Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемДиана Габаева
1 Оқушы портфолиосы
2 Оқушы портфолиосы туралы түсінік оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім- біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
3 Оқушы портфолиосының артықшылықтары: Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы; Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы; Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;
4 Оқушы портфолиосының негізгі функциялары 1.Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы. 2.Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы. 3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
5 Оқушы портфолиосының түрлері 1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін). 2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
6 Оқушы портфолиосын дайындау технологиясы
7 1.Оқушыларды ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін сенімді негіз бола алатындығы. 2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы..
8 3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында өткізу немесе белгілі бір уақыт сайын көрсетіп отыру. 4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі. 5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы
9 Оқушы портфолиосының мазмұны
10 Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі. Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары. Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары. Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері. Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар. Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер). Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер. Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар).
11 -Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары. -Берілген қосымша тапсырмалар. -Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар. -Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері. -Дайындаған әдістемелік нұсқаулары мен дидактикалық жинақтарының қысқаша аннотациялары мен рецензиялары. -Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары. -Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытындылары мен түпкі нәтижелері. -Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
12 Оқушы портфолиосының маңызды бөлімдері -Автопортрет бөлімі: -Ақпараттық ресурстар бөлімі: -Жұмыс материалдары бөлімі: -Менің жетістіктерім бөлімі:
13 Оқушы портфолиосын бағалау өлшемдері Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай. Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай. Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай. Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай. Материалдарды безендіруі – 8 ұпай. Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай. Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай. Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай. Портфолионы көрсету – 10 ұпай. Барлығы – 70 ұпай.
14 Назарларыңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.