Cабақтың тақырыбы : Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау Қаңтардың жиырма бесі Оқушыларды Ұлттық Бірыңғай тестке дайындау әдістері.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Елін сүйген,елі сүйген Елбасы 4 Тапсырмалар елі Ғ ажайыптар елі 2 Ал ғ ырлар елі Ережелер елі.
Advertisements

ТҮСІНДІРМЕЛІ САЛАЛАС. Құрмалас сөйлем Құрмалас сөйлем (кемінде 2 жай сөйлем, күрделі ой) (кемінде 2 жай сөйлем, күрделі ой) ұласпалы интонация жалғаулық.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Еркегүл Ахытқызы Ақмола облысы Астрахан ауданы Астрахан 1 орта мектебі.
Шымкент қаласы 51 жалпы орта мектеп Торғаутова Хализа Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақтас құрмалас 6 түрге бөлінеді: 1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем 2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем 3. Себеп бағыныңқы сабақтас.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
Сабақтас құрмалас сөйлем. ( Сложно подчиненные предложения ).
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Сипитанова Зауреш Мусақызы.
3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен КММ 3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен КММ Педагог- психолог: Айнұр Амангелдіқызы.
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А.Ысқақов.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
«Ғасырдың ғаламат ақыны» (Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 70 жыл) ( Поэзия кеші )
Ата-аналарға арналған тренинг. Тренингтің міндеттері: Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту; Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну; Баламен өзара әрекеттің.
Туған жерім, тұғырым- Қазақстан (интеллектуалды ойын)
Тақырып: Жылу құбылыстары. 1-тарау 9-сағат. Панорамалық сабақ Қалекеева Ұлман Физика пәні мұғалімі.
Жамбыл Жабаев ( ). Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Транксрипт:

Cабақтың тақырыбы : Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау Қаңтардың жиырма бесі Оқушыларды Ұлттық Бірыңғай тестке дайындау әдістері 28 А қ бай жалпы орта мектебі Қ аза қ тілі п ә ніні ң м ұғ алімі: Утеулиева Ж

Сабақтың мақсаты: Білімділік : Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілерін саналы меңгерту мақсатында тест әдістерін тиімді қолдану, оқу – танымдық қабілеттерін арттыру. Дамытушылық : Оқушылардың Ұлттық Бірыңғай тестке дайындық кезіндегі сенімділігін, ерік дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау. Тәрбиелік : Мемлекеттік тілді құрметтеуге, рухани адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Қанатты сөз Өзіңді – өзің бағалай біл ! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді. Л. Вовенарг.

Тіке жауап тест 1. Синтаксис нені зерттейді? 2. Сөйлем дегеніміз не? 3. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? 4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 5. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар? 6. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 7. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?

Синтаксис Жай с ө йлем С ө йлем Құ рмалас с ө йлем Салалас Саба қ тасАралас Шартты ба ғ ыны ңқ ы Себеп ба ғ ыны ңқ ы Мезгіл ба ғ ыны ңқ ы Ма қ сат ба ғ ыны ңқ ы Қ имыл-сын ба ғ ыны ңқ ы Қ арсылы қ ты ба ғ ыны ңқ ы саба қ тас құ рмалас с ө йлем

