Орындаған: Аманбаева Н. Р. Тексерген: Айдаралиева З.Д.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
2008г. ©
Advertisements

Информатика деп 1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және.
Адамзат табиғатының ең терең, ұлы қасиеті : өзін лайықты бағалансам деген ұғымға құлшынысы У. Джеймс.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Аудандық білім бөлімі Мектеп оқушыларымен ғылыми жұмысты ұйымдастыру Б.Әбішев Шиелі, 2006 жыл.
МАМАНДЫҚ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ КВАЛИФИКАЦИЯНЫ КӨТЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР.
Мұнай өндіру мекемелеріндегі мұнай өндіру технологиясын үйрену.
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуекелділік ұғымы және түрлері»
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Педагогикадағы ғылыми ақпарат АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар.
ҚР-дағы тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін бақылу және сертификаттауду жетілдіру жолдары.
ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері Орындаған: 1 курс магистранты Искендирова Э.Т.
Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық, аксиологиялық іс- әрекеттің тұғырлары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ.
Қазіргі заманғы сабақты талдау Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды,
Аты – жөні: Тоғызбаева Айзада Әлмағанбетқызы Туған күні, айы, жылы: жыл Ұлты: Қазақ Білімі: Жоғары Мамандығы Химия-Биология пәні мұғалімі Бітірген.
Транксрипт:

Орындаған: Аманбаева Н. Р. Тексерген: Айдаралиева З.Д.

Информатика (Computer science, informatics) компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді.

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді. Екінші бір көзқарас бойынша, информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым. ейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым). Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады: ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Ақпараттанудың негiзгi объектiсi, яғни шикiзаты менберетiн өнiмi ақпарат болып саналады. Сондықтан ақпарат ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де жұмыс iстеудiң ең түбегейлi атауларының бiрi болып есептеледi. Бiз барлығымыз бала кезiмiзден бастап ақпарат алмасу процесiне қатысамыз. Кiтап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғалiммен, ата-анамен, достармен әңгiмелескенде ақпарат алады. Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзiнiң даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсiмдiктер мен тiрi ағзалар арқылы берiп отырған.

Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.

Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады : мәліметтерді жинау; мәліметтерді қалыптастыру; мәліметтерді сүзгілеу; мәліметтерді сұрыптау; мәліметтерді топтастыру; мәліметтерді архивтеу; мәліметтерді қорғау; мәліметтерді тасымалдау; мәліметтерді түрлендіру.

Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын негізгі міндеттер: - ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру; - АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау; - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

Ал информатика негізгі профильдік пән болып есептелетін ғылыми-жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін зерттеуге қойылатын негізгі міндеттер: - информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын; - информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін; - информатиканың даму тарихын; - ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін; - аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін; - компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын; - ақпаратарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру; - ақпараттық үрдістердің жасанды және басқару жүйелеріндегі жүру заңдылықтарын беру және қолдану іскерлігіне үйрету болып табылады.

Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды: - есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы; - есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы; - аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі; - адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары; Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды: - есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы; - есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы; - аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі; - адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;