Орындаған: Әділ Жамиля Әбілдабек Диляра PUBLIC RELARHIONS 8 байланыс телефоны: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі БИЗНЕС -ЖОСПАР.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Advertisements

LOGO Диплом жұмысының тақырыбы: «Халықаралық менеджмент: даму перспективасы мен болашағы» («Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ мысалында)
Орындаған: Отарова Гульназ Тобы: СиС-33 Тексерген: Мамыкова М.Ө. Маркетингтік орта. Маркетингтік зерттеу.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
1866 жылы 1866 жылы швейцарлық фармацевт Анри Нестле компанияның негізін қалаған. Сүттің, бидай ұны мен қанттың әр түрлі комбинацияларымен тәжірибе жасай.
( өнім-нарық матрицасы) - өнімді нарықта орналастыру стратегиясын анықтауға арналған стратегиялық басқарудың аналитикалық құралы болып табылады.
Тексерген: Сисенгалиева К.М. Орындағандар: Өмірзақова М. Саттар С. Пернебай А. Рысбай Д. Сайлаубек С.Санат Д. Bonjour Сəн салоны.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Экономика негіздері. Экономика (гр. Οικονομία үй шаруашылығын жүргізу өнері) материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Орындаған: МНН-11 Мырзабекова Жанерке Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Қаржы Омарова Нурия. Тарихы Біздің компания ата-бабамыздың ізін қуып, адамдарға қол ұшын беру мүмкіндігін ұсынады. Ежелгі заманда бабаларымызда.
2017arouse.All Rights Reserved 1 Нұрғалым Дарын Орындаған: Нұрғалым Дарын Полат Нұрсұлтан Полат Нұрсұлтан Қарж. тәуекелдерді стат.талдау.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Транксрипт:

Орындаған: Әділ Жамиля Әбілдабек Диляра PUBLIC RELARHIONS 8байланыс телефоны: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі БИЗНЕС -ЖОСПАР КОНДИТЕРЛІК ӨНІМ GOLDEN CAKES

«Golden Cakes» «Golden Cakes» кондитерлік өнімдері - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар печенье,салаттар, десерттер, мороженое нан өнімдері, кекс және вафлидің бірнеше атаулары кіреді. Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Golden Cakes» кондитерлік өнімінің айрықша ерекшелігі әр алуандығымен ажыратылатын диеталық, сонымен қатар біз қоспаға тек қана табиғи өнімдерді қосамыз. Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.

«Golden Cakes» кондитерлік өнімінде 100-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы қаласы, Байзакова 280, Almaty Towers бизнес центрінің ішінде орналасады. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Компания өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал болады. Golden Cakes өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда.

Golden Cakes кондитерлік өнімі сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын болады, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған болатынбыз. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Болашақта Golden Cakes кондитерлік өнімі Қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тарайтын болады.Бұл 2025 жылдарға қарай болжанып отырған жоспарымыз. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан Golden Cakes кондитерлік өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

Жұмысшыларға қойылатын талаптар: Даяшылар бірдей киім үлгісінде, шашы жинақы болуы тиіс.Ақпараттық техниканы және арнаулы техниканы жетік меңгерген болуы тиіс.Аспазшылар арнайы сертификатталған өз ісінің шебері болуы міндетті. * Тіл шеберлігі; Жауапкершілік; Сыпайылық;

К омпаниямыз тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды! Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар.

Golden Cakes кондитерлік өнімдері өнімдерін тұтынушылар жиі қолданатындықтан қазіргі кезде бұл фирманың дүкені Алматы қаласында орналасады. Халықтың туу деңгейі жоғарылағандықтан компания ассортиментінде кішкентай балаларға арналған өнімдерімізді көбейтудеміз. Мысалы, осы жылы фирма арнайы балаларға арнап, жаңа жылдық конфет сыйлықтарының жаңа түрлерін қосып, сыртқы қаптамасын әдемі безендіретін боламыз. Соңғы жылдары дәрігерлердің көрсеткіші бойынша халық арасында диабет ауруына ұшырау жиілілігі екі есе өскен. Осыған байланысты, компания арнайы диабетиктерге арналған кондитер өнімдерін шығырады. Бұл өнімдер оған қоса, диабет ауруына шалдыққандардың денсаулығы үшін керекті микроэлементтермен байытылған.

. Golden Cakes фирмасы Қазақстандағы тәжірибесі мол ұйымдардың бірі болып келеді. Компания өз өнімдерінің қоршаған ортаға залалын тигізбеу үшін көптеген шаралар қолданады. Мысалы, фирма өндіретін балмұздақтардың орамдары экологиялық жағынан қауіпсіз шараларына толығымен жауап береді. Компания болашақта өз заводтарының қалдықтарын қайта өңдеуге жіберу, шектелген ресурстарды басқа игіліктермен алмастыру сияқты жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Golden Cakes компаниясының тұтынушылардың көңілінен шығудың себептерінің бірі – өнімдердің салт-дәстүрге сай жасалуы. Мысалы,біз компаниямызда наурыз мейрамдарына киіз үй формалы балмұздақ, торт, десерттер жиынтығын шығаратын боламыз. Және олардың аттары да қазақ халқының дәстүріне сай аталатын болады. Фирма жастардың талғамдарын да ескеруге тырысады. Мысалы, қазіргі бойжеткендердің көбісі фигура, сыртқы келбеттеріне көп назар аударады. Сондықтан компания, тәттіні жақсы көретін, бірақ фигурасына назар аударатын тұтынушылар үшін арнайы 80% какао қосылған өнімдер, мармелад өнімдерін шығарады.