Жабық тест 1. Сабақтас құрмаласты көрсет. А ) Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеме келмейді. В ) Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болмады. С ) Қоңырау соғылған соң, балалар мектепке кірді. Д ) Абай ұзақ тыңдады. Е ) Жаңбыр жауды, от та өшті. 2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсет. А ) Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті. В ) Амантайды Балтабек танитын, бірақ Ботакөз танымайтын еді. С ) Қар жауды, күн суытты. Д ) Амантайды Балтабек танығанмен, Ботакөз танымайтын еді. Е ) Жақсы дос үшін жан пида. 3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сұрақтарын тап. А ) қайтсе ? не етсе ? В ) қайтіп ? не етіп ? С ) қайтсе де ? Не етсе де ? Қайткенмен ? Д ) қашан ? қашанға шейін ? Е ) неліктен ? не себепті ? Неге ? 4. Шартты бағыныңқы сабақтасты тап. А ) Қыс келгенмен, қар жаумады. В ) Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға жылжи алмайды. С ) Таң ата олар жолға шықты. Д ) Ол сәл ширақ басып, бізден озып кетті. Е ) Ол қалаға кеше келген, бірақ баратын жерінің мекен жайы өзгеріп кетіпті. 5. Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы. А ) Екі жай сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады. В ) Жай сөйлемдер бір – біріне тәуелді. С ) Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады. Д ) Өзара тең дәрежеде байланысады. Е ) Бір ғана ойды білдіреді. 6. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас жасайтын жұрнақтарды көрсет. А ) – май, - мей, - пай. В ) – ғанда, - генде, - кенде. С ) – ғанмен, - генмен, - қанмен. Д ) – ып, - іп, - п. Е ) – қаннан, - кеннен. 7. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты тап. А ) Мен айтқанда, Ербол жазды В ) Сабақ оқығанда, бес алар едің. С ) Шаршап келгендіктен, жөнді сөйлеспеді. Д ) Тоқашты іздеп, ертеңіне екеуі қалаға барды. Е ) Ол келді де, есікті ашты. 8. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты тап. А ) Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті. В ) Ол үйге кіре сала, Оспанды іздеді. С ) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді. Д ) Жүре берсең, көре бересің. Е ) Қуаты – ақындық, үміті – халық. 9. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты тап : А ) Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме. В ) Тәуелдікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле. С ) Құс жоғары – төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді. Д ) Ол әбден әлсірепті. Е ) Оның айтқаны болмаса, бұл іске қатысы жоқ. 10. Салалас құрмаласты тап. А ) Көшеде қыбыр еткен жан жоқ. В ) Жауған оқ бесеңдеді, жым – жырт бола қалды. С ) Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Д ) Аузын ашып, айбат шекті. Е ) Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.

1. А 2. Д 3. С 4. В 5. С 6. С 7. А 8. А 9. Е 10. В

2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсет : А ) Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті. В ) Амантайды Балтабек танитын, бірақ Ботакөз танымайтын еді. С ) Қар жауды, күн суытты. Д ) Амантайды Балтабек танығанмен, Ботакөз танымайтын еді. Е ) Жақсы дос үшін жан пида.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Амантайды Балтабек танитын, бірақ Ботакөз танымайтын еді. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас Қайткенмен Ботакөз танымайтын еді ? Амантайды Балтабек танығанмен, Ботакөз танымайтын еді. Ботакөз танымайтын еді.

Венн диаграммасы 1. Құ рамында ғ ы жай с ө йлемдеріні ң баяндауыштары тияна қ ты 2. Жай с ө йлемдері ө зара іргелес т ұ рып та, жал ғ аулы қ шылаулар ар қ ылы да байланыса береді 1.Бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз. 2.Бағыныңқы сөйлемі арнаулы сұраққа жауап береді. 3.Құрмаласу тәсілі болады. 4. Баяндауышына жұрнақ жалғану арқылы жасалады Екеуі де құрмалас сөйлем. Екеуі де қарсылықты мағынаны білдіреді.

Қарсылықты салаластың жалғаулық шылаулары Бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сөйтсе де, сөйткенмен, сонда да

Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз. Сұрақтары : қайтсе де ? не етсе де ? қайткенмен ? Не еткенмен ?

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады : 1.- са да, - се де 2.- ғанмен, - генмен, - қанмен, - кенмен 3.(- а,- е,- й ) + тұра 4.(- ғанына,- геніне,- қанына, кеніне ) + қарамай, қарамастан 5.(- ғаны,- гені, - қаны,- кені )+ болмаса 6.- ғанша, - генше,- қанша,- кенше

Толықтыру тест 1. Көктем бол…. 2. Көктем бол…. 3. Көктем бол ….. 4. Көктем бол….. күн әлі жылынбады. 5. Көктем бол…. 6. Көктем бол…..,

Психологиялық үзілі с Психологиялық үзілі с - Мен ақылдымын. - Менің жаным тыныш. - Мен қиындықтан қорықпаймын. - Мен жаспын, қандай әдемімін. - Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді. - Маған сенімділік күш береді. - Мен дайынмын.

