Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Қабылдаған: Кадырова Ш.А. Орындаған: Атабай С.Ғ. Тобы: ЖМ-510.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
М. Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Advertisements

Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Әр-түрлі мәліметтер бойынша, жедел бүйрек жеткіліксіздігі нәрестелерде 8–24% жағдайда кездеседі, ал нәрестелер арасында.
«Астана медицина университеті» АҚ Пульмонология кафедрасы Орындағандар: Жасан Ә. Кимадиев Д. Есмұханова А. Жорабеков Б. Тексерген: Каржауова С. К Астана.
Жоспары. КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ЭТИОЛОГИЯ ПАТОГЕНЕЗІ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ ЕМДЕУ ПРОФИЛАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН.
Дайындаған:Бидайбай Таңжарық Группа: ЖМ Дайындаған:Бидайбай Таңжарық Группа: ЖМ С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медецина университеті.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 2 Ішкі аурулар кафедрасы. СӨЖ: Крон ауруының диагностика алгоритмі. Орындаған: Муханова М.М. Тексерген: Серикбаева.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
Europe and Eurasia Regional Family Planning Activity С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра : Акушерия және Гинекология. Тақырыбы.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK - KAZAK UNIVERSITESI Тақырыбы: Науқас балалардан анамнез.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: "HELLP синдромы диагностикасы" Орындаған: Ешімқұл А.Е
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Дисциплина: Визуальды диагностика Факультет: Жалпы медицина Та қ ырыбы: Ж ү рек.
СӨЖ ТАҚЫРЫП 1.1:ГАСТРОЭЗОФАГАЛЬДЫ РЕФЛЮКС АУРУЫНЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АЛГОРИТМІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.
Ұйықтататын және тырысуғақарсы дәрілік заттар 7 лекция.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Тіс-жақ аймағындағы дерт және оның ішкі ағза.
Транксрипт:

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Қабылдаған: Кадырова Ш.А. Орындаған: Атабай С.Ғ. Тобы: ЖМ-510

Зерттеу сұрағы: Қазіргі таңдағы анафилактикалық шокка қарсы қандай тиімді жедел алғашқы көмек көрсету тактикасы енгізілген?

3Your footer here Зерттеу мақсаты: Оқулықтардағы және ғаламтордағы мәліметтерге сүйене отырып, қазіргі таңдағы анафилактикалық шокка қарсы алғашқы көмек алгоритмін әріптестеріме баяндау

Кіріспе : Анафилактикалық шок (АШ) - ағзаға аллерген- дер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс

АХЖ-10 бойынша кодтары: T78.0 Тағамға патологиялық реакциялардың пайда болуынан дамыған, анафилаксиялық шок. T85 Ішкі протездік құрылымдар, имплантант жəне трансплантанттарға байланысты асқынулардан. T63 Улы жануарлармен байланысқанда пайда болған токсикалық əсер. W57 Усыз жəндіктер жəне басқа да ескек аяқтылардың тістеуі немесе шағуы. X23 Бөгелек, маса, арамен байланыста болуы. T78 Жағымсыз əсерлер, басқа рубриктерде жіктелінбеген.

Қауіп – қатерлі факторлар: 1 Анамнезінде дəрілік аллергиясы бар. 2 Дəрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, əсіресе қайталау курсы кезінде. 3 Депо препараттарды пайдалану. 4 Полипрагмазия. 5 Дəрілік препараттар белсенділігінің жоғары сенсибилизациясы. 6 Дəрілермен ұзақ уақыт кəсіптік байланыс. 7 Анамнезінде аллергиялық ауруы бар.

Анафилактикалық шоктың пайда болу себептері:

Диагностика критерилері Шок симптомдарының сипаттамасы (типті): Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен естің жоғалуымен басталып, жүректің тоқтауы жəне клиникалық өлім болады. Шок симптомдарының сипаттамасы (типті): - тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз); - əр түрлі экзантемалар; - қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі; - суық тер; - түшкіру, жөтел, қышу сезімі; - жас ағу; - құсу; - аяқ-қолдың клоникалық тырысулары ( кейде тырысулық құлау); - қозғалыс бұзылыстары; - «өлімнен қорқу»; - еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.

Объективті клиникалық зерттеуде анықталады: 1 - тахикардия (сирек брадикардия, аритмия); 2 - жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда); 3 - жүрек тондары тұйықталған; 4 - артериалдық қысым тез төмендейді ( ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды). - жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей мм.рт.ст. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін; 5 - тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу); 6 - қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.

АШ ағымының гемодинамикалық вариантында жүрек-қан тамыр бұзылыстарының симптомдары байқалады: - жүрек тұсындағы қатты ауыру сезімі; - ырғақ бұзылуы; - əлсіз пульс; - АҚ төмендеу; - жүрек тондары тұйықталған; - перифериялық қан тамырлар спазмы (тері бозғылдығы) немесе кеңейген (гиперемия, ісінулер).

Асфиксиялық вариантында басты орын ЖТЖ, ол көмей ісінумен, бронхтардың спазмымен, бронхтардың шырышты қабатының ісінуімен немесе өкпе ісінумен байланысты болып табылады. Ересектерде респираторлы дистресс – синдромы айқын гипоксияның дамуымен жүреді. АШ-тың церебральды варианты сирек оқшауланып анықталады, ОЖЖ жағынан бұзылыстармен сипатталады: қозғыштық, есінен тану, жедел ісіну жəне ми ісігі, эпилептикалық статус, тыныс жəне жүрек тоқтауы. АШ-тың абдоминальды вариантында бірінші орынға «жедел іш» симптомы: іштің барлық аймағында немесе құрсақ үсті аймақта ауыру сезімі, құсу, үлкен дəретке шақырулар, жиі диагностикалық қателіктермен өтеді. Осы вариантында жиі операция жасалынады.

