Экспортқа рента салығы Төлеушілер Салық салу объектiсi Сәйкес келiсiмшарттың шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қабылдаған: Абдрашитова Тахмина Орындаған: ЭЕА- 511 тобы Дадажанов Захриддин, Абентаева Айша.
Advertisements

Тақырып Әлеуметтік салық 1. Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні 2. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу объектісі 3. Әлеуметтік салықты есептеу.
Орындаған: Молдабек Ардақ Қабылдаған: Абдыкулова Қ.А Жер салығы 1.
Экологиялық рұқсаттар және түрлері Орындаған: Авганбаева Ж.Д Тобы: ТПП-1(2) Қабылдаған: Жумадилова А.Қ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
ЗА Ң ДЫ Ж Ә НЕ ЖЕКЕ Т Ұ Л Ғ АЛАРДЫ Ң М Ү ЛКІНЕ САЛЫ Қ САЛУ Эканомика Рысқали Мадина.
Дәрістің әдістемелік мақсаты мен міндеттері: Мақсаты - Мүлік салығын төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңдерін, және мүлік салығын.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ОРЫНДАҒАН:АДИЛЬБЕКОВА А.С.
Ш.Есенов Атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті «Экономика және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасы «ГМУ-15-1» тобы.
Қ аза қ Ұ лтты қ Агралы қ Унивеситеті Орында ғ ан:А қ ылбек А қ жар қ ын.Рузиева Дильназ Тексерген:Ас қ арова Құ ндыз.
БЭК елдерінің Бәсекелестік туралы модельдік заңы – ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде Астана қаласы, 2013 жыл Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті « Табиғатты пайдалану экономикасы » кафедрасы Орындаған:
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ КАЗАХСТАНСКО- МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ Орындаған:Тургунбекова А.Н Тобы: 608 Факультеті: Жалпы дәрігерлік.
Мемлекеттің белгілері 1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке.
Орындаған: Ергешбай А. Қабылдаған: Көшкімбаева Ү.Т.
Сақтандыру сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды.
Зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлері Азаматты ң шартты қ ж ә не ө зге де мiндеттемелердi орындау кезiнде ө мiрi мен денсаулы ғ ына келтiрiлген зиянды.
1. Заңдарға бағыну; 2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу; 3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; 4. Қаржы, салықтарды төлеу;
Еңбек қарым-қатынасы және басқа да тікелей байланысты қарым-қатынастар ұжымдық шарттар, келісімдер мен еңбек құқығының нормалары бар жергілікті нормативтік.
Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжіРМҚКРымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжіРМҚК ҚР-дағы салық қызметі,жүйесі.
Транксрипт:

Экспортқа рента салығы Төлеушілер Салық салу объектiсi Сәйкес келiсiмшарттың шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын, көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады. Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмiрдiң көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады - Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнай, газ конденсаты бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi және сәйкес тәртiппен есептелген әлемдiк баға негiзiнде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады. - Экспортқа iс жүзiнде өткiзiлетiн көмiрдiң көлемiн негiзге ала отырып есептелген экспортталатын көмiрдiң құны көмiр бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады. - Экспортқа рента салығын төлеудiң ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шикi мұнай, газ конденсаты жөнiндегi шешiмi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық төлеушiнiң арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн. Салық базасы және есептеу тәртiбi

Экспортқа рента салығының ставкалары Шикi мұнайдың, газ конденсатының экспорты кезiнде экспортқа рента салығы мынадай ставкалар бойынша есептеледi: Әлемдік бағаСтавка, % 1 бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда 0 2бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда0 3бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда0 4бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда7 5бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда11 6бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда14 7бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда16 8бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда17 9бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда19 10бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда21 11бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда22 12бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда23 13бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда25 14бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда26 15бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда27 16бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда29 17бiр баррель үшiн 1800 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда30 18бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда32 19бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары32 Көмiрдi экспорттау кезiнде экспортқа рента салығы 2,1 проценттiк ставка бойынша есептеледi.

Экспортқа рента салығын төлеу реті Салық кезеңi Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi болып табылады. Төлеу мерзiмдерi Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25- нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Салық декларациясы Экспортқа рента салығы жөнiндегi декларация салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Ойын бизнесi салығы Төлеушілер Салық салу объектiсi Мынадай: 1) казино; 2) ойын автоматтары залы; 3) тотализатор; 4) букмекерлiк кеңсе қызмет көрсетулер жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесi салығын төлеушiлер болып табылады. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде: 1) ойын үстелi; 2) ойын автоматы; 3) тотализатор кассасы; 4) тотализатордың электронды кассасы; 5) букмекер кеңсесiнiң кассасы; 6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасы ойын бизнесiне салық салу объектiлерi болып табылады.

Ойын бизнесіне салық ставкалары Салық салу объектiсiнiң бiрлiгiнен ойын бизнесiне салық ставкасы: 1) ойын үстелiне – айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 830 еселенген мөлшерiн; 2) ойын автоматына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 30 еселенген мөлшерiн; 3) тотализатор кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн; 4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн; 5) букмекер кеңсесiнiң кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн; 6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн құрайды.

Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi 1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы төмендегі белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi. 2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшiндегi табыстың шектi мөлшерi: 1) казино қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн; 2) ойын автоматтары залы қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн; 3) тотализатор қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 00еселенген мөлшерiн; 4) букмекер кеңсесi қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген мөлшерiн құрайды. Қосымша төлемдi есептеу және төлеу тәртiбi 1. Қосымша төлем табыстың шектi мөлшерiнен асып түсетiн сомаға 15% ставканы қолдану арқылы есептеледi және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге жатады. 2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы әрбiр қызмет түрiнен алынған табыстан бөлек есептеледi. 3. Ойын бизнесi саласына жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде ойын бизнесi салығын төлеушiлер қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi.

Салық кезеңi Ойын бизнесi салығы үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады. Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi 1. Ойын бизнесi салығын есептеу әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi. 2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi. 3. Ойын бизнесi салығы есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. Салық декларациясын табыс ету мерзiмi Ойын бизнесi салығы бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi. Ойын бизнесі салығын есептеу және төлеу реті

ТIРКЕЛГЕН САЛЫҚ Осы салықты қарастыруда қолданылатын ұғымдар: 1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел; 2) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан); 3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық); 4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi. Тіркелген салықты төлеушілер 1) ұтыссыз ойын автоматтарын; 2) ойын өткiзуге пайдаланылатын дербес компьютерлердi; 3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан); 4) картты (картинг); 5) бильярд үстелдерiн (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады. Тiркелген салық салу объектiлерi 1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер; 4) ойын жолы; 5) карт; 6) бильярд үстелi тiркелген салық салу объектiсi болып табылады.

Тіркелген салық ставкалары Салық салу объектiсiнiң атауыТiркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгi мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш) Тiркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш) 1Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы 112 2Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 118 3Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер 14 4Ойын жолы583 5карт212 6Бильярд үстелi325 Айына салық салу бiрлiгiне тiркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерi: Қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн жергiлiктi атқарушы органдар бекiтiлген базалық ставкалар шегiнде бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлейдi

Тіркелген салықты есептеу және төлеу реті Салық кезеңi Тiркелген салық үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады. Тiркелген салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi 1. Тiркелген салықты есептеу, әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi. 2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде тiркелген салық белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi. 3. Тiркелген салық есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. 4. Кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде тiркелген салықты төлеушiлер қызметтiң осындай түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi. Салық декларациясын табыс ету мерзiмi Тiркелген салық бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.