Каспий те ң ізі (море Хвалийское, т ү рікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, ә з. X ə z ə r d ə nizi) Еуропа мен Азия аралы ғ ында орналас.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі Өндірістік машықтану сабағына презентация «ЭНГМ » «Мұнай және.
Advertisements

Қ аза қ стан Республикасы к ө рікті жерлерге ж ә не қ азба байлы қ тар ғ а ө те бай.
Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы.
Арал теңізі Және оның тартылуы Дайындаған:Аманбек Нұржан Сыныбы:7 в 2010 жыл Арал теңізі Және оның тартылуы Дайындаған:Аманбек Нұржан Сыныбы:7 в 2010 жыл.
50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп – 50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы. гимназиясы. Тақырыбы: Жәңгір хан - өз заманының білікті.
Каспий теңізі Каспий те ң ізі (море Хвалийское, т ү рікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, ә з. X ə z ə r d ə nizi) Еуропа мен Азия аралы.
Т И Г Р И Тигр (Panthera tigris) великий ссавець родини котячих, один з чотирьох видів так званих «великих кішок» роду пантер. Перебуває під загрозою.
Виконала : Учениця 11 ф.-1 Димура Надія. Як відомо, організм людини на сімдесят відсотків складається з води, тому вона відіграє одну з найважливіших.
Каспий теңізі Каспийдің маңындағы қалалар Каспий теңізінің ғасырлар бойғы деңгейлік өзгерістері.
Slaid-kz.ru Каспий те ң ізі (море Хвалийское, т ү рікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, ә з. X ə z ə r d ə nizi) Еуропа мен Азия аралы.
Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Манбусынова Гаухар Бетөкеқызы
Підготував менеджер: Арміл Тугодаєв. Казахстан? Офіційна назва - Республіка Казахстан - одна з країн Центральної Азії. Дев'ята в світі за площею, найбільша.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті.
Антикалы қ тарихнама. Мен ө зім есіткен н ә рселерді әң гімелеп отырмын, біра қ м ұ ны ң барлы ғ ына сену қ ажет емес. Тіптен б ұ л қ орытынды мені ң жа.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы, өнеркәсіп тораптарына, көлік кешені туралы мағлұмат беру; Оқушылардың өз бетімен жұмыс.
Арал теңізінің тарихы Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік.
Сабақтың тақырыбы: §22 Теңіздер мен көлдер Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты – Оқушыларға теңіздер мен көлдер жайлы түсінік бере отырып, оның географиялық.
IKAZ.KZ - ашы қ м ә ліметтер порталы. Бал қ аш Қ аза қ станны ң о ң т ү стік-шы ғ ысында ғ ы т ұ йы қ к ө л. Аума ғ ы ж ө нінен Каспий, Арал те ң іздерінен.
Қоңыр балдырлар - бөлімі-Phaeophyta. Жалпы сипаттамасы Қоңыр балдырлар бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900.
Каспий те ң ізі (море Хвалийское, т ү рікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, ә з. X ə z ə r d ə nizi) Еуропа мен Азия аралы ғ ында орналас.
Транксрипт:

Каспий те ң ізі (море Хвалийское, т ү рікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, ә з. X ə z ə r d ə nizi) Еуропа мен Азия аралы ғ ында орналас қ ан жер шарында ғ ы е ң ү лкен т ұ йы қ к ө л. Ү лкендігіне қ арап, оны те ң із деп атайды. Аты XVI ғ асырды ң ая ғ ында осы те ң із жа ғ асында қ оныстан ғ ан Каспи тайпаларына байланысты қ алыптас қ ан. Грузияда Каспи қ аласы қ азір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғ асыр), Хазар (ІІ-Х ғ асыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғ асыр) ж ә не т.б. тарихи атаулары бар. Олар со ңғ ы ү ш мы ң жылда ғ ы ө мір с ү рген халы қ тарды ң қ ой ғ ан аттары. Каспий те ң ізі неоген д ә уіріні ң ая ғ ында жер қ ыртысыны ң к ө терілуінен Қ ара те ң іздей б ө лінді. Б ұ л кезді Каспий те ң ізіні ң пайда бол ғ ан уа қ ыты деп есептеуге болады. Каспий те ң ізіні ң жалпы ауданы 376 мы ң км2. Оны ң беті те ң із де ң гейінен 28 м т ө мен жатыр. Те ң із солт ү стіктен о ң т ү стікке қ арай 1200 км-ге созыла орналас қ ан. Те ң ізді ң ендірек жері км, ал енсіз жері км. Каспий те ң ізіні ң жа ғ алау сызы ғ ыны ң ұ зынды ғ ы км. Оны ң суы 5 мемлекетті ң нса ғ алауын шайып жатыр. Жа ғ алау сызы ғ ыны ң Қ аза қ стан Ү лесіне 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Ә зербайжан ғ а - 20%, Т ү рікменстан ғ а - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. Каспий те ң ізіне 130- ғ а жуы қ ө зендер мен а ғ ынды сулар Құ нды. Оларды ң те ң ізге қү ятын жиынты қ а ғ ыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы м ө лшерді ң 80%-ы Еділ ө зені- ні ң, 5%-ы - Жайы қ ты ң ү лесіне тиеді. А ғ ынны ң 10-11%- ын Батыс жа ғ алауда ғ ы ө зендер Терек, Сулак, Самур, Кура ж ә не т.б. береді. Қ ал ғ ан 4-5%-ы Иран жа ғ алауы ө зендерінен келеді. Шы ғ ыс жа ғ алауларда т ұ ра қ ты а ғ ын сулар жо қ.

