This presentation uses a free template provided by FPPT.com журналистер мен редакторлар нені білуі керек? БАҚ ТУРАЛЫ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Advertisements

Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Б АНКТІК СЕРТИФИКАТТАР. Орындаған: Кириченко А.с, фк-31. Тексерген:Тиштыкбаева А.Ж.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Деректер қорының негізгі түсініктері және пайда болуы Деректер қорының пайда болуы және перспективасы. Деректер қорының негізгі анықтамалары мен терминдері.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының III, IV, VI бөлімдерімен танысып, түсінік беру.
ЮҚ-121 Жайнақ Айкүміс. Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАУ Аксонометриялық проекцияны салу үшін екі негізгі сұраққа жауап керек: 1) аксонометрия осьтерін қалай жүргізеді? 2) аксонометрия.
2017arouse.All Rights Reserved 1 Нұрғалым Дарын Орындаған: Нұрғалым Дарын Полат Нұрсұлтан Полат Нұрсұлтан Қарж. тәуекелдерді стат.талдау.
С# тіліндегі м ә тіндік ө ріс. C# тілі туралы түсінік Жаңа бағдарламалау тілі - С#. Бұл тілмен жұмыс істеу үшін Framework ортасын және С++ бағдарламалау.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
This presentation uses a free template provided by FPPT.com Click to edit Master title style FPPT.com.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Ф О Р У М Форум Форум – бұл тақырыпқа байланысты пікір алмасу. Форумда белгілі бір тақырыпты талқылайды. Форумды – мүдделері бір қолданушылардың клубы.
Транксрипт:

This presentation uses a free template provided by FPPT.com журналистер мен редакторлар нені білуі керек? БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ТҮЗЕТУЛЕР:

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ЗАҢ НЕ ТУРАЛЫ? ҚР 1999 жылғы 23 шілдесіндегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының жаңа редакциясы os=565;-31

This presentation uses a free template provided by FPPT.com БАҚ-қа қатысты АСА МАҢЫЗДЫӨЗГЕРІСТЕР : #1. Журналистердің ақпаратқа қол жеткізу тәртібі өзгертілді. #2. БАҚ-та бейнелерді пайдалануға қатысты шектеулер пайда болды #3.Жауап беру және теріске шығару туралы талаптарды қарастыру тәртібі өзгертілді #4. Балаларға қатысты бейнелерді және басқа да ақпараттарды қолданудың жаңа талаптары пайда болды #5. Міндетті хабарламалар пайда болды. Ол қандай хабарламалар? #6. Шындыққа сәйкеспейтін мәліметтер таралған жағдайда журналистер мен редакторларды жауапкершіліктен босатудың жаңа негіздері енгізілді

This presentation uses a free template provided by FPPT.com БАҚ-қа қатысты АСА МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР: #7.БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі уәкілетті бөлімшелердің (лауазымды тұлғалардың) міндеттері анықталды #8.БАҚ-ты әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздері қысқартылды #9. «Насихаттау» ұғымының анықтамасы пайда болды #10. Түрлі құқықтық құпияларды таратуға қатысты журналистердің келісім алуы туралы талаптар пайда болды #11. Интернетке ақпарат салғанда қолданушыларды міндетті сәйкестендіру талаптары пайда болды

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #1 ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРТІЛДІ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Ақпаратты жазбаша түрде сұрату (басым көп жағдайда) БАҚ сауалына мемлекеттік органдар немесе өзге ұйымдар cауал түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей жауап беруі немесе жауап берілетін мерзімді немесе сауалдан дәлелді түрде бас тартатынын хабарлауы тиіс Қосымша зерттеу мен тексеруді қажет ететін жауап сауал түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей берілуі тиіс Егер БАҚ сауалына жауап беру құзіреті болмаса, БАҚ редакциясына хабарлай отырып, бес күннен кешіктірмей тиісті мекен-жай иесіне жөнелтіледі Сұратылған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда ғана шағым түсіруге болады

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? «Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар» орнына – ақпарат иелері (ұйымның ауқымды спектрі) Қос деңгейлі тәртіп: (1) Ақпарат иелерінің ресми хабарларына қатысты сауал және (2) басқа ақпаратты сұрау БАҚ сауалдарына жауап берудің өзге де мерзімдері: (1) екі жұмыс күні және (2) жеті жұмыс күні Сауалға бас редактор (редактор), уәкілетті тұлға немесе аккредиттелген журналист қол қоя алады.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com МАҢЫЗДЫ!!! Телефон арқылы сауал қою талаптары – өзін таныстыру және аудиожазба турасында хабарлау БАҚ сауалы бойынша ақпарат беруден бас тартуға болатын негіздердің қысқа да нақты тізімі БАҚ сауалы бойынша ақпаратты бермегені немесе уақытында бермегені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі БАҚ сауалдарының жобалық ұлгілері. Мониторинг

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #2. БАҚ-та ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ БЕЙНЕСІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Жалпы ереже – қандай да бір тұлғаның келісімінсіз, ал ол тұлға қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің келісімінсіз оның бейнесін пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ Бейне таратудың кез келген түрі – бейнеде көрсетілген тұлғаның немесе оның мұрагерлерінің келісімі қажет. Егер тұлға ақылы түрде түссе келісім қажет етілмейді

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? БАҚ дайындау, жариялау, орындау және тарату барысында бейнеленген тұлға келісімі қажет етілмейді, егер: егер ол тұлға көпшілікке арналған, бұқаралық іс-шараларда болса немесе қатысса; егер таратылған ақпаратта бейнеленген тұлғаның қызметіне және (немесе) ол тұлғаның көпшілікпен жұмысына қатысты мәліметтер болса; егер ондай ақпаратты қолжетімділігіне шектеу қойылмаған дереккөздерге тұлғаның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлғасы жарияласа; егер бейнеленген тұлғаны пайдалану конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен еркіндігін, халық денсаулығы мен мәдениетін қорғау мақсатында жүзеге асырылса.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #3. ЖАУАПТАР МЕН ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ТАЛАПТАР

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Жауап алу құқығын мүлдем елемеу (салдарынан – БАҚ редакциясына теріске шығаруды жариялау талаптарының легі) БАҚ редакциясының теріске шығару талаптарын қарау мерзімі – бір ай (сотқа дейінгі міндетті тәртіп) Нұқсан келтіретін мәліметті таратудан келген моральдық шығынды (жеке тұлға) немесе шығынды (заңды тұлға) қайтару туралы талап қоя отырып, ол мәліметті теріске шығару талабын сотта қарау құқығы

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Тұлғаның (1) жауабын немесе (2) теріске шығаруын жариялау туралы талаптарының негіздері нақты шектелген: (1) оның құқығы мен заңды мүдделеріне шек қойған мәліметтер және (2) БАҚ-та шындыққа сәйкеспейтін және оның ар-намысы мен іскерлік абыройына нұқсан келтіретін мәліметтердің таратылуы Жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту негіздері көрсетілген Жауапты немесе теріске шығаруды, оның ішінде, сот шешімі бойынша жариялау тәртібі

This presentation uses a free template provided by FPPT.com МАҢЫЗДЫ!!! Жариялау туралы талаптарды қараудың сотқа дейінгі рәсімі сақталған, сотқа дейінгі дауды БАҚ редакциясының қарау мерзімі – бір ай. Жауаптар мен теріске шығарулар көлемі («теріске шығарылған хабарлама немесе материал көлемінен екі есе немесе одан көп көлемнен аспайды») Жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап түскен кездегі БАҚ редакциясы және/немесе журналистер әрекетінің алгоритмі. Мониторинг. Сот тәжірибесінің талдауы

