Орындаған: Кулбаева А.К. 309 Б Тексерген: Жубаниязова А.С. Актөбе 2016 ж М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Кафедра:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Advertisements

сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Фармацевтикалық факторлар және олардың дәрілік зат терапевтикалық эффективтілігіне әсері Орындаған: Мұхтар З.Қ. Группа: ТФП Курс: 4 Тексерген:
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Тақырыбы: Адамға қауіп факторының әсер ету ұзақтығын бағалау Орындаған: Памирова Салтанат 206-ЖМ Тексерген: Калбагаева Ж.Е СЕМЕЙ 2017.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Экономика негіздері. Экономика (гр. Οικονομία үй шаруашылығын жүргізу өнері) материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Тақырыбы : Атмосфера құрылысымен танысып, оның маңыздылығы мен заңдылықтарын сипаттау. Түркістан 2012 ж.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Орындаған: Жақанова А.К. 5 В Дефектология Оқытушы:Жантеева Г.Е Оқытушы:Жантеева Г.Е.
Транксрипт:

Орындаған: Кулбаева А.К. 309 Б Тексерген: Жубаниязова А.С. Актөбе 2016ж М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Кафедра: Экология және гигиена Дисциплина: Жалпы гигиена Тақырыбы: Елді мекендерді жоспарлау және салудың гигиеналық негіздері. Тұрғын үй гигиенасы.

Жоспары: І. Кіріспе бөлім: Тұрғын үй гигиенасы анықтамасы, оның негізіне жалпы шолу. II. Негізгі бөлім: А) Қаланы жоспарлау және салу. В) Қалалық шу және оның нормативтері. В) Тұрғын үй гигенасына жер учаскесін таңдау, ғимараттардың түрлері. С) Тұрғын үйдің ішкі ортасын ұйымдастыру. Д) Желдетілуі. III. Қорытынды бөлім. IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе Адам өз өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің атқаратын ролі ерекше. Үй адамды климаттық факторлардың (ыстықтан, желден, атмосфералық жауын-шашындардан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен айналысуына, бала тәрбиесі, демалуы үшін, еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруіне және жеке басының гигиенасын сақтауға қолайлы жағдайлар туғызады. Жақсы тұрғын үй адамның денсаулығына, оның эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілетіне және барлық тұрмыс тіршілігіне қолайлы әсер етеді. Тұрғын үй адамның қолымен жасалған жасанды, әлеуметтік орта болып табылады, оның әр түрлі – физикалық, химиялық, биологиялық факторлары адамның денсаулығына әркелкі әсер етеді. Мысалы, тұрғын үй ішінде әсер ететін физикалық факторларға микроклимат, бөлмелерге күн сәулесінің түсуі және жарықтанғандығы жатады.

Тұрғын үйдің адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі бірқатар жағдайларға, атап айтқанда: · елді мекендегі гигиеналық жағдайға, оның ішінде, құрылысты салу әдісіне және санитарлық тұрғыдан абаттандыру дәрежесіне; · тұрғын үй ғимараттарынан тұратын ықшам ауданның гигиеналық жағдайына; · тұрғын үй ғимаратының түріне, қолданылған құрылыс материалдарына, ғимарат бөліктерінің құрылысына; · пәтердің ішкі жоспарлануына, бөлмелердің құрамы мен олардың өлшемдеріне; · бөлмелерге күн сәулесінің түсуі мен жарықтануына; · микроклиматтық жағдайлар мен жылытуға; · ауаның тазалығы мен желдетілуіне; · үйдің санитарлық жағдайына байланысты болады. Осы аталған барлық мәселелерді тұрғын үй гигиенасы зерттейді.

Қала құрылысының негізгі қағидалары: 1.Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигеналық қажеттіліктерін қанағаттандыру қанағаттаныру үшін барлық мүмкіндіктерін жасау қажет. 2.Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет. 3.Жеке қалалардың, ауылдардың ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет. 4.Өте үлкен, үлкен қалалардың өсуін, олардың жанына тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс. 5.Қалаларды кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек. 6.Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түрінде – микроаудандарға ерекше назар аудару қажет.