Анафилактикалық шоктың дәрежелері: Компенсирленген, вазоконстрикция басым: жалпы жағдайы ауыр бозғыл, ерні жəне саусақ тырнақтары көгерген, беткей тыныс, гипотермия белгілері болады. ОЖЖ жағынан симптоматикалар: əлсіздік, баяу реакция, қарашықтың тарылуы. Кардиоваскулярлы өзгерістер: артериалдық қысым аздап төмендеген немесе қалыпты, баяу пульс. Шоктың I дəрежесі: Субкомпенсирленген вазодилатация басым: жалпы жағдайы өте ауыр, цианоз өте айқын, тынысы жиілеген, беткей, гипотермия, қатты шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есінің жеңіл бұрмалануы, қарашық кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған. Кардиоваскулярлы синдром: жүрек үндері тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия, толымсыз пульс, перифериялық веналардың тереңдеуі. Қанда метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия. Шоктың II дəрежесі: Декомпенсирленген, жалпы жағдайы өте ауыр, тоталды цианоз, гипотермия, беткей тыныс, жиі Чейн-Стокс типті, анурия. Церебральды синдром: сана сезімі жойылған, толық адинамия, қарашық кеңейген, жарыққа реакция жоқ, сезімталдығы жоғалған. Кардиоваскулярлы синдром: жіп тəрізді пульс, систолалық АҚ 50 мм.с.б.б. төмен, жүрек үндері тұйықталған, аритмия, қанда метаболикалық ацидоз, ауыр гипоксемия. Шоктың III дəрежесі:

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Ақыл-есін бағалау ( есін жоғалту). 2. Тері жабындысын қарау ( бозғыл кейде көгерген), көзге көрінетін шырышты қабаттарда эритемалар, бөртпелер, ісінулер, ринит симптомы, коньютивит белгілерін анықтау. 3. Тыныс алу жəне жұтынудың қиындауы анықталады. 4. Пульсті бағалау (жіп тəрізді) жүрек жиырылу жиілігі өзгереді (тахикардия), артериялық қысым мм.с.б. дейін төмендеген. 5. Құсу еріксіз дефекация жəне зəр шығару, қынаптан қанды бөлінділер бөлінеді.

Дифференциальды диагностика АШ жəне жүйелі аллергиялық реакция арасында дифференциалды диагностика (аллергиялық реакцияның басқа түрін, кейбір дəрілік заттардың бірінші рет енгізгенде дамитын) жүргізілмейді, бұл екі жағдайда шұғыл емдік көмек көрсету шаралары бірдей. Анафилактикалық шок ерекшелігі гемодинамикалық бұзылыстармен бірге немесе оның алдында теріде бөртпелердің пайда болуы, эритема, бронхоспазм, ісінулер дамиды. АШ-ның тағы да басқа симптомдары арнайы емес жəне шоктың кез-келген басқа түрі үшін тəн сипат болып табылады.

Анафилактикалық шоктың емдеу алгоритмі Шұғыл көмек: 1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу. 2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: а) аллергендерді парентеральды енгізу: аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет); «крест тəрізді» инъекция орнына ( шағу) 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,5 мл (мүмкіндігінше к\т-ға– гипоперфузия!) 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды (бірінші емдік тағайындау!) б) аллергенді медикаменттерді мұрын қуысына тамшылату жəне коньюктиваны сумен жуу керек. в) аллергендерді пероральды қабылдағанда науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу керек

3. Шокка қарсы іс-шаралар: а) бұлшық етке тез арада егу: 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы минут, АҚ бақылау; антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер! б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады. 4. Аллергияға қарсы ем: к\тамырға преднизолон мг струйно.

5. Симптоматикалық ем: а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін- вазопрессорлы аминді, систолалық АҚ 90 мм.с.б. келгенше к\тамырға титрлеп енгізеді. Допамин к\т тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, мкг/кг/мин жылдамдықта (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі; б) брадикардия дамыса 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз; в) бронхоспастикалық синдромда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл- ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу. г) цианоз дамыса диспноэ немесе аускультацияда құрғақ сырылдар анықталса оксигенотерапия жасалады. Тыныс алу тоқтаған жағдайда өкпені жасанды желдендіру өткізіледі. Көмей ісінуінде – трахеостомия. д) міндетті түрде барлық уақытта тыныс қызметін, жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын (жүрек жиырылу жəне АҚ өлшеу)!

Шұғыл госпитализацияға көрсетімдер: Шұғыл госпитализацияға көрсетімдер: Анафилактикалық шок - реанимация жəне қарқынды терапия бөлімінде жағдайының тұрақтануы науқасты госпитализациялаудың абсолютті көрсеткіші болып табылады.

1. *Эпинефрин 0,18%1,0мл, амп 2. *Натрий хлориді 0,9% -400 мл, фл. 3. *Натрий хлориді 0,9% -5,0 мл, амп. 4. *Преднизолон30 мг, амп. 5. *Аминофиллин 2,4% -5,0 мл, амп. 6. *Дифенгидрамин 1% -1,0 мл, амп. 7. *Оттегі, м3. 8. *Пентакрахмал500,0 мл, фл. 9. *Атропин сульфаты 0,1% -1,0 мл, амп. 10. *Допамин 0,5% -5 мл, амп Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы , ) Тұрланов Қ.М. Жедел медициналық жәрдем. Оқулық 2004ж.