Орындаған: Қаниева.А Тексерген: Маханова.А. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφα ρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos адам, spera қабық)

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті.
Advertisements

Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Орындаған: Жақанова А.К. 5 В Дефектология Оқытушы:Жантеева Г.Е Оқытушы:Жантеева Г.Е.
Тақырыбы: Адамға қауіп факторының әсер ету ұзақтығын бағалау Орындаған: Памирова Салтанат 206-ЖМ Тексерген: Калбагаева Ж.Е СЕМЕЙ 2017.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Эволюциялық ілім негіздері Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың дарвинге дейінгі дамуы Орындаған:Амангельдиева А. Ахмет Қ. Тұрарбек Т. Эволюциялық.
ЖОСПАР Кіріспе Ноосфера Ноосфераның пайда болуы мен дамуы Биосфера Биосфера эволюциясы Биосфераның пайда болуы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті « Табиғатты пайдалану экономикасы » кафедрасы Орындаған:
classification-5433/
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Орындаған: 7 А сынып оқушысы Смагулова Дальмира Тақырыбы: Пи саны.
Транксрипт:

Орындаған: Қаниева.А Тексерген: Маханова.А

Ноосфера (гр. νόος – сана және σφα ρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos адам, spera қабық) биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор; ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені Жер.

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. Бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл- ой, сана, "sphaira" шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің біріадам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

В.И.Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды. Ноосфера – сана, ақыл – ой қабаты, ноосфераның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б.Комменер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым – қатынастарды төрт заңға біріктірген. Біріңші заңы – барлығы барлығымен байланысты. Бұл занның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады. Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылады. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қореқтенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесіткелердің жойылу нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Ноосфераның екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың элементтері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алу нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмір қышқыл газы және т.б.) – өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заң – табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антро- погенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандайда жаңа органикалық зат жасалмайды. Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар – пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін бола алатын экологиялық нәтижелері қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария және Әмударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендейіне әкелді. Төртіңші заң – тегін еш нәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс.

Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен xx ғ. Өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Нооэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін – бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл – ойы арқылы басқаруын В.И.Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына, дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр. Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып соның ішінде өмір сүреді, өсейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.

Қорытынды Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып есептелінеді. В.И.Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді.Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халық-тарды толғандырып,отырған мәселе биосфераның тепе-теңдігін сақтай оты-рып,оны көркейту болып отыр. Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт.Сонымен бірге тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алмасып,биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ жаңа энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Қазіргі кезде мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалану арқылы теңіз суын тұщыландыру,ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану жұмыстары қолға алынған.Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен.Тек қана Алматы мен Талдықорған облысында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері бар.