Орындаған: Серікбаева Ж.Т. Тәж артериялары КС – бұл миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі мен оның оттегіне сұранысы арасындағы дисбалансқа байланысты.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жоспар: Жүрек құрылысы Жүрек құрылысы Жүректің өткізуші жүйесі Жүректің өткізуші жүйесі Жүректі аспаптық зерттеу Жүректі аспаптық зерттеу Қалыпты ЭКГ.
Advertisements

М. Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Гис будасының тармақшалар блокадасы Орындаған: Нурхалиева Мадина.
СӨЖ ТАҚЫРЫП 1.1:ГАСТРОЭЗОФАГАЛЬДЫ РЕФЛЮКС АУРУЫНЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АЛГОРИТМІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Дисциплина: Визуальды диагностика Факультет: Жалпы медицина Та қ ырыбы: Ж ү рек.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Тақырыбы: Жүрекшеішілік блокада Түркістан 2017 жыл.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Астана медицина университеті АҚ Презентация Жүректің ишемия ауруы Дайындаған : Бақтыгереева К. Астана 2015.
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Әр-түрлі мәліметтер бойынша, жедел бүйрек жеткіліксіздігі нәрестелерде 8–24% жағдайда кездеседі, ал нәрестелер арасында.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Университеті Кафедра: Инфекциялық аурулар Интерннің өзіндік жұмысы Орындаған: Мамышова И. Тобы:
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Нерв ж ү йесіні ң вертеброгенді аурулары: омырт қ а остеохондрозы, дисктерді ң протрузиясы.Жары қ тар А Қ «Астана Медицина университеті» Орындаған:Құдайбергенова.
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Транксрипт:

Орындаған: Серікбаева Ж.Т

Тәж артериялары

КС – бұл миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі мен оның оттегіне сұранысы арасындағы дисбалансқа байланысты жүректің жедел (миокард инфаркты) және созылмалы (стенокардия) түрде зақымдануы. Анықтамасы

Стенокардия коронарлық қан айналымның жеткіліксіздігінен ишемияның дамуы. Бұл жүрек қыспасымен сипатталады. Төс артындағы ұстамалы түрде қысып, күйдіріп, ашып ауырсыну сезімімен білінеді. Ауырсыну сол жақ қолға, иыққа, мойынға, жаққа таралады. Науқас бір орнында қозғалмай тұрып қалады, қорқыныш, үрей сезімі пайда болады. Ұзақтығы бірнеше секундтан, минутқа дейін, тыныштық күй сақтағанда немесе нитроглицерин қолданғанда ауырсыну басылады. Физикалық күш түсуі, эмоциялық жағдайлар ұстаманың дамуына себепші болады.

МИ – миокардтың оттегіне мұқтаждығын тәж артериясындағы қан айналымның қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Ауырсыну сипаты стенокардиядағыдай, бірақ өте күшті, ұзақтығы жарты сағаттан ұзақ бірнеше сағатқа, тәуліктерге дейін созылады, тыныштық күйге, нитроглицеринге басылмайды. Науқас қозу жағдайында болады, өлім үрейі билейді, суық тер басады.

Даму себептері (этиологиясы) Негізгі себебі- тәж артерияларының атеросклерозы. тромбоздың салдарынан тәж артериясының бітелуі (90%); стеноздың үстінде тәж артериясының түйілуі; тәж артериясының стенозы салдарынан миокардттың оттегіге сұранысының күрт артуы.

Тәж артерияларының атерияларының атеросклерозы

Даму механизмі (патогенезі): Белгілі бір аймаққа қан келуінің нашарлауынан (ишемия), толық тоқтауынан немесе күрт төмендеуінен (некроз) дамиды. Қанмен қамтамасыз етілуіне қарай зақымдалған ошақтың үш зонасын айырады. Ең сыртында ишемиялық зона, одан кейін – зақымдану зонасы, ортасында – некроз ошағы.

Жедел миокард инфаркты кезіндегі үш аймақ Ишемия Зақымдану Некроз Ишемия Зақымдану

Некроз ошағында миомаляция мен асептикалық қабыну процесі жүреді. Осыдан миокард инфарктын дәлелдейтін резорбциялық – некроздық синдром пайда болады (дене қызуының жоғарылауы, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, қандағы ферменттердің жоғарылауы: АЛТ, АСТ т.б.). Зақымдану және ишемиялық зонада шала тірі қалған кардиомиоциттер, ауыр метоболимдік бұзылыстарға ұшырауынан, өмірге қауіп төндіретін ырғақ бұзылыстарын туындатуы мүмкін.

