Бастау Жоспар Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Алтын адам Алтын адам Алтын адам Алтын адам Қазақтың.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Slides.kz – Қазақша слайдтар порталы Slides.kz.
Advertisements

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары ( рәміздері )
Сыныбы: 7 Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Пән мұғалімі: Жолымбетова О.С Шымкент қаласының 79 орта мектебі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр – біздің заманымыздың V ғасыр аралығы.
Шыңғыс әулетінің моңғол патшалығы дәуіріндегі қазақ халқы Орындаған: ТХ-31 тобының студенті Амангелді Сымбат.
Орындаған: Советова Инкар Психология 1 курс. Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы: Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда.
Ұлы даланың құндылықтары. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру.
1. Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Орындаған: Дінмұхамед Дамира Қабылдаған: Сахиева Л.М.
Мазмұны 1. Кіріспе. Киіз үй – қара шаңырақ. 2. Негізгі бөлім. Киіз үйдің ерекшелігі. 2.1 Оның ыңғайлылығы Киіз үй сүйегі Киіз үй түрлері,
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы. Орындаған:Турсунахунов Т. 22 Бух тобы.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Бейорганикалық заттардың химиялық технология факультеті XVI - XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті.
«Тәуелсіздікке 20 жыл» Оқушыларға білім бере отырып, оларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Астана – болашақтың қаласы. Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты: Білімдік:оқушылардың білім деңгейін көтеру,ұжымдық түрде білім алуға баулу, Білімдік:оқушылардың.
Тақырыбы : Психологияның даму тарихының негізгі кезеңдері
Металдар– Электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Транксрипт:

Бастау

Жоспар Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Алтын адам Алтын адам Алтын адам Алтын адам Қазақтың киіз үйі Қазақтың киіз үйі Қазақтың киіз үйі Қазақтың киіз үйі Домбыра Иассауи кесенесі Иассауи кесенесі Иассауи кесенесі Иассауи кесенесі Маңғыстау жерасты мешіті Маңғыстау жерасты мешіті Маңғыстау жерасты мешіті Маңғыстау жерасты мешіті Астана - Бәйтерек Астана - Бәйтерек Астана - Бәйтерек Астана - Бәйтерек

Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

Алтын Адам 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.

Қазақтың киіз үйі Киіз үй - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

Домбыра Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.

Домбыра

Ахмет Иассауи кесенесі Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

Ахмет Иассауи кесенесі

Маңғыстау жерасты мешіті Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні- түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

Астана - Бәйтерек «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.

Астана - Бәйтерек

Әдебиет Сайттар: Қайталау Аяқтау