ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Игисинова Н.Б. Тәрбие теориясы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Игисинова Н.Б. Тәрбие теориясы.
Advertisements

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Игисинова Н.Б. Тәрбие теориясы.
Тәрбие теориясы Мазмұны 1.Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде. 2.ТПҮ заңдылықтары және принциптері 3.Тәрбие мақсаты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Игисинова Н.Б. Тәрбие теориясы.
Отбасы – оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім мен оқушы ата – аналарының ынтымақтастығы.
Игисинова Нураш Бекпауовна Философия ғылымдарының кандидаты.
Студенттік ұжым психологгиясы Орындаған:Клычниязова Г.Н.
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРЛЕРІ,ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
Жұмыс орны Адамдармен қарым- қатынас СТИХИЯЛЫ ТӘРБИЕ Көше және қоршаған орта Отбасылық тәрбие Рухани тәрбие БАЛА Стихиялы тәрбие Ата-анасы Туған- туысқандары.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі. 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Алматы облысы, Қаратал ауданы Бастөбе ауылы М.Горький атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Ақбанбаева Тілеулес.
Дарынды о қ ушы- ұ лт болаша ғ ы. Дарынды о қ ушы- ұ лт болаша ғ ы. Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми- әдістемелік қызметті ұйымдастыру.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған.
Транксрипт:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Игисинова Н.Б. Тәрбие теориясы Тіркеу номері: МП Ұсынған: ФӘК және УӘБ Өскемен, 2008 жыл

Игисинова Нураш Бекпауовна Философия ғылымдарының кандидаты

Мазмұны 1.Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде. 2.ТПҮ заңдылықтары және принциптері 3.Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі 4.Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі 5.Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты 6.ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары 7.Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті 8.Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде 9.Отбасы тәрбиесінің негізі

Аннотация Пәннің мазмұны: Оқып меңгерілетін «Тәрбие теориясы» пәні жоғары мектептегі педагогикалық дайындау жүйесінде жоғары мәнге ие. Студенттерді іс-қимыл үстіндегі және теориялық проблемалардың ең ауқымды сұрақтарымен таныстыру, өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру. - Тәрбиенің дамуының қозғаушы күштеріне сипаттама береді - Отандық педагогтардың бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық негіздері жайлы мәселелері оқылады. Пәнді оқытудың мақсаты: - Болашақ педагог студенттерге «тәрбие теориясы» мәселесі бойынша теориялық және практикалық білімдер беру. Пәнді оқып үйренудің міндеті: - Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде болашақ тұлғаның дамуының педагогикалық теориялар туралы жалпы білім беру; педагогика саласындағы адамның атқаратын қызметін оқып білу; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының даму заңдылықтарын түсіну, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау. Курсқа сипаттама «Тәрбие теориясыі» курсын оқыған студент қарастыратын негізгі ұғымдармен таныс болуы, оны басқа ғылымдармен сабақтастыра алуы (педагогика, физиология, психология салалары) Бастауыш сынып оқушысының даму ерекшеліктерін тану, кәсіби қызметте пәннен алған білімдерін қолдана алуы тиіс.

Тәрбие теориясы Мазмұны Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде. ТПҮ заңдылықтары және принциптері Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде Отбасы тәрбиесінің негізі

Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде Педагогика пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі, бұл ұғымдардың дамуы, мектеп практикасында, оқу құралдарында, бағдарламаларда проблемалар көрсетілген Педагогикалық үрдістің мәні, оның коспоненттерінің құрылымы Негізгі ұғымдар: Педагогикалық үрдіс, Педагогтар-оқушылар Субъект-объект қатынастар субъект-субъектік қатынастар

ТПҮ білімділік, тәрбиелік және дамытушылық қызметінің өзара бірлігі мен өзара байланысы. ТПҮ оқу және оқудан тыс болады. Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері. Педагогикалық үрдістің тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісінің құралы. Педагогикалық үрдісті болжау және жағдайына диагностика жасау мәселелері

Тәрбие жұмысының формалары Нәтижелері ба ғ а Тәрбие принциптері мақсат Практикалық байланыс Жеке адам Сана мінез-құлық Өзін-өзі бағалау Тәрбие процесінің заңдылықтары Тәрбие процесінің Қарама- қайшылықтары ішкі сыртқы

Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез- құлық нормаларын қалыптастыру процесі. Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.

Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.

Педагогикалық үрдісте іс-әрекет түрлерін кешенді қолдану Іс-әркеттің жетекші түрлері Еңбек Ойын Қарым-қатынас Шығармашылық Таным Сөйлеу мәдениеті

Педагогикалық процесс қызметі етуші жүйе ретінде Іс-әрекет оқушыларІс-әрекет Ұстаздар

Педагогикалық процесс ерекшеліктері Белсенділік пен қатынастың бірлігі Әртүлі функционалды мамандандыру Субъектілердің өзара әрекеттері Атрибутивтік қасиеті педагогикалық прпоцестің

Тұға дамуының қозғаушы күштері Жаңа мүдделер Жаңа танымдық талаптар Дербестікке ұмтылыс Тұлғаның дамуындағы қызметтер Инерттілік, Стереотиптік, тұрақтылық Жақсы жетістіктерге Ұмтылыс Еркіндік пен Қоғамдық іс- әрекет

Педагогикалық проесстің қозғаушы күштерін қарастырған ғалымдар М.А.Данилов Н.Д. Хмель Г. И. Щукина Б.Т. Лихачев А.С. Макаренко Н.К. Крупская Г. С. Костюк В. А.Сухомлинский Н.А. Завалко

ТПҮ заңдылықтары және принциптері Педагогикалық заңдар Әлеуметтік Екі жақтылық сипат Ұжымды дамыту Экономикалық Оқушы- мұғалім Жас ерекшеліктерін ескеру Мақсаттылық Іс-әрекетті ұйымдастыру Жекелей, дербестікке пікір алмасу

Тәрбие принциптері Принцип- тері Тәрбиенің мақсаттылығы Тәрбиеленушінің Тұлғасына қойылатын Талаптар мен құрметтің бірлігі Жас және жеке Ерекшеліктеріне байланысты Тәрбиенің өмір мен Тәжірибемен байланысы Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі жүйелігі Ізгілік бағыттағы принцип Ұжымда және ұжым Арқылы тәрбиелеу Үздіксіздігі мен беріктігі Табиғатқа сәйкестілік принцип

Өзін-өзі тәрбиелеу Адамның өзінің теріс Қылықтарын жойып, Жағымды қасиеттерін Жетілдіру жөніндегі Саналы, мақсатты Іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің Әдістемесі Өзін-*өзі тәрбиелеудің Мақсатын қою Өзін-өзі тәрбиелеу Бойынша жұмыстарды жоспарлау Өзін-өзі тәрбиелеудің Нақты тәсілдерін игеру Өзін-өзі бақылау Өзін-өзі анықтау Өзін-өзі бағалау Өзін-өзі сендіру Өзін-өзі ұйымдастыру Өзін-өзі жетілдіру

Қайта тәрбиелеу Қайта тәрбиелеу -бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі, оның барысында құлықтық дамуымен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады Қайта тәрбиелеудің Әдістері Қайта ұғындыру- бұл тәрбиесі Қиын балалар педагогикалық Тұрғыда қараусыз қалған Оқушылар бойындағы дұрыс емес Сенімдерді Қайта құру әдісі Қайта оқыту- бұл теріс Қажеттіліктері мен Дағдыларды Түзеті әдісі Басқа іс-әрекетке жету-бұл тәртібімен мінез- Құлқынығң дамумында ауытқуы бар Балалардың белсенділігін Арыттыру қоғамдық пайдалы Іс-әрекетке ауыстыру Әдісі Күрт өзгерту-бұл тұлған ың ұжым және қоғамме қатынасынығң бұзылысын Шұғыл қалпына Келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің Макаренко Жасаған арнайы әдісі Еріксіз көндіру- бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі Сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік Тұрғыда өте қараусызщ қалған балаларға Қолданылатын педагогикалық әсер ету

Тәрбие процесі Тәрбие процесі-жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс- тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді. Тәрбие процйесінің екі жақтылық функциясының мәні –педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.

Тәрбие процесінің ерекшеліктері Тәрбие процесі-жеке тұғаны қалыптастыруды мақсатқа бағытталған үрдіс. Тәрбие процесі-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тиімді өзара іс-әрекеті (ынтықмастығы). Тәрбие процесінің көп факторларлығы объективтік және субъективті. Тәрбие процесінің ұзақтылығы тікелей емес тәрбие ықпалы кезеңінен нәтижеден алыстау мен сипатталады.

Тәрбие процесінің үздіксіздігі бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетінің жүйесі. Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты,түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы. Тәрбие процесі екі жақытылық сипатта болады:тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиеленушіге қарай.

Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс- әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.

- Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы- тәрбие процесі заңдылығының екінші құрамын құрайды. - Тәрбие процесінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясына жасаған ықпалы өте жоғары болатындығын тәрбиенің үшінші заңдылығы тудырады

- Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы. -Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы. - Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ.

Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі. Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі. Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалдары мектеп отбасы Бала- бақша қоғам Көше үйелмен Ресми емес топ

Тәрбие процесінің мәні Методология анықтама Тәрбие процесс Тәрбие процесі мазмұны Тәрбие процесінің этаптары Жеке адамда қалыптастыру Адалдық, сенім Бейімділікті қалыптастыру Қарым-қатынасты қалыптасру Білімді көрсетуді қалыптастыру Тәрбие процесінің құрылымы Қоғамдық тәрбиенің Міндеті (жеке адмды жан-жақты дамыту) Нақтылы мақсаты міндеті Өзін-өзі тәрбиелеудің Мақсаты, міндеті құралы Әдісі мазмұны құралы Әдісіі мазмұны

Тәрбие заңдылықтарын процессінің қарама-қайшылықтары Қарама- қайшылықтар ішкі Жеке тұлға дамуының қозғаушы күші жандүниесі Қызығушылығы сыртқы Мектеп, жекеленген Отбасы тәрбиелері Орта әсерлерімен ықпалдары Жан-жақты мақсаттар

Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі

ЖОСПАР 1.Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама. 2.Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында. 3.Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі.

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама Мақсат – ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі.

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама Педагогикалық әдебиетте мақсаттың келесі анықтамалары кездеседі: Мақсат Тәрбие процесінің элементі Жүйе құраушы фактор Педагог талпынысының объектісі Процесс тиімділігінің критерийі Алдын-ала болжамданған нәтиже

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама Оған жету жолдарын анықтау Күтілетін нәтижені жобалау Мақсатты негіздеу және ұсыну Мақсат құру процесі

Мақсат құру – үздіксіз процесс.. Қойылған мақсат пен нақты алынған нәтиженің сәйкес келмеуі, бүкіл процесті қайта ойластырудың негізіне айналады, оның перспективаларын қайта қарастыруға итермелейді. Сөйтіп тәрбие процесін жетілдірудің жаңа мақсатын ұсынуға мәжбүр етеді. Осының барлығы үнемі және үздіксіз мақсат құруға әкеледі. Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама

Тәрбие мақсатын анықтауға әсер ететін қажеттіліктер мен факторлар. әлеуметтік-экономикалық жағдай білім беру мекемесінің жағдайы оқушылардың жас және дара ерекшеліктері Ұжымның даму деңгейі қажеттіліктербаланыңата-аналардың педагогтардың білім беру мекемесінің қоғамның факторлар Тәрбие мақсаты Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама

Тәрбие мақсатының тиімділігі төмендегі талаптарға байланысты Диагностикалануы, яғни мақсаттың ұсынылуы, негізделуі және түзетілуі педагогикалық процеске қатысушылардың қажеттіліктері мен Мүмкіншіліктерін, тәрбие жұмысының жағдайларын зерделеудің негізінде жүргізілуі тиіс Реалдылығы, яғни мақсаттың ұсынылуы мен негізделуі нақты жағдайдың мүмкіншіліктерін ескеру арқылы іске асырылуы қажет, реалды жете алатындай мақсат болу тиіс

Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама Тәрбие мақсатының тиімділігі төмендегі талаптарға байланысты Сабақтастығы, яғни ол: а) тәрбие процесінде барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланысты іске асыруды; б) мақсаттың ұсынылуы және негізделуінің педагогикалық іс-әрекеттің әрбір куезеңінде қамтамасыз етілуді талап етеді. Нәтижеге бағытталуы, яғни мақсатқа жетудің нәтижелерін өлшемдеу, ол тәрбие мақсаты нақты белгіленген жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін.

. Тәрбие мақсаты мәселесі педагогикада ежелден талданып келеді. Құл иеленушілік және феодалдық дәуірде басқарушы тап тәрбиені және оның мақсатын ашық түрде өз қажеттіліктеріне орай бейімдеді. Ақыл- ой тәрбиесі тек ақсүйектер еншісінде болды. Қарапайым халық тек дене мен еңбек тәрбиесін қалыптастырды. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Көпке дейін тәрбие мақсатын құру абстрактілік-философиялық негізде іске асырылды, сондықтан оның нақты және ғылыми негізделуін қажет етпеді. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Неміс педагогы В.Рейн ( ) «тәрбие тәрбиеленушіден нағыз жақсы, өз халқы үшін пайдалы жұмыс істей алатын шынайы және мейірімді адамды қалыптастыру керек», - деп жазды. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Американ педагогы Эдвард Торндайк : «Тәрбие жалпы алғанда адамда басқа адамдарға деген мейірімділікті, игілікті және таза ләззат алуға ұмтылысты дамыту қажет», - деп айтты. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Кейбір батыс ғалымдары тәрбие мақсатын анықтау қажеттілігін жоққа шығаруға тырысты. Американ педагогы Джон Дьюи ( ): «Адам өзінің туа біткен түйсіктерінің (инстинкт) құлы болып табылады және оның табиғаты өзгеріске келмейді», - деп тұжырымдады. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында «еркін тәрбие» теориясы қалыптасады, оның негізінде Ж.Ж.Руссо ұсынған баланың табиғи ой және адамгершілік мүлтіксіздігі (совершенство) жатыр. Оны құрастырушылар: Э.Кей (Швеция), К.Н.Венцтель (Ресей), М.Монтессори (Италия) және т.б. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Еркін тәрбие теориясының ұстанушылары бала қалыптасуының әлеуметтік негіздерін қабылдамады және тәрбиенің негізгі мақсатты нұсқамасы ретінде балалардың айқындалып жатқан қызығушылықтар мен қабілеттіліктерінің спонтанды дамытуды, еркіндіктерін ештеңемен шектемеуін ұсынды. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

Бүгінгі таңдағы педагогикалық еңбектерде тәрбиенің ортақ мақсаты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу деп айқындалып отыр. Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасында (2001) тәрбиенің жалпы мақсаты – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру деп анықталған. Бүгінгі таңдағы тәрбие мақсаты мәселесі

Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі

Жоспар 1. Жеке тұлға туралы түсінік. 2. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар 3. Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар. 4. Жеке тұлға дамуындағы іс-әрекет пен. қарым-қатынастың алатын орны.

Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады. Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам. Даралық - бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.

Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі. Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі. Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі. Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі. Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі. Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі.

Адам даму субъектісі ретінде Адам Интелектуалдықдаму Эстетикалықдаму Жалпы дене дамуы Эмоционалдықдаму Адамгершіліктікдаму

Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты

Қарастырылатын сұрақтар Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары Тәрбие әдістерінің жіктелуі Тәрбие әдістерінің жіктелуі Тәрбие әдістеріне сипаттама Тәрбие әдістеріне сипаттама

Тәрбие түрлері Ақыл-ой мәдениеті Ақыл-ой мәдениеті Адамшершілік тәрбиесінің негіздері Адамшершілік тәрбиесінің негіздері Еңбек тәрбиесінің негізі Еңбек тәрбиесінің негізі Экономикалық тәрбие Экономикалық тәрбие Құқық және саяси тәрбие Құқық және саяси тәрбие Экологиялық тәрбие негіздері Экологиялық тәрбие негіздері Эстетикалық тәрбие Эстетикалық тәрбие Дене тәрбиесі Дене тәрбиесі

Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету (Т.Е.Конникова) Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В.А.Сластенин) Тәрбие әдістері – бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж.Әбиев)

Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері

Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс Тәрбие құралдары: іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары, коммуникация, құралдары.

Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптер: Тәрбие мақсаттары мен міндеттері Тәрбие мақсаттары мен міндеттері Тәрбиеленушілердің жас және дара, тұлғалық ерекшеліктері Тәрбиеленушілердің жас және дара, тұлғалық ерекшеліктері Ұжымның қалыптасу деңгейі Ұжымның қалыптасу деңгейі Тәрбиелік жағдайлар Тәрбиелік жағдайлар Тәрбие құралдары Тәрбие құралдары Тәрбиешінің тәжірибе деңгейі Тәрбиешінің тәжірибе деңгейі Тәрбие уақыты Тәрбие уақыты Күтілетін қорытындылар Күтілетін қорытындылар

Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі

Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марынко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.

Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша) Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері

Тұлғаның ақыл- ойын қалыптастыру әдістері Әңгіме Этикалық сұхбат Пікірталас Түсіндіру Өнеге

Әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі. Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі. Әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі. Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі.

Этикалық сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы

Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері Жаттығу Тапсырма беру ҮйретуТалап

Жаттығу – автоматты түрде талап, әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Талап – бұл тәрбиеленушілердің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін әдіс. Үйрету – пәрменді жасалынатын ағдыландыру.

Ынталандыру әдістері Мақтау Жазалау Жарыс

Мақтау – тәрбиеленушінің іс- әрекетіне қойылған жақсы баға. Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.

Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс- әрекеті

Қарастыратын сұрақтар 1. Ұжым туралы түсінік 2. Ұжым - тәрбие құралы 3. Ұжымның даму кезеңдері

Ұжым туралы түсінік Ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. Ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы. Әр бір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды.

Ұжым контактылынегізгі

Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ.. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.

Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады Кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары) Кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары) Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер, кәсіподақтар) Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер, кәсіподақтар) Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін ұжымдар ( көркемөнерпаздар, коллекционерлер) Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін ұжымдар ( көркемөнерпаздар, коллекционерлер)

Ұжым - тәрбие құралы Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.

Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын аса зор көңіл аударып зерттеген педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту орггандарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомилинский

А.В. Лунчарский: Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады- деп көрсетті. Н.К.Крупская: Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым - деп атап айтқан. В.А.Сухомилинский: Әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым- қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі – деп көрсеткен.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атап,ұжымның төмендегідей кейбір белгілерін көрсетті: Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ Біздің елімізде қазірі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл. іс-әрекетімен (оқу,еңбек т.б) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүдесімен мызғымас байланыстығын көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екендігін түсінеді.

Сондықтан оларды үнемі дамтытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.

Ұжымның даму кезеңдері Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады.

. Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс- әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезеңде – қоғамдық Үшінші кезеңде – қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – перспективаны таңдау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық перспективаларын білгеніміз жөн. Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр-түрлі іс- әрекетке ынталандыру, қызықтыру. Мысалы, жарыс,саяхат, цирк, мұражай. Орта перспектива- бұл перспективаға балалар лагеріне Орта перспектива- бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілген ән, сурет сайыстарына қатысу. Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талптану мақсаты. Мысалы, келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіріп жұмыс істеуге тілек білдіру және т.б.

Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде

Мазмұны Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен қызметі Сынып жетекшісі жұмысын диагностикалау Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлау Тәрбие жұмысын жоспарлау Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері Білім берудегі сынып жетекшісінің орны Тәрбие жұмысын талдау

Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен қызметі Оқушыларды тәрбиелеу. Басты міндетті шешу үшін, ол оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек. Оқушыларды тәрбиелеу. Басты міндетті шешу үшін, ол оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек. К.Д. Ушинский Адам-тәрбие нысанасы деген еңбегінде былай деп жазған: Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелеігісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек. К.Д. Ушинский Адам-тәрбие нысанасы деген еңбегінде былай деп жазған: Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелеігісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек. Оқушыларды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін класс жетекшісі оларды зерттеп білуі қажет. Балаларды зерттеп білу класс жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты. Оқушыларды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін класс жетекшісі оларды зерттеп білуі қажет. Балаларды зерттеп білу класс жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты.

Жеке оқушылар жайлы класс жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет: Жеке оқушылар жайлы класс жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет: - Баланың денсаулығы - жанұядағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы - баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы -мінез-құлқын, темпераментін, психологиялық ерекшеліктерін т.б. -адамгершілік қасиеттерін, еңбек көзқарастарын, эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, интеллектуалдық дамуы

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады. Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады. Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады. Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады. Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады. Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады.

Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері Зерттеу тәсілдері Бақылау тәсілі Сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарды Әңгімелесу тәсілі Анкеталарды толтыру тәсілі Табиғи эксперимент Тәуелсіз мінездемелерді Қорыту тәсілі Құжаттар мен танысу Оқушының шығармашылық Жұмысы мен танысу тәсілі

Зерттеуге қойылатын талаптар Зерттеу талаптары Үздіксіз жүйелі жоспарлы Оқушылардың тәрбиесімен сабағына бағытталуы Әр түрлі Әдістерді Қолдану арқылы Оқушылардың өмірі мен қызметінің табиғи жағдайында Оқушыларды жан-жақты зерттеу Оқушылардың тұрмыс жағдайы мен өмірімен танысу

Сынып жетекшісі жұмысын диагностикалау Диагностикалау қызметін жүзеге асыру сынып жетекшісінің оқушылардың тәрбиелігіндегі өзгеруін және бастапқы деңгейін анықтауды қарастырады. Ол баланың жеке басын зерттеуге, оны талдау, тұтас педагогикалық процеске сипаттама және алынған нәтижелердің тиімсіз себептерін іздеуге бағытталған. Диагностикалық қызметті іске асыруда сынып жетекшісі екі жақты мақсатта болуы мүмкін: біріншіден, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін қарастыру, екіншіден, сынып жетекшісінің қолында баланы зерттеу диагностикалау жеке тұлғаны қалыптастыру және даралықты дамыту құралдарына айналуы мүмкін.

Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлау Мақсаты сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеттің мақсатын қатысушылармен бірге қарастыру болып табылады. Оқушылардың жас деңгейлеріне байланысты және сынып ұжымының қалыптасу деңгейі сынып жетекшісінің бұл үрдісте қатысу бөлігі өзгереді. Мақсат логикасы сынып жетекшісінің қызметін жоспарлау үрдісінде көрінеді.Тәрбие жұмысын жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымын іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға көмек көрсету.

Тәрбие жұмысын жоспарлау Жоспарлау –тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін анықтайды. Мақсатты және анық жоспар педагогтың көптеген қателер мен жағымсыз құбылыстардан шығуға көмектеседі. Негізделген жоспар қойылған тәрбиелік міндеттерді шешудің жалпы болашағы мен нақты жолдарын қарастырады.

