер, бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;адамжануарларсүйектер мүсіндік (пластикалық) анатомия адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;адамжануарлар топографиялық анатомия адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;адамжануарлар салыстырмалы анатомия әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді; түр анатомиясы жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды; түқым анатомиясы мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді; жас анатомиясы жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;құрылымдық қалыпты анатомия ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;адамжануарларқұрылысын сырқаттық (патологиялық) анатомия ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;құрылысын микроскопиялық анатомия жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.жануарларқұрылысын
5 Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады: остеология сүйектер жүйесі туралы ілімсүйектер синдесмология сүйектер байланыстары туралы ілімсүйектер миология - бұлшықеттер туралы ілім дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім спланхнология ішкі ағзалар туралы ілім эндокринология ішкі секреция бездері туралы ілім ангиология тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім неврология жүйке жүйесі туралы ілім эстезиология сезім мүшелері туралы ілім.
6 Анатомиялық зерттеу тәсілдері Адам денесін әр тұрғыдан зерттеу Өлі организмді зерттеу: кескілеу мацирациялық макроскопия микроскопия инъекциялық әдіс коррозиялық әдіс гистология цитология Тірі организмді зерттеу: адам денесін тексеру пальпация перкуссия аускультация рентгенография рентгеноскопия эндоскопия, эхолокация (УЗИ) компьютерлік томография магниттік-резонанстық томография антропометрия
7 Бальзамдау мәйітті ұзақ сақтау үшін шірітпейтін заттармен өңдеу. Бальзамдау үшін шіріткіш микроорганизмдерді жоятын және тіндердегі ферменттердің әрекетін тоқтататын заттар қолданылады. Мәйіт ғылыми және сот медицинасы үшін, қаза болған адамның денесін зарарсыздандыру, алыс жерге тасымалдау немесе ұзақ сақтау үшін бальзамдалады. Алғаш бальзамдауды ертедегі мысырлықтар қолданған. Олар өздерінің діни көзқарастарына байланысты өлген адамды жерлемейтін болған. Бірақ олардың бальзамдау тәсілдері туралы деректер бізге толық жетпеген. Грек ғалымы Геродот Египеттегі бальзамдау тәсілдерін сипаттаған: өлген адамның миы темір ілгекпен мұрын қуысы арқылы шығарылып, бас сауытына еріген шайыр құйылған; ішек-қарын алып тасталып, іш қуысы пальма арағымен жуылған; камедь желімі сіңген дәкемен оралған денені кептірген. Еуропада ғасырларда бальзамдау үшін тұз, алоэ, ашудас, терпентин, иісті шайырлар қоспасы, ал 18 ғасырда шарап спирті қолданылды. 19 ғасырда химия ғылымының дамуына байланысты бальзамдау үшін алмас, күшәлә, ашудас, эфир, хлорлы мырыш, хлороформ, глицерин, креозот, камфора, тимол қоспалары қолданыла бастады. Әсіресе, 1859 жылы.М.Бутлеров ашқан формальдегидтің мәні зор болды. Формальдегидтің судағы ерітіндісі (формалин) тіндерді қатайтып, микроорганизмдерді өлтіретін, ондағы ферменттердің әрекетін тоқтататын өте арзан зат болып шықты. Мәйіт кейпін өзгертпей, ұзақ уақыт сақтау үшін формалин, спирт, глицерин және сірке қышқыл калийдің судағы ерітіндісі қолданылады. Мәйітті алыс жерге апару, уақытша сақтау және зарарсыздандыру үшін 67 л 1020%-тік формалин ерітіндісін шприцпен қолқаға, күре тамырларға жібереді. Кейде мәйітті бальзамдық сұйық құйылған ваннада да сақтайды
8 ГиппократЛеонардо да ВинчиУ. Гарвей Анатомия ғылымының қысқаша тарихы
9 М. В. Ломоносов Ж. Б. ЛамаркЧ. Дарвин
10 И. И. Мечников К. Линней Әбу Әли ибн Сина
11 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.kk.wikipedia.org 2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. 3.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.