Орындаған: Тобы: Қабылдаған:. Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім. 1 Көтерілістің шығу себебі 2 Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қазақстан тарихы. 8 сынып. Сабақ тақырыбы: жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Advertisements

Тақырыбы: Батыс Қазақстан этнографиясы. Дайындаған: тарих-301 топ студенті Узахбаева Жадыра.
Ашық сабақтар Қазақстан тарихы. 8 сынып. Сабақ тақырыбы: жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамдас бөліктері Орындаған: Сембиев Н Тобы: 101 А ФӨТ Қабалдаған: Есжанов Ғ.
Ашық сабақтар. Көтерілістің басталу себептеріне сипаттама беру. Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін,
Практика 1Азаматтық Қорғаныс (АҚ) мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. [1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан,
М.Әуезов атындағы 2 ОЖББМ 6 класындағы Қылмыспен күрес көптің ісі атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Академик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал – шикізат байлықтарын зерттеп, ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы деген тұжырым.
Оқытушы практикант: Ержанова А.Ж.. Сабақтың жоспары: Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар Биліктің қызметтері мен жіктелуі Саяси билік пен мемлекеттік.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Орындаған: Тобы: Қабылдаған:Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Ашық сабақтар Аты жөні: Үкібасов Нұрлан Есенғалиұлы Туған жылы, күні: 15 қаңтар 1983 жыл. Ұлты: Қазақ Қызметі: Мұғалім Мекен жайы: Алматы облысы, Балқаш.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
ЖОСПАРЫ Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін.
Қылмыстық құқық қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын.
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб.
Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша.
Транксрипт:

Орындаған: Тобы: Қабылдаған:

Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім. 1 Көтерілістің шығу себебі 2 Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы 3 Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері III Қорытынды IV Пайдаланыған әдебиеттер

Көтеріліс – бұқара халықтың немесе әлеуметтік саяси топтардың билік жүйесінің саяси, экономикалық саясатына қарсы наразылықтың бір түрі. Көтеріліске шеруге, шығу, толқу, жаппай бағынбау сияқты саяси наразылық сипатында өтеді. Ол наразылық білдірудің жоғары шегі бола тұра, қирату, тонау сияқты ұйымдаспаған әрекеттермен қатар, ұйымдасқан әскери көтеріліске ұласуы да мүмкін. Көтеріліс ұйымдасқан түрде жүргізілетін болса ғана нәтижелі аяқталып, төңкеріске ұласады. Қазақ сахарасында Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан дәстүрлі мемлекеттілік (хандық) жойылғаннан кейін көтерілістер екі түрлі сипат пен бағыт алды. Алғашқысына патшалық Ресейдің Қазақ хандығын әлсіретуіне және жоюына қарсы, кейінгісіне қазақ шаруаларының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған азаттық жолындағы көтерілістер жатады.

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43- жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық бол¬ды. Сол арқылы ол қазақ халкының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ ха-лқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқару-шылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азатгык сипатка ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.Көтеріліске қазақтармен катар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халыктардың өкілдері катыскан Оңтүстік облыстарды (Жетісу жөне Сырдария облысы) қоспағанда, Қазакстандағы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ.Көкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кеңесары және Наурызбай Касымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы және империализмге қарсы бағытта бол¬ды. Көтерілістің басты міндеті халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Біркатар жерлерде және белгілі бір кезеңде көтеріліс халықтық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).

Пайдаланыған әдебиеттер 1. «Қазақ тарихы» 2004ж бет 2. С. Кэреу. Кеңес империясы. Орта Азия түріктері және сталинизм 90 бет. 3. «Қазақ тарихы» 2004ж бет 4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3-том 639,647 беттер 5.Қозыбаев М.Қ. Қаһарлы 1916жыл (Құжаттар мен материалдар жиынтығы) Алматы. «Қазақстан», 1998ж. 163, беттер