Ол төмендегі функцияларды орындайды: бағыттаушы,анықтаушы яғни нақты бағыттармен іс-әрекеттің түрлері болжау, ойлауды жанама бейнелейді, нәтижені нақты әректтер арқылы қарастырады; - үйлестіру, ұйымдастырушылық; - бақылау; - репродуктивтік (қабылдау)

Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері Тәрбиелік процестің тиімділігі педагогтың, оқушылардың және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасына байланысты. Үлкендермен балалардың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін педагог, ата-аналар, балалардың бірлескен қызметі ұйымдасқан болса, онда ұжым біртұтас үлкен отбасы ретінде қызықты өмір сүруі өте маңызды. Бұл отбасының ынтымақтастығының қалыптасуына ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінушіліктерін белгілейді, отбасында жағымды жағдайларды құрайды. Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтадың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру ең алдымен, осы үрдісте үлкендермен өзара іс- әрекет қалай құралатына байланысты болады. Ата-аналар, сынып жетекшілері, балалардың педагог-тәрбиешілері және олардың тәрбиелік нәтижелері тиімді болады егер, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесуі болуы мүмкін. Осы бірлестік негізінде – берілген нәтижеге жету жолдары мен жалпы мақсатына деген ұмтылыс бірлігі, тәрбиелік үрдіске деген көзқарас.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс- әрекетінің ерекшеліктері Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері Ата-аналарды балаларының Оқу еңбегінің нәтижелері Туралы хабардар етіп отыруы Ата-аналарды балаларының оқуына Көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету Балалардың қызығушылықтарын дамытуға Ата-аналарды қатыстыру

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың түрлері Ата- аналар жиналысы Ашық есік күндерін өткізуге қатыстыру Жеке жұмыс

Білім берудегі сынып жетекшісінің орны Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады. Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші. Оқушы Ата-ана Сынып жетекшісі Пән мұғалімі

Тәрбие жұмысын талдау Тәрбие сабағын өткізу Тәрбие шарасына мінездеме беру Тәрбие жұмысының мазмұның ашу Тәрбие әдістерін таңдау Оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі Тәрбие істерінің нәтижесі Қорытынды Ұсыныс

Отбасы тәрбиесінің негізі

ЖОСПАР 1.Отбасындағы тәрбие. Отбасы түрлері. 2.Отбасындағы педагогика үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі. 3.Отбасы тәрбиесінің мазмұны, мақсаты, міндеті. 4.Оқушылардың отбасымен сынып жетекшісімен ынтымақтастық әдістерінің түрі, құралы.

Отбасы тәрбиесі Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән- дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта.

Отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда да, еңбек ұжымы да, дос – жарандары да, отбасы – бұл әдеппен өнер кілті де. Тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Жанұя қандай болса, онда өсіп, ержеткен адам да сондай.

Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруды ең алдымен отбасына үлкен назар аударғаны жөн.

Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тақау, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

Педагогикалық ғылымның барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми – теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму денгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен.

Жанұядағы тәрбиені субъектілері – ата-анамен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз іс-әрекет.

Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады. /2-суретті қараңыз/

2 сурет Ата-аналар Балалар Мақсат,міндеттер, мазмұны. Құралдар, формалар, әдіс және тәсілдер, тапсырмалар.

Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады.

Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор.

Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.

Жанұяның тәрбие жұмысын зерттеуді ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық карталар) зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдісті қолданғанда алдын ала жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.

Жанұя – іштей тұрақты, тұйық ұжым.

Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады 1.Репродуктивті – баланың туылуы. 2.Тәрбиелік – жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы. 3.Тұрмыстық-экономикалық – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару. 4.Коммуникативті – жанұялық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру. 5.Рекреативті - іс-әрекет ұйымдастыру.

Репродуктивті Тәрбиелілік Рекреативті коммуникативті Тұрмыстық – экономикалық

Жанұя – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адам. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.

Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет- әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету.

Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз бала жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуын қалыптастырады.

Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады.

Жанұя тәрбиесінің проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.

Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс- керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс- әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.

Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата- аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата- аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жеке меншіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизімі туу мүмкін.

Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастырулары қажет.