Каспий те ң ізі қ азанш ұңқ ырларыны ң бедеріне қ арай ү шке б ө лінген. Солт ү стік б ө лігіні ң шегі Ма ңқ ыстау т ү бегі бойымен ө теді. Орта ңғ ы б ө лігі содан Апшерон т ү бегіне дейін созыл ғ ан, қ ал ғ ан жері о ң т ү стік б ө лікті ң ү лесіне келеді. Солт ү стік б ө лігі таяз, к ө п жерінде 5 м-ден аспайды, е ң тере ң жері 26 м, жалпы те ң із ауданыны ң 24%-ын алады. Орталы қ Каспийді ң орташа тере ң дігі 200 м, е ң тере ң жері 788 м, жалпы те ң із ауданыны ң 36%-ын қ амтиды. О ң т ү стік б ө лігіні ң орташа тере ң дігі 345 м, е ң тере ң жері 1025 м, те ң із ауданыны ң 40%-ын, ал те ң із суыны ң 66%-ын алып жатыр. Қ аза қ стан ғ а жататын солт ү стік ж ә не орта б ө лігіні ң солт ү стік ана ғұ рлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қ аза қ стан жерінде оларды ң 88%-ы орналас қ ан. Е ң ірілері Т ө ленді аралдар тобында ғ ы (архипелаг) Құ лалы(73 км2) ж ә не Морской(65 км2) аралдары. Каспийге шы ғ ыс жа қ тан Ма ңқ ыстау, Т ү п қ ара ғ ан, Бозашы сия қ ты ү лкен т ү бектер с ұғ ына еніп жатыр, шы ғ ыс жа ғ алауында шы ғ ана қ тар да к ө бірек кездеседі. Оларды ң қ атарында Ма ңқ ыстаумен Қ аза қ шы ғ ана қ тарыбар. Ауданы км2. Меридиан ба ғ ытында1200 км-ге созыл ғ ан, орташа ені 300 км. Жа ғ алау сызы ғ ыны ң Ұ зынды ғ ы 7000 км.

Климаты

Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.

Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 1 м-ге дейін ауытқып отырады ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.

Қазіргі заманның балық шаруашылығы балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. [[|Балық уылдырығы|Балықтар уылдырығын]] тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көк-серке тұзды суда (тұздылығы 10 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында мыңға дейін азайған итбалықтың 27 мыңы, 1990 ж. 13,8 мыңы, 1996 ж. 8 мыңы ауланған ж. сәуір тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.

Мысалы; 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммо нийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі 50 мкг/л (бүл 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден- бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді. Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды. Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілікбар.

6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды. Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Астрахан (Қажы Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім – Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне және Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме қатынасын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады жылы Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот құруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатынасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізі-ндегі монополиялық құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең құқықты деп саналды. КСРО ыдыраған соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізі мәртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 жылы 23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан ұстанған бағытты Ресей де, Әзербайжан да қолдады.

Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған. Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этнография және мәдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі – гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Біздің заманымыздан бұрын 8- мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сақталған. Біздің заманымыздан бұрын1-мыңжылдықта Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары және оған туыстас тағы басқа тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы біздің заманымыздан бұрын5 – 7 ғасырларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды деп жазады.