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Жабдықтаушыларға көптеген талаптар қойылады. Оның ішінде ең маңыздылары: өнім сапасы стандарқа сай болуы, келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу, өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау, келісілген бағаны сақтау және т.б. Golden Cakes компаниясының ең маңызды жабдықтаушыларының бірі «Алтайская Нива » компаниясы. Golden Cakes пен «Алтайская Нива» 2021жылдан бастап келісімге отыратын болады.

Алтайская Нива Компания 23 офис; 2, 3 этаждан тұрады Ай сайынғы облыстық аграрлық басылым. Газет Алтай өлкесінің әкімшілігіне, облыстық заң шығарушы ассамблеяға, Алтай өлкесінің Ауыл шаруашылығының бас басқармасына және облыстың барлық аудандарында, оның ішінде аудандық әкімшіліктер мен ауыл шаруашылығы әкімшіліктеріне таратылады. «Алтай Нива» облыстық бюджеті есебінен 1000 ірі ауыл шаруашылығы, өңдеуші кәсіпорындар, шаруа (фермер) шаруа қожалықтары, кәсіподақтар мен ассоциациялар, агроөнеркәсіптік компаниялар тегін алады. Сондай-ақ, газет жазылу арқылы таратылады.

Тәттінің бағасы: ПП торт 4500тг ден бастап Дәмделінген кекс Бір қорапшасы 2500тг *Киіз үй* балмұздағы 600ден бастап

Компания өз алдында қойған міндеттерінің ішінде: Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру. Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру. Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.

Golden Cakes кондитерлік өніміне маркетингтік талдау Кондитерлік өнімдеріміздің экономикалық және тиімді өсуі кәсіпорынымыздың басқару құрылымының тиімділігіне байланысты. Кәсіпорынымыздың маркетингті басқару мақсаттары келесідей: 1. өндіріспен және сұранысқа ие болмайтын тауарларды шығарумен байланысты шығындарды болдырмау; 2. кәсіпорынның мақсатына жету үшін сұранысты ынталандыруға байланысты шығындарды минималдау; 3. тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырған жағдайда ресурстарды оңтайлы пайдалану; 4. нақты тұтынушылардың және еңбек коллективінің сұранысы мен қажеттілігін ескеретін әлеуметтік бағыттағы жағдайларды құру; 5. тауарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге жағдай жасау және өз имиджін көтеру; 6. Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметкерлерінің маркетинг қызметті жүзеге асыру үшін белсенді ат салысу.

Кәсіпорынның маркетинг жұмысы Кәсіпорынның маркетинг жұмысының нәтижесі мәдени факторларға байланысты. Қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы, іс-қимыл қатынастары маңызды мәдени фактордың көрсеткіштеріне жатады. Golden Cakes компаниясының тұтынушылардың көңілінен шығудың себептерінің бірі – өнімдердің салт-дәстүрге сай жасалуы. Мысалы,біз компаниямызда наурыз мейрамдарына киіз үй формалы балмұздақ, торт, десерттер жиынтығын шығаратын боламыз. Және олардың аттары да қазақ халқының дәстүріне сай аталатын болады. Фирма жастардың талғамдарын да ескеруге тырысады. Мысалы, қазіргі бойжеткендердің көбісі фигура, сыртқы келбеттеріне көп назар аударады. Сондықтан компания, тәттіні жақсы көретін, бірақ фигурасына назар аударатын тұтынушылар үшін арнайы 80% какао қосылған өнімдер, мармелад өнімдерін шығарады.

Бастапқы шығын: Жиһаз, дизайн: тг. Жарнама:40000 тг. Арнайы киімдер: тг. Ыдыс аяқ: тг.

Даяшы:қызмет көрсетілімнен 7% Еден жуушы:2000тг. Тапсырыс жеткізуші:Тапсырыс берілген жерге байланысты Есепші:3000тг. Аспазшы5000тг. Қызметкерлер тізімі: Даяшы: 4 Еден жуушы: 2 Тапсырыс Жеткізуші:2 Есепші:2 Ыдыс жуушы:2(1ауысымда) Айлық есеп: Қызметкерлер күніне: 50000тг Айына: тг

Қаржылық бөлімі:несие алу арқылы. Несие 10%-дық есеппен 4 жылға тг.

Қорытынды. Қорыта келгенде, біз маркетингтік орта фирма өзіне пайдалы мүмкіндіктерді іздеуге және қауіп-қатердің алдын алуға негізделген сферадан тұратынын ұқтық. Оған кәсіпорынның рынокпен байланысты қалыптастыруға әсер ететін барлық факторлар күші жатады. Маркетингтік орта факторлары үнемі өзгеріп отыратындықтан, фирма оны толыққанды зерттеп, оның барлық даму тенденцияларын ескеру қажет. Біздің мысалымыздағы Golden Cakes компаниясының басты міндеті дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.Егер фирмамызды біз ары қарай өзіміздің тауарларымыздың сапасын арттырып, маркетингтік ортаның тағы басқа факторларын зерттеп, ескеріп отырсақ, болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан беделін әлем дәрежесіне көтереді деп сеніммен айтуымызға болады. Яғни, фирма маркетингтік ортаның неғұрлым жақсы және терең зерттеп, оның факторларының өзгерістерін мұқият бақылап, анализ жасаса, соғұрлым қатерлі жағдайлар тез табылып, жұмыстың пайдасы артады.