Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
2018 жыл Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті.
Advertisements

Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Т:Т: Мақсаты: Биология пәнін оқытудағы инновациялық технологиялары Инновациялық технологиялардың тиімді әдістерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру.
Бағдарламада ұсынылған жеті модуль Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау;
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Математика сабағында оқушының логикалық ойлау дағдысын қалай дамыту? Мақсаты: Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі.
О ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Орындаған: Сабырхан А. Баумуратова Ш. Тобы: Қабылдаған: Адылбекова Э. Шымкент,
"Қазақстан тағыдыры келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі, мектебіміздің сау, берік және өз жанымызға қабысатын, үйлесетін.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Тұлғаны.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы 153 Ш.Есенов атындағы орта мектеп.
Дарынды о қ ушы- ұ лт болаша ғ ы. Дарынды о қ ушы- ұ лт болаша ғ ы. Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми- әдістемелік қызметті ұйымдастыру.
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы 2 жалпы орта білім беретін мектебі.
Аты – жөні: Тоғызбаева Айзада Әлмағанбетқызы Туған күні, айы, жылы: жыл Ұлты: Қазақ Білімі: Жоғары Мамандығы Химия-Биология пәні мұғалімі Бітірген.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы 11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Зерттеу тақырыбым: Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділіктерін.
Өскемен қаласы әкімдігінің Көп бейінді 3 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы, 2012 жыл.
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
«Ұлағат» шығармашыл ұстаздар тобының жылдық жұмыс жоспары Әдістемелік тақырып: «Жаңа технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімі мен шығармашылық.
Транксрипт:

Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл

Мақсаты: Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша сабақтарда инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу.

Міндеттері: басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту; білім сапасын диагностикалау; оқытудың әдістемелік жүйесін жақсарту; білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу; білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру; білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану; ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыру үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилер тегін балабақшамен қамтамасыз етіледі; ШО пен МАД топтары оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықталады; бастауыш сынып кабинеттері жаңа үлгіде жасақталып, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтырылады; дарынды оқушылардың жұмысын жолға қойылып, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелейді; барлық оқушылар ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіледі; сабақ үрдісінде жаңа технологиялар қолданылады; көптеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады; педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында өз білімін үнемі толықтырады.

Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан- жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан- жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы азаматтарының халықаралық білім кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасына «білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажетті­ліктеріне сәйкестігін белгілеудің институцио­налдық құрылымдары, нысандары мен әдістерінің жиынтығы», -деп сипаттама берген.

Білім беру саласындағы реформалардың басты нәтижелерінің бірі – мұғалім имиджі және мәртебесінің көтерілуі. Өйткені, ұстаз – мектеп жүрегі. Мұғалім - қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек. Мектептегі жұмыс пен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім. Сонымен қатар мұғалім: 1. Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі керек. 2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын білуі керек. 3. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игеруі қажет. Себебі сапалы білім беру осы 3 элементке негізделеді.

Әр ұстаз Ізденімпаз ғалым Нәзік психолог Жан-жақты шебер Терең қазыналы білімпаз Кез-келген ортаның ұйытқысы Тынымсыз еңбекқор

ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?

Бүгінгі ұстаздардың мақсат-міндеттері: Оқушылардың дүниетанымын және білім қорын кеңейту; пәнге қызығушылығын арттыру; ақпараттық- коммуникациялық технологияны терең меңгерген, өз Отанын шексіз сүйетін, мемлекеттік тілді құрметтейтін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. оқушыға білім, білік, дағдыларын игерту; қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан- жақты қабілеттерін дамыту; жаңа технологиялардың тиімді жолдарын қолдану; оқушылардың білім сапасын жүйелі түрде жоғары деңгейге көтеру.

Мектепте білім сапасын арттыруда, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, пән олимпиадалары, қашықтық олимпиадалар, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын тапса.

Жаңа технолгия әдісі Теориялық және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда үй тапсырмаларын және жаңа сабақты пысықтауда тарихи кезеңдерді, оқиғаларды қайталау Көрнекті әдісі Бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру үшін, оқу материалының мазмұны көрнекі құрал арқылы беру Іздену әдісі Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін, танымдық, ойлау, шығармашылық қабілеттерін, жаңа технологиямен жұмыс жасауға дағдыландыру Практика- лық әдісі Практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және түсіндірілген материалды оқушының қаншалықты меңгергенін бақылау

Сабақтарда қолданылатын әдістер Түртіп алу әдісі Ой шақыру әдісі Ассоциация әдісі Ұжымдық оқыту әдісі Сипаттау әдісі Салыстыру әдісі Талдау әдісі Проблемалық әдіс

жұптық, топтық жұмыс, тренинг, постермен жұмыс Ойын, эссе, деңгейлік тапсырмалар Балдық жүйемен, критериалды бағалау, мадақтау Слайдтар, ғаламтор, YouTube сайты, Aсtiv Studio Оқытуды басқару және көшбасшылық Дарынды және талантты балаларды оқыту Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ – ны қолдану Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Зерттеу жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу Топтық жұмыс

Қазіргі оқу үдерісінде білімді меңгеру үшін жаңа технологияларды қолданып оқытудың мәні зор. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.

Жаңа технология әдісінің тиімділігі: өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді; шешендік өнер дағдылары қалыптасады; тыңдай білуге үйретеді; танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді); сыни ойлауға дағдыланады; өз пікірін айту құқығының бар екенін сезінеді; пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді.

Қ олданып жатқан әдістің нәтижесінде оқушылар қарым – қатынасқа түседі: 1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде); 2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында); 4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен); 5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында); 6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

Дәстүрлі сабақта: 1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді. 2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды. 3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру. 4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау. 5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді. Жаңа технология әдістерін қолданатын сабақта: 1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманы талқылайды. 2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды. 3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді. 4.Бағалаудың жаңа түрлері пайдаланылады. 5.Жұппен және топпен жұмыс жасалады.

Қорытынды: Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсат негізінде: - жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; - шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; - өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; - өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.