Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Advertisements

Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесі Орындаған:Турмуханова Асем Аманбаевна.
Бағдарламада ұсынылған жеті модуль Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау;
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРЛЕРІ,ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
Аты – жөні: Тоғызбаева Айзада Әлмағанбетқызы Туған күні, айы, жылы: жыл Ұлты: Қазақ Білімі: Жоғары Мамандығы Химия-Биология пәні мұғалімі Бітірген.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Бершүгір орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі: Иржанова Бибзада Ельбаевна.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Кітапхана 205 қазақ орта мектебінің кітапханашысы Смайлова Зейнегүл Жадігерқызы туған жылдан бері мектеп кітапханасында қызмет атқарып.
Жаңа технологияның жылдам дамуына байланысты дәстүрлі оқыту әдістерін қайта қарауға тұра келуде. Бұл үрдіс әртүрлі пікірлердің қалыптасуына да септігін.
Тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту».
Алматы облысы, Қаратал ауданы Бастөбе ауылы М.Горький атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Ақбанбаева Тілеулес.
Ойын - балалардың құзыреттлігін дамыту негізі. Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес,
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.
Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.
Оспанова Гүлнар Айжарыққызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің Жоғары санатты Химия-биология пәнінің мұғалімі.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Транксрипт:

Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген.

Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. «Даму ұғымы» философиялық сөздікте... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі. Терістеу- дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықгау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым- қатынасының нәтижесі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. І.Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді. « Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л.С.Выготский. Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.

Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап,- оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер [25] "даму" деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Диствергтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. '"Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді " -деген. Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін - өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері. Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс- әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ. Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.

І. Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз. Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын.

Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган ар т пу жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.

Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, завдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жмыстарын жүргізеді. Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесінде ұлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің аттас" деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.

І.Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер? 2.Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір" деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер? З. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті? 4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т.с.с. Оқушылар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.

З. Оқу процесін түсіну және сезіну Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.

Мысалы: а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.) ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі) Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім ?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.

4. Сабақ материалын жеделдете өту. Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа қүмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта Орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.

5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу. Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын " жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі технологиясы

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі білім саласында 50 жылдан аса қызмет етіп келеді жылғы оқу жылынан бастап Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың бастауыш білім берудегі жүйесі бастауыш оқытудың мемлекеттік жүйесі болып қабылданды. Бұл оқыту технологиясы Ресей, Қазақстан, Украина, Белорусия, Латвия мектептерінің тәжірибесіне енгізілді. Бұл оқыту технологиясы француз, неміс, голландық, канадалық, норвегиялық және жапондық педагогтардың қызығушылығын тудырып отыр.

Жүйе авторлары Даниил Борисович Эльконин (1904 – 1984 ж.ж.) атақты Лев Семеновича Выготскийдің оқушысы болғанын мақстан тұтатын. Д.Б.Эльконин Выготскийдің идеяларын дамыта отырып, балалар мен педагогикалық психологияның өзіндік ғылыми бағытын құрды. Ол бала дамуының кезеңдері мен бала ойынының теориясы және балаларды оқуға оқыту әдістемесін жасады.

Василий Васильевич Давыдов (1930 – 1998 ж.ж.) – ұлы педагог-психолог, Л.С.Выготскийдің ізбасары, Д.Б.Элькониннің шәкірті. Педагогикалық психология бойынша жұмыстары дамыта оқыту мәселелері мен психикалық дамудың жас мөлшеріне арналған. Оның әртүрлі типтегі адамның ойлау теориясының негізінде математика, орыс тілі, химия, география және т.б. пәндер бойынша нақты бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар жасалынып, енгізілді.

Эльконин мен Давыдовтың «Дамыта оқыту» жүйесінің тарихы 1991 жылы Эльконин-Давыдовтың білім беру жүйесі жаппай педагогикалық тәжірибеге енгізілді жылы мұғалімдер мен мектеп басшыларының мен дамыта оқытудың мамандары мен ғалымдарының жалпы идеялары н өзара біріктіретін В.В.Давыдовтың бастамасымен және тікелей қатысуымен «Дамыта оқыту» Халықаралық Ассоциациясы құрылды жылы РФ Білім Министрлігі Алқасының шешімімен Эльконин-Давыдовтың білім беру жүйесі дәстүрлі білім беру жүйесі және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесіне пара-пар мемлекеттік оқыту жүйесінің бірі болып анықталды жылы Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов зертханасының қызметкерлері отандық білім беру жүйесіне РФ Президентінің Премиясын алды жылы бастауыш мектеп пен Москва қ. 91 мектеп мұғалімдеріне арналған «Литература как предмет эстетического цикла» курсының авторлары білім беру облысындағы Үкіметтік премия алды жылы «Дамыта білім беру» Ашық институты құрылды, институттың базасында білім беру қызметкерлерін қайта дайындау және біліктіліктерін көтеру жүзеге асырылады жылы Москва қ. 91 мектеп базасында Д.Б.Элькониннің «Бастауыш сынып оқушысының психологиясы» атты лаборотория ашылды.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі білім саласында 50 жылдан аса қызмет етіп келеді жылғы оқу жылынан бастап Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың бастауыш білім берудегі жүйесі бастауыш оқытудың мемлекеттік жүйесі болып қабылданды. Бұл оқыту технологиясы Ресей, Қазақстан, Украина, Белорусия, Латвия мектептерінің тәжірибесіне енгізілді. Бұл оқыту технологиясы француз, неміс, голландық, канадалық, норвегиялық және жапондық педагогтардың қызығушылығын тудырып отыр.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі білім саласында 50 жылдан аса қызмет етіп келеді жылғы оқу жылынан бастап Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың бастауыш білім берудегі жүйесі бастауыш оқытудың мемлекеттік жүйесі болып қабылданды. Бұл оқыту технологиясы Ресей, Қазақстан, Украина, Белорусия, Латвия мектептерінің тәжірибесіне енгізілді. Бұл оқыту технологиясы француз, неміс, голландық, канадалық, норвегиялық және жапондық педагогтардың қызығушылығын тудырып отыр.