Жаңа елді мекен құрылысын салу немесе оны кеңейту үшін аймақты таңдау өте маңызды, өйткені, елді мекендерді жоспарлау шешімдері, қаладағы болашақта болатын микроклимат жағдайлары, жеткілікті ауа алмасуы, сумен қамтамсыз етілуі, эпидеимялық қауіпсіздігі, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуі осыған байланысты болып табылады. Территория батпақты болмауы және өзен, қол сулары тасығанда, қатты жауын-шашын кезінде су алмайтын болуы керек. Топырақтағы құрғақ, таза, грунт суларының деңгейі төмен болуы қажет. Микроклиат жағдайларын, шудың және басқа да физикалық факторлардың таралу жағдайларын жасауда, сонымен қатар, атмосфералық ауада химиялық және биологиялық ластаушылардың жинақталуында немесе таралуында жер бедерінің маңызы зор. Мысалы, шұңқырлар мен алқаптар, олардың әсіресе температуралық инверсиялар кезінде нашар желдетілуі нәтижесінде, атмосфералық ластаушы заттардың резервуары болып табылады.

Қала келесі тұрғын (селитебті), өндірістік, коммуналдық-қойма, сыртқы транспорт, тұрғындардың демалысына арналған қала шетіндегі орындар сияқты, негізгі функционалдық зоналарға бөлінеді. Қалада қолайлы гигиеналық жағдайларды жасау үшін функционалдық аймақтардың өзара тиімді орналасуы ең маңызды болып табылады. Қаланың селитебтік аймағы түрғын удандарды, қоғамдық орталықтарды және жасыл желектерді орналастыруға арналған. Ол үшін, жасыл желектері көп, су көздері жақын орналасқан, таза, қолайлы жер телімі таңдап алынады. Өндірістік аймақты, елді мекен аумағындағы су көздерін өндірістік ағызынды сулармен ластамау үшін, өзен ағысының бойымен тұрғын аумақтан төмен, белгілі қашықтықта және тұрғын аумақтық жағына орналастырады.

Қолайлы микроклимат жағдайлары мен инсоляция көбінесе, құрылыс жүйесіне – ғимараттардың аумақта орналасуына, олардың ұзындығына, пішініне және өзара орналасуына баланысты болады: Біртұтас жүйеде квартал аумағындағы үйлер көшелердің бойымен және кварталдың ішіне жаппай тұрғызылады. Тұйық жүйеде ғимараттар барлық периметр бойымен үздіксіз салынады, ал квартал ішінде аулалар орналасады. Периметральдық құрылыс жүйесінде аралары ашық ғимараттарды көшелердің периметр бойынша орналастырады. Топтық құрылыс жүйесінде, ғимарат топтарының арасында ашық араларды ұйымдастырып, ғимараттарды жекелеген аумақтарда топтап салады.

Әр түрлі көздерден туындацтын шудың деңгейі (дБА) Шу көздеріШу деңгейіШу көздеріШу деңгейі Шусыз бөлме0Дөңгелекті трактор Жапырақтардың сыбыры 10Жеңіл автокөлік қозғалатын көше м ара қашықтағы сыбырлап сөйлесу 20Жүк көлігі м ара қашықтағы қалта сағатыныа соғуы 20Балалардың ойыны дейін Тыныш пәтер30Пианинода ойнау90 Әдеттегі тұрғын үй шуы 50Емшектегі баланың жылауы 80 Ақырын сөйлеу40Ән ату67-92

Тұрғын үйлердiң ауданы жанұяның әрбiр мүшесiнде кемiнде 8, 25 квадрат метрi дәл келетiндей етiп болуы керек. Көпқабатты тұрғын үйлерді салуға орналасқан жерді таңдауда тұрғындар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Тұрғын үйдің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, тұрғын үйге арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Тұрғын үйдің территориясы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын- сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Тұрғын үй жерінің 30 % үй ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Тұрғын үйдің ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, спорт және шаруашылық зоналары. Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау.

Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) тұрғын үй кешенінің көше жағында орналасады. Ол тұрғын үйді транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды- қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Тұрғын үйдің терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, үй бөлмелерінің жарығын азайтады. Қорғаныс аймағы:

Пәтердің қолайлы кеңістіктік параметрлерін жасау(1 адамға есептелген адамдар тұратын ауданның өлшемі, бөлменің биіктігі, қосымша бөлмелер, пәтерлердегі ашық жайлар); Жыл мезгілдері мен климаттық жағдайларды ескеріп, қолайлы микроклимат жасау; Бөлмеге күн сәулесінің түсуін қоса алғанда, жеткілікті табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру; Сандық және сапалық параметрлері бойынша (1 адамға шаққандағы, ауа көлемінің мөлшері, ауадағы антропотоксиндер мен уытты заттардың, микроағзалар мен шаңдардың мөлшері) бөлмедегі ауа ортасының қолайлы жағдайын жасау; Қаладағы көлік, көше мен пәтер шуының төмен фоны жағдайларында адамдардың ой еңбегімен айналысуы үшін, демалуы мен ұйықтауы үшін қолайлы жағдайлар жасау; Отбасының шаруашылық-тұрмыстық жұмыстарын орындау мен балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау: Үйдің ішкі көрінісін эстетикалық безендіру үшін жағдайлар жасау. Тұрғын үйдегі қолайлы жағдайлар келесі гигиеналық талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі:

Жабық бөлмелердегі ауа тазалығының көрсеткіштері: Ауаның тазалық деңгейі СО2 концентр ациясы, пайыз Бихромат ты тотықтыр ғыштық, мг/м3 Жалпы 1м3 ауада Стрепток окктар 1м3 ауада Стафилок окктар 1м3 ауада Таза0,007 дейін 4 дейін3000 дейін10 дейін75 дейін Қанағатта ндырарлы қ таза 0,1 дейін6 дейін4000 дейін40 дейін100 дейін Ораташа ластанған 0,15 дейін10 дейін7000 дейін120 дейін150 дейін Өте ластанған 0,15 артық20 дейін7000 артық 120 артық150 артық

Аз метражды (А) және толық метражды (В) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі Бөлмелер саны Пәтерлердің ауданы А Б Қала Ауыл Қала Ауыл

Тұрғын үй бөлмелеріндегі микроклиматтың қолайды параметрлері Жыл кезеңі Ауа температур асы, ˚С Салыстыр малы ылғалдыл ығы, % Ауаның қозғалу жылдамд ығы, м/сек Температураның ауытқулары, ˚С ТігіненКөлденеңі нен Суық және өтпелі ,1-0, ге дейін Жылы ,1-0, ге дейін

Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар Ластаушылардың көздеріЛастаушы заттар АдамӨмір сүру үрдісінде бөлінетін антропотоксиндер Атмосфералық ауаАзот, күкірт, көміртек тотықтары, күйе, шаң, қорғасын, автокөліктен бөлінетін газдар және басқа химиялық қосылыстар Құрылыста және бөлмелерді өңдеуде, жиһаздар жасауда, кілем тоқуда ж. т. б. Полимерлік материалдардың құрылымының бұзылу өнімдері, бензол, спирол, т. б. Газ плиталары, үйді жылытатын құралдарТұрмыста қолданылатын газдың толық жанбаған өнімдері, ароматты көмірсутектер, аммиак, т. б. Тұрмыстық химиялық заттарды қолданудаКір жуатын ұнтақтар, косметикалық заттар, дезодоранттар Ғимараттардың құрылыс конструкциялары және олар орналасқан жердің топырағы Олардан бөлінетін зиянды заттар Темекі түтініСтирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин

Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдантазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарыныңбүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Бөлмелердің желдетілуі:

Қорытынды: Берілгендердің барлығы тұрғын үйдің гигиеналық тұрғыдан толығымен қамтамасыз етілуі үшін құрастырылған. Егерде, осы аталған нормалар өмірде толығымен жүзеге асырылатын болса, осы гигиеналық нормалар адамның толығымен жетілуіне, денсаулығының жоғары деңгейде болуына септігін тигізеді. Берілген нормаларды 100 пайызға орындау әрине мүмкін емес, сондықтан да, күнделікті өмірде қарапайым ғана ережелерді сақтану қажет - үйді салардан алдын салатын жерге көңіл аудару, жолдың арақашықтығы (шуды ескеру үшін), ауа алмасуы секілді жағдайларды. Ауа алмасуы өте маңызды орын алады, яғни бөлмелердің ауа алмасуы дұрыс жүрмесе, көпетеген аурулардың себепкері болуы мүмкін, сондықтан жатақханада, пәтерде тұратындардың өзі күніне 1 м3 есептегенде 60 кем емес.

1 « Жалпы гигиена» Кенесариев Ү.И., т.б., Алматы 2012ж 2. Интернет желісі: intranet.tdmu.edu.ua 3. Интернет желісі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: