Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Машина жасау факультеті Химия және химиялық технология кафедрасы «Химиялық өнім сапасын.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
С. Аманжолов атында ғ ы Шы ғ ыс Қ аза қ стан Мемлекеттік университеті Философия,оны ң ғ ылымдар ж ү йесіндегі орны, қ о ғ амды қ р ө лі Ө скемен қ аласы,
Advertisements

Шоқан Уәлиханов – зерттеуші, саяхатшы. Шын есімі: Мухаммед-Қана́пия Қызметі: ғалым, тарихшы, этнограф және фольклорист, саяхатшы, ағартушы, зерттеуші
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
Ілияс Есенберлин (1915 – 1983) Көшпенділер трилогиясы.
Қызылорда облыстық білім басқармасы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақтың әдістемелік талдауы.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Машина жасау факультеті Химия және химиялық технология кафедрасы «Химиялық өнім сапасын.
А қ арал, алтын арал Ма қ таралым О ң т ү стікті ң ж ү регі – Ма қ тарал Н. Ә.Назарбаев.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Моңғол кезеңіндегі.
Мультимедийная презентация По дисциплине: Казахского языка и культуры. Тема: Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Для всех специальностей Авторы: Ныгметова Н.Т.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті «Экономика және менеджмент»
Транксрипт:

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Машина жасау факультеті Химия және химиялық технология кафедрасы «Химиялық өнім сапасын бақылаудың қазіргі заманғы мәселелері» пәнінен БАОӨЖ

Мемлекеттік метрологиялық жүйе Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай- күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.

Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде: жоспарлы тексерулер кемінде үш жылда бір рет тесерулер жүргізу графигіне сәйкес жүзеге асырылы керек; жоспардан тыс тексерулер мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі; қарымта тексерулер өкімдердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі.

Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізін Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі құрайды, оның құрамына келесілер кіреді: мемлекеттік метрологиялық қызметтер; уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтері; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметтері;

заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметтері; мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар.

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамына мыналар кіреді: техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері; шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды, шама бірліктерінің эталондарын және жоғары дәлдікті өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізетін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі: метрология саласында іргелі зерттеулерді, ғылыми- техникалық, тәжірибелік және ұйымдастырушылық- әдістемелік жұмыстарды жүргізу; Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру; шама бірліктерінің өлшемдерін тапсыру жүйелерін құру; өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды жасау және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен үйлестіру; өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сай Қазақстанда метрологияның дамуына бағытталған жұмыстарды жүргізу.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың мемлекеттік басқаруын жүргізеді.