Құрмаластың түрлері Мысалдар Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас Қарсылықты салалас құрмалас Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас 1Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім. 2Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. 3Мен айтқаннан бері, ол жазып жүр 4Жақсы оқысам, грантқа түсемін. 5Қайта-қайта ескерту ала бергенше, жұмысыңа мұқият бол. 6Дүниені кезіп көргенше, рахат іздеп таппаған.

Сәйкестік тест Бағыныңқы сөйлем 1. Ұлберген кедей болғанмен, 2. Қыс келе тұра, 3. Мінезінің қатаңдығы болмаса, 4. Далаға шығып жаурағанша, Басыңқы сөйлем 1. Ол әділ адам еді. 2. Киім - кешектерін таза ұстайтын. 3. Үйде отыр 4. Қар жаумады.

Бақылау тест 1. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді тап. А ) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. В ) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі - үш шақырым шамасы бар. С ) Ол күні шаршап барғанбыз, жатып демалдық. Д ) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е ) Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен. 2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет. А ) Асқар кеш жатса да, белгілі мерзімде тұрды. В ) Жұмыс көп, ертеден қас қарайғанға шейін зырылдап жүгірудемін. С ) Ұзын кірпіктері қыбыр - қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. Д ) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. Е ) Қалаға ол, күн көтерілген соң жетті. 3. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді көрсет. А ) Бала жасында балықты өзі де аулапты, әкесі де балықшы бопты. В ) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ. С ) Зейнетке шыққанмен, Құрышбай үйде тегін отырмайды. Д ) Сейітжан оны қыста таудағы мұз айдынында көрді. Е ) Айтқандарым жаққан соң, алыс - жақын тыңдайды. 4. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет. А ) Ұзақ сапар шеккелі, Мақсатқа осы жеткенім... В ) Ешкім жауап қайтармады, өйткені оның не дегенін естіген адам да жоқ еді. С ) Бүркітбайдың қайтпайтынын білген соң, Асқар іңірде Балтабектікіне барды. Д ) Екі ат терлегенше, бір ат терлесін. Е ) Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты. 5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді тап А ) Егер сен жалғыз болсаң, асқар тауға шыққаннан не пайда В ) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген - ді. С ) Көкдолы асау болғанмен, түбі көрінген саяз болатын. Д ) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады. Е ) От басында үш кісі отыр. 6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А ) Жампейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. В ) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетті. С ) Өзен жағасы аздап жарлау болса да, екі бала суға еркін секіреді. Д ) Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген. Е ) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле. 7. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А ) Көзге қораштау көрінгеніне қарамастан, бұл кісі елге танымал. В ) Оспанның қазір жүзі қызарып, қабағы түйіліп қалыпты. С ) Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен кеттік. Д ) Олар ауылға жете қонбақ болып, сар желіске сала жөнелді. Е ) Базаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді. 8. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А ) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В ) Қапия өзінің қара сиырын сауып болған соң, Жолым үйіне енді. С ) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың. Д ) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Е ) Ұлберген кедей болғанмен, киім - кешегін таза ұстайтын. 9. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А ) Қыс келсе де, қар жаумады. В ) Сабақ оқымай, бес алмайсың. С ) Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. Д ) Мен айтқан сайын, ол жазды. Е ) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған. 10. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А ) Күн жылы болмай, біз серуенге шықпадық. В ) Айман барғанға дейін, той аяқталып қойды. С ) Көктем болса да, күн жылынбады. Д ) Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр. Е ) Тоқашты іздеп, ертеңіне екеуі қалаға барды.

ДҰРЫС ЖАУАП 2 ТЕСТ 1. В 2. А 3. С 4. Д 5. С 6. С 7. А 8. Е 9. А 10. С

Үйге тапсырма 1. Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемге байланысты 10 тест құрап келу.