ЭКГ диагностикасы ЭКГ бойынша стенокардияның белгілері тек ұстама кезінде ғана анықталады. МИ некроздың тереңділігі мен көлемділігі: Ірі ошақты ірі ошақты трансмуральді (патологиялық QS тісшесімен) ірі ошақты трансмуральді емес (патологиялық Q тісшесімен) Ұсақ ошақты «Q-сыз миокард инфаркті» субэндокардиальді; интрамуральді.

Стенокардия ұстамасы кезіндегі ЭКГ өзгерістер

Миокард инфарктінің орналасуы: Сол қарынша миокардының инфакрты: алдыңғы алдыңғы - қалқалық қалқалық бүйірлік алдыңғы-бүйірлік артқы артқы-бүйірлік алдыңғы – артқы

МИ кезеңдері: Өткір кезеңде ( 1 апта) – терең жалпақ Q тісше пайда болады. Трансмуральді миокард инфарктының өткір кезеңінде QS комплексі пайда болады. Өткірлеу кезеңге (1-2 аптаға созылатын) келесі өзгерістер тән: SТ аралығының изосызыққа жақындауы. Коронарлық теріс Т – тісшесінің қалыптасуы. Тыртықтану кезеңіндегі көріністері: SТ аралығы изосызыққа түседі;Теріс Т- тісшенің тереңдігі біртіндеп тайыздалып, кейде оң Т- тісшеге айналады. Кейде тыртықтың айналасындағы миокардтың гипертрофиялануынан Q – тісшесінің сәл кішіреюі немесе QS комплексінің Qr комплексіне айналуы байқалады.

Миокард инфарктының ЭКГ кезеңдері: Кезеңдері: Өте жедел Жедел Жеделдеу Тыртықтану Ұзақтығы: 30 мин -2 сағ 2-10 күн 4-5 апта 3-6 айға дейін

Миокард инфарктінің ЭКГ белгілері: Некроз аймағы - QRS компелексінің өзгерісімен, зақымдану – SТ аралығының ауытқуымен, ишемия – Т – тісшесінің өзгерісімен білінеді.

Жедел миокард инфаркты кезіндегі үш аймақ Ишемия Зақымдану Некроз Ишемия Зақымдану

Миокард инфарктының жедел (а-е), жеделше (ж), тыртықтану (з) кезеңіне байланысты ЭКГ көрінісі

а – субэндокардиалды және интрамуралды бөлімдердің деполяризация (0,02–0,04 с) б –субэпикардиалды бөлімдердің деполяризациясы (0,05–0,08 с) Алдыңғы қалқа бөлігінің және сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуралды некрозы кезіндегі QRS комплексінің кеуде тіркемелерінде өзгеруі (қарамен боялған)

Алдыңғы қалқалық жүрек ұшын қамтығанда Негізгі өзгерістер V1-V4 ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Алдыңғы қалқалық Негізгі өзгерістер V1-V3 ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Алдыңғы бүйірлік Негізгі өзгерістер I, aVL, V5-V6 ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Алдыңғы жайылмалы болғанда Негізгі өзгерістер I, aVL, V1-V6 ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Алдыңғы базальді (жоғары тұрғанда) бөлігі болғанда Негізгі өзгерістер V1-V3 (2), V4-V6 (3) А) анықталмайды Б) электродты екі қабырға жоғары қойғанда анықталады ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Артқы диафрагмальді МИ болғанда Негізгі өзгерістер III, aVF, немесе II,III, aVF ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) 3 -T

Артқы диафрагмальді МИ Негізгі өзгерістер V1-V3; V 7 –V 9 (барлық жағдайда емес) ЭКГ тән өзгерістер: Реципрокты өзгерістер: 1) -(RS-T); 2) +Т (биік); 3) R тісшесінің биіктеуі.

Артқы базальді МИ болғанда Негізгі өзгерістер V7-V9 немесе V1-V3 реципрокты өзгеріс ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) немесе - (RS-T) +T (биік), R ұлғайған 3 -T

Артқы бүйірлік МИ болғанда Негізгі өзгерістер II, III, AVF, V6 немесе V1-V3 реципрокты өзгеріс ЭКГ тән өзгерістер: 1 Q немесе QS 2 + (RS-T) немесе - (RS-T) +T (биік), R ұлғайған 3 -T

Ұсақ ошақты жедел МИ кезіндегі RS–T сегментінің және Т тісшесінің өзгерістері

Ұсақ ошақты жедел МИ ЭКГ белгілер RS–T сегменті изолиниядан жоғары немесе төмен ығысады, патологиялық Т тісшесі әртүрлі болып өзгереді (Т - тісшесі жиі теріс болады) Осы патологиялық өзгерістер МИ басталғаннан 3-5 апта бойы сақталады, кейде одан да ұзақ болады.