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #4. БАЛАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР МЕН БЕЙНЕЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? БАҚ туралы заң балалар бейнесін жариялау тәртібін реттеген жоқ. БАҚ редакциясы қылмыс құрбаны болған немесе қылмыс жасаған балаларды анықтауға мүмкіндік беретін бейнелер мен мәліметтерді жариялау тәртібін өз бетінше белгіледі.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? 1.Жалпы ереже – БАҚ-та (1) қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылық салдарынан зардап шеккен баланы және (2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін күдікті болған немесе айыпталған кәмелет жасына толмағандарды анықтауға мүмкіндік беретін бейнелерді немесе өзге де ақпараттарды таратуға тыйым салу. 2.Тыйым салу ондай балалардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты таратуға да қатысты. 3.Ерекшелігі:

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? 3. Жалпы ереженің ерекшеліктері Егер: 1)Зардап шеккен баланың (+14) өзінің және оның заңды өкілдерінің келісімімен; 2)Егер әңгіме зардап шеккен бала (14-) туралы болса, заңды өкілдерінің келісімімен 3)Құқықбұзушылық жасаған баланың (16+) және оның заңды өкілдерінің келісімімен ақпаратты жариялауға болады.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? 4. Ерекшеліктерден тұратын ерекшеліктер - егер әңгіме қылмыстық істі жүргізіп жатқан органдардан алынған ақпаратты БАҚ-та тарату туралы болса; -егер зардап шеккен баланың заңды өкілінің өзі сол іс бойынша күдікті немесе айыпты болып танылса; -егер заңды өкілдердің бірі ҚР аумағынан тыс жерде жүрсе және оның келісімін алу мүмкін болмаса, келісім қажет етілмейді.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com МАҢЫЗДЫ!!! 1.Осы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік: 5 АЕК-тен жоғары айыппұл белгіленген 2.Жазбаша, ауызша, электрондық құжат түріндегі мәліметтерді жариялауға келісім беру үлгісіне қойылатын талаптар айқын емес; қалай сақтау және қалай нақтылау керек; түпнұсқаны қалай анықтау керек? 3.Бала туралы ақпаратты таратуға келісім алу үлгісі (?). 4.Мониторинг. Сот тәжірибесінің талдауы.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #5. МІНДЕТТІ ХАБАРЛАМА. ОЛ НЕ?

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Көптеген заңдарда БАҚ-та төтенше жағдайлар, техногендік және табиғат апаттары сияқты оқиғаларды міндетті түрде хабарлау туралы талаптар бар. БАҚ туралы заңда ондай хабарламалар қандай мерзім ішінде жариялануы тиіс екені туралы ережелер болмаған.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Дағдарысты коммуникациялар: мемлекеттік органдар төтенше жағдай орын алған сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей БАҚ-қа ағымдағы жағдай туралы ресми хабарлама беруге міндетті. БАҚ: ТЖ енгізілгені туралы хабарламаларды, егер талабы сондай болса, сот шешімі бойынша күшіне енген теріс мәліметтерге берілген жауапты немесе теріске шығаруды және т.б. ақысыз жариялайды

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #6. ЖУРНАЛИСТЕР МЕН РЕДАКТОРЛАРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ЖАҢА НЕГІЗДЕРІ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? БАҚ туралы заңда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқан жағдайда журналисті, бас редакторды (редакторды) жауапкершілікке тартпайтын негіздер тізімі болды Бұл іс жүзінде қиындықтар тудырды: тізім қысқа болды, негіздер нақты тұжырымдалмаған еді.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Егер мәліметтерде: - БАҚ сауалына жауапта немесе БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі уәкілетті тұлғалардан (бөлімшелерден) алынған материалдарда болса; - жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың өкілдерінің сөздерінде айтылса; -өзге БАҚ-тардағы хабарламада сол БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, таралған хабарламаларда, материалдарда немесе олардың үзінділерінде болса журналистер (редакторлар) жауапкершілігі болмайды.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #7. БАҚ-пен ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ БӨЛІМШЕЛЕР (ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР)

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңда немесе БАҚ туралы заңда ондай бөлімшелерді (лауазымды тұлғаларды), олардың қызметі мен құзыретін құру туралы ережелер болмаған Ондай бөлімшелер түрлі міндеті бар және өз міндетін түрліше атқаратын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар басшыларының бұйрығымен құрылды Іс жүзінде, көбінесе баспасөз қызметтері мен баспасөз хатшылары журналистердің ақпарат алуындағы кедергілер болып табылады

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөлімшелерді құрудың немесе лауазымды тұлғаларды тағайындаудың міндеттілігі (МКҚ-дан басқа, ОАО, ЖАО және өзге мемлекеттік органдар)өзара БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың негізгі қызметі мен міндеттері анықталды БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өту міндеттілігі

This presentation uses a free template provided by FPPT.com МАҢЫЗДЫ!!! (1) БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы жобалық ереже; (2) оның қызметі мен уәкілетті органмен өзара байланыс тәртібі; (3) белгілі бір аумақтағы халықтың тұрмыс-тіршілігі жағдайы бұзылғанда БАҚ-қа ресми хабарламалар беру тәртібі әзірленеді және қабылданады. Бұл жобалардың қабылдануы. Оларды әзірлеуге қатысу. БАҚ-пен өзара байланыс жөніндегі бөлімшелер (лауазымды тұлғалар) қызметінің мониторингі.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #8. БАҚ-ты ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Міндетті даналарды ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік – ескерту немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл Жарнама туралы заңнаманы бұзу – үш ай мерзімге дейін БАҚ шығарылымын (эфирге шығуын) тоқтату Шығыс деректерін жариялау тәртібін бұзу – ескерту, 20 АЕК айыппұл және БАҚ тиражын тәркілеу БАҚ-қа қатысты әкімшілік істі қарауға ҚР АКМ аумақтық бөлімшелер басшылары құқылы болған 3 баптың (БАҚ тілі) бұзылуы, сонлай-ақ, бір жыл ішінде 15 баптың (шығыс деректері) және 16 баптың (міндетті даналар) қайта бұзылуы БАҚ шығарылымын немесе таралымын (ҚР БАҚ туралы заңының 13 бабы) үш ай мерзімге дейін тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Міндетті даналарды беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік – тек ескерту ғана, 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салу алынып тасталды Жарнама туралы заңнаманың бұзылуы – БАҚ шығарылымы (эфирге шығуы) үш ай мерзімге дейін тоқтату алынып тасталды Шығыс деректерін жариялау тәртібінің бұзылуы - тек ескерту беріледі, 20 АЕК айыппұл мен БАҚ тиражын тәркілеу алынып тасталды БАҚ-қа қатысты ҚР АКМ аумақтық бөлімшелері басшыларының әкімшілік істерді қарау ықтималдылығы алынып тасталды ҚР БАҚ туралы заңының 3, 15, 16 баптары (жаңа) бұзылғанда БАҚ өнімдерінің шығарылымын немесе таралымын үш ай мерзімге дейін тоқтату ықтималдылығы алынып тасталды.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #9. БАҚ-та НАСИХАТТАУ ДЕГЕН НЕ?

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Экстремизмді, терроризмді, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды, олардың баламаларын және прекурсорларды насихаттау қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады және БАҚ туралы заңмен тыйым салынады ҚР Қылмыстық кодексіндегі «насихат» ұғымы анықтауыштары болмаса, қандай да бір ақпарат насихат болып табыла ма әлде жоқ па деген сұрақ тиісті сот сараптамасын жүргізу кезіндегі сараптамалық деңгейде шешіледі.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Заңдағы БАҚ туралы насихат ұғымы күрделілеу: «ҚР заңнамаларымен тыйым салынған ақпараттар туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру және (немесе) шектеусіз адамдар тобын заңға қарсы әрекет жасауға немесе әрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарастарды, дәйектерді және өзге де, оның ішінде, әдейі бұрмаланған ақпараттарды тарату.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #10. ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰПИЯЛАРДЫ ТАРАТҚАНДА КЕЛІСІМ АЛУ МІНДЕТІ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? ҚР қолданыстағы заңнамасында құқықтық құпияларды қорғау жөніндегі нормалар бар Жалпы ереже – қатысты тұлғаның келісімінсіз құқықтық құпяилары бар мәліметтерді жариялауға тыйым салынады Бірақ мәліметтер ондай келісімсіз таралып кетуі мүмкін болған жалпы ережеге енбейтін жағдайлар бар (мысалы, дәрігерлік, банктік, салықтық құпиялар) Журналистің әдетте, құпияларға тікелей қол жеткізе алмайды. Оларды ақпарат көздері, инсайдерлер таратады.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Журналистің жаңа міндеті – құқықтық құпяиларды БАҚ-та тарату үшін тұлғалардың келісімін алу; Ерекшелік. Егер: - мәліметтер ресми хабарламаларда көрсетілсе; -ақпарат көздеріне қол жетімділігі шектелмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өздері немесе олардың өкілдері таратса келісім қажет етілмейді. Келісімді қандай пішінде алу керек екені түсініксіз – жазбаша, ауызша, электрондық құжат түрінде; қалай сақтау керек, түпнұсқаның нақтылануы және т.б. Егер дәрігер науқастың келісімінсіз дәрігерлік құпияны заңды түрде таратса, журналист ондай келісімді алуға тиіс пе, жоқ па, түсініксіз. ҚР заңнамасы бойынша құпиялар тізімі. Осы норма салдарларын талдау.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com #11. АҚПАРАТТЫ ИНТЕРНЕТТЕ ТАРАТҚАНДА ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ? Барлық интернет-ресурстар ҚР БАҚ-ына теңестірілген, бұл интернетте таралатын контентке айрықша назар аударады Қолданушылар контенті әрқашан ҚР заңнамасымен тыйым салынған және БАҚ үшін ықтимал қауіп төндіретін ақпараттардың бар-жоғына модерацияланады Интернеттің қазақстандық сегментінде анонимдік іс жүзінде болмайды

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚАНДАЙ БОЛДЫ? Қолданушының ақпарат салуы: - Қолданушы келісімі (жазбаша түрде); -Келісім жасау үшін қолданушыны анықтау (сәйкестендіру) (Egov.kz немесе құпиясөзді SMS арқылы алу); -Өз есімін немесе бүркеншік есім қолдану -Жеке деректердің иесізденуі және оның келісім күші барлық мерзімі және келісім бұзылған соң тағы 3 ай бойы сақталуы тиіс.

This presentation uses a free template provided by FPPT.com БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ: Баспа БАҚ тиражын шығыс деректерінде: «тираж» орнына – «осы шығарылымның тиражы» деп көрсету Шетелдік БАҚ өкілдері мен журналистерін аккредиттеу – тәртіпті ҚР СІМ белгілейді БАҚ қызметінің ұстанымдары анықталды Аккредитация жүргізу үшін ұйымдастырудың кеңірек ортасы белгіленді

This presentation uses a free template provided by FPPT.com ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 1.БАҚ редакциясынан ақпарат сұратудың жаңа жобалық үлгілері: (1) ресми ақпаратты түсіндіру үшін сауал жіберу (2) ақпарат беру үшін сауал жіберу; 2.Берілген жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талаптар алған кезде БАҚ редакциясы қызметінің алгоритмі; 3.ҚР заңнамасында бекітілген құпиялар тізімі; оларды келісім алмастан таратып жіберген жағдайлар

This presentation uses a free template provided by FPPT.com НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ! Ольга Диденко, Интерньюс-Қазақстан заңгері | Кеңсе: 7 (727) (ішкі нөм.129)