22 гимназия-мектеп бойынша 2008-2009 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмыстары.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі. 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі.
Advertisements

Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі. 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің Көп бейінді 3 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы, 2012 жыл.
Дөңгелек стол Менің оқушыларым – менің өмірімді жарқырататын күн сәулесі деп білемін.
Ата - аналар жиналысының тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің басты ұясы.
Методикалық тақырып «Табиғат менің өз үйім» Бағдарламасына сай дидактикалық құралдар арқылы балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өйткені:Қоршаған.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие Мектепте тәрбие жұмысының барлық басым бағыттарындағы әр бағыттың мақсаттарын басшылыққа ала.
Оспанова Жұлдызай Төлешқызы. Экологиялық білім берудің мақсаты Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. «Инклюзивті білім беру баланың қоғамдағы қиындықтарын бірлесе отырып жеңе білуге мүмкіндік береді» СЕМАГО.
Алматы облысы, Қаратал ауданы Бастөбе ауылы М.Горький атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Ақбанбаева Тілеулес.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
р/сӨтілетін жұмысМерзіміЖауапты кісілер 1 Бастауыш сынып әдістемелік отырысында қаралатын мәселе: 1) 12 жылдықтың 1 сынып оқушыларын қабылдайтын мұғалімді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі 2011 – 2012 оқу жылы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі 2011 – 2012 оқу жылы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
1.Ә.Б жұмысының жылдық жоспарын құру 2. Ә.Б әрекетін ағымдық жоспарлау 3. Ә. Б – тегі мұғалімдердің оқу бағдарламалары мен жоспарын орындау бойынша жұмысын.
М.Әуезов атындағы 2 ОЖББМ 6 класындағы Қылмыспен күрес көптің ісі атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі 2011 – 2012 оқу жылы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.
Транксрипт:

22 гимназия-мектеп бойынша оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмыстары

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс- тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық,ізгілік,елжандылық. Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Тәрбие-жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану. Тәрбие жүйесінің барлық сатыларымен салаларында тәрбиенің сабақтастығымен үздіксіздігін, талап бірлігін қамтамасыз ету.

235 орта мектеп бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлары құрылып, бекітілген. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің негізгі 9 бағыты бойынша жасалып бекітілген, сынып сағаттары жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Адамгершілік тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі. Құқықтық тәрбие. Денсаулық және дене тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Гендерлік және отбасы тәрбиесі. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жоспар құрылған, олар: Құқық бұзушылықтың алдын-алу. Діни экстремизммен күрес. АҚТҚ-ЖҚТБ –ның алдын алу. Нашақорлық және темекімен күрес. Жолда жүру ережесін сақтау.

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше.Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. Мектеп бойынша жалпы ата-аналар жиналысы әр тоқсанның соңында мектеп әкімшілігінің қатысуымен жүргізіліп келеді. Қаңтар айында «Заң бұзушылық және жаза» атты апталық өткізілді. Қазан айында 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Адам құқықтарының сақталуы» атты құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, 8 сынып жетекшілері «Заңға құрмет» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Сонымен қатар 9 пунктің полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектепішілік ұлдар жиналысы және қыздар жиналыстары өткізілді. Және мектепішілік есепте тұратын оқушылардың есебі алынып, арнайы іс-шарасы жасалған. Желтоқсан айында ата-аналар жиналысында: Ата-аналардың міндеттері көрсетілген заң баптары мен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, мөлтек ауданындағы компьютер клубтарына,ойын автоматтары орналасқан ғимараттарға сынып жетекшілермен бірге бақылау жасап, кезекшілік құрып, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес өткізілді.

Сонымен қатар 19 қараша мен 31 желтоқсан аралығында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында мектепішілік іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Осы іс-шара жоспары негізінде көптеген іс- шаралары: «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу, «Заңға құрмет» тақырыбында сынытарда тәрбие сағаттары, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығың» атты апталық, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық жарыстар, т.б. өткізілді.

Мектеп бойынша құқықтық тәрбиеге байланысты жүргізілетін жұмыстардың жоспары. Р/сЖүргізілетін жұмыстарСыныбыУақытыЖауапты 1«Құқық және міндет» Дебат 10-11ІІСынып жетекшілер Б.Таңбаев 2«Адам және заң» Ашық тәрбие сағаты 7-8ІІІБ.Накипов Сынып жетекшілер 3Мектепішілік ер балалар жиналысын өткізіп отыру 5-6-7, Әр тоқсан сайынБ.Накипов Психологтар Аталар алқасы 4Полиция қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, ата-аналардан, мұғалімдерден түнгі кезекшілік ұйымдастыру УақытындаБ.Накипов Сынып жетекшілер 5Жаңа оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алуға жоспар құрып, бекіту 1-11ІХБ.Накипов 6Құқық бұзушылыққа қарап ата-аналар жиналысын жасау 5-11 сынып ата-аналары 5-11ІХӘкімшілік Ата-аналар комитеті 7«Заңға құрмет» атты пікірсайыс8 А,Ә, 9 сынХБ.Накипов Сынып жетекшілері 8«Қиын топ» оқушыларын мектепішілік үйірмелерге тартып, қатыстыру 5-11ҮнеміБ.Накипов Сынып жетекшілері 9Ай сайын мектепішілік ер балалар жиналысын ұйымдастыру 5-11Ай сайынБ.Накипов Құқық қорғау қызметкерлерімен 10Мөлтек ауданға түнгі кезекшіліктер құрып, ауданды аралау ҮнеміБ.Накипов Сынып жетекшілері

Мектепішілік есепте тұратын оқушылар Р/сОқушының аты-жөні Туған жылы Сын ыбы Ата-анасының аты-жөні Жұмыс орны Мекен-жайыСынып жетекшісі 1Сүйегенов Руслан вСүйегенов Самат ЖұмыссызТөле би 145 а тел: Құрманбаев Оразәлі 2Бименова Айнұр вБименов Фарзул Бименова Гүлмира Жұмыссыз Инф.боль.са нтех Қаратаева 53 Құрманбаев Оразәлі 3Қоңыратбаева Ақерке әБименова Сәрсенкүл РМЗ Шапағат Технол Шұғыла м/а Тел: Булекеева Сандуғаш 4Құдайбергено в Мейрамбек вКәрібаев Қуанышбек Тоғызбаева Гүлмира Провадник Жұмыссыз Бердаулетов Құрманбаев Оразәлі

1.Мектеп бойынша барлық оқушы саны – Сынып комплектісі Оның ішінде: а) 6-жасар – 1 ә) бастауыш сынып – 14 б) жоғарғы сынып – Жалпы мұғалім саны – Сынып жетекшілер саны – 35 6-жасар – 1 6. Бастауыш екі ауысымда оқиды: І ауысым. Сынып саны – 7 ІІ ауысым. Сынып саны – 8 7. Жоғарғы екі ауысымда оқиды: І ауысым. Сынып саны – 10 ІІ ауысым. Сынып саны – 10

8. Оқушылардың тұрмыстық жағдайы Жетім оқушы – 4 Жартылай жетімдер саны – 111 Көп балалы жанұя саны – 92 Жанұя жағдайы нашар тұратын оқушылар саны – Қиын оқушылар саны – Оралмандар саны – Үйден оқытылатын оқушылар саны – Мектепішілік есепте тұратын оқушылар саны – 4

Тек сабыр мен серіктестік арқылы біз Лаңкестік, жаппай қырып-жою және кез-келген өзге қарудың таралуы, есірткі саудасы мен оның салдары секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күресте жеңіске жете алмақпыз.

Діни экстремизмге қарсы байланысты мектепішілік жылдық жоспар жасалып бекітілген. Жоспарда діни тәрбиелік іс-шаралар, мешіт қызметкерлерімен кездесулер, дебаттар, шығармалар көрсетілген. Жоспар бойынша қаңтар айында «Мұхаммед пайғамбардың хадистері» тақырыбында 10 сыныпта ашық тәрбие сағаты өтті. 7 сыныптардың «Құранның әрбір сүресі-өмір шындығы» тақырыбында сынып жетекшілері А.Байгереева Н.Ақнұр, Г.Өтегеновалардың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мектепішілік «Дінім, ділім-өмірімнің тұтқасы» тақырыбында дебат клубының жетекшісі Б.Таңбаевтың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында пікірсайыс өткізілді. Желтоқсан айында «Ислам дінінің тәлім-тәрбиелері» тақырыбында 8 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Қараша айында 8-11 сынып оқушыларына «Дін қоғам өмірінде» тақырыбында шығарма жаздырылды. Сонымен қатар оқушыларға радикалды діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы насихаттауға бағытталған тәрбие сағаттарын ұйымдастырылды. Рухани тазалығы, тән тазалығы және исламның бес парызы төңірегінде түсіндірме жұмыстарымен, кездесулер өткізіліп, діни тәлім- тәрбие туралы жұмыстар жүргізілді.

Мектеп бойынша Діни экстремизмге байланысты жасалған жоспар Атқарылатын жұмыстарЖұмыс түріМерзіміСыныбыЖауапты 1Мұхаммед пайғамбардың хадистері Ашық тәрбие сағаттары Қаңтар11аБ.Құлжанова 2Құранның әрбір сүресі- өмір шындығы Ашық тәрбие сағаттары Наурыз 7а,ә,бА.Байгереева Б.Арыстанов Н.Ақнұр 3Дінім,ділім- өмірімнің тұтқасы Мешіт қызметкерлерім ен кездесу Сәуір10,а8әБ.Қамбарова Э.Әбдікәрімова 4Дін қоғам өміріндеШығарма жаздыру қараша8-11Қазақ тілі пәні бірлестігі 5Оқушыларға радикалды діни ағымдардың іс- әрекетіне қарсы насихаттауға бағытталған тәрбие сағаттарын ұйымдастыру Тәрбие сағаттары Уақыт ында 1-11Сынып жетекшілері

АҚТҚ, ЖҚТБ-ның алдын алу мақсатында мектепішілік жылдық жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша АҚТҚ-дан сақтану жолдарына байланысты «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Қатерлі СПИД кеселі!», «Жаны саудың тәні сау!» тақырыптарында 7-8 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттарына наркодиспансер қызметкерлері және мектеп медбикесі Б.Әбдрамановалар қатысты. Барлық 1-11 сыныптарда «СПИД-ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. 1 желтоқсан Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты «ЖҚТБ (СПИД) ауруынан қорғану жолы-салауатты өмір салты» тақырыбында сыныптар арасында СПИД орталығының мамандарымен, медбикелермен кездесу ұйымдастырылды. 1 желтоқсан – Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай акция ұйымдастырылды.Акция жарты ай қоғамынан,құқық қорғау қызметкерлері, СПИД орталық қызметкерлері қатысты. «Жастар нашақорлыққа қарсы!» тақырыбында сыныптар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. «Туберкулезден және одан сақтану» жолдары тақырыбында жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Жоспарға туберкулез туралы тәрбие сағаттар, дебаттар, шығармалар, дөңгелек стол,облыстық тубдиспансер қызметкерлері мен кездесулер және туберкулезге қарсы спорттық жарыстар енгізілді. Өтілген тәрбие сағаттары 1-4 сыныптарға «Темекінің зияны», «Тазалық денсаулық –кепілі», «Туберкулез және оның алдын алу»т.б. Туберкулезге қарсы 5-6 сыныптарға диктант, шығарма жаздырылып,7-8 сыныптарға «Туберкулезден адам жазылады ма?» тақырыбында тубдиспансер қызметкерлерімен дөңгелек стол өткізілді. «Болашаққа дені сау жастар қажет» атты тақырыбына байланысты мектебіміздің Көңілді Тапқыштар Клубының ұйымдастыруымен сайыстар өткізілді. Сары ауру және басқада жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында жасалған жұмыстар мектеп медбикесі Б.Әбдрамановамен бірге жүргізіледі. Сары аурудың алдын-алу туралы мектеп медбикесі Б.Әбдраманова «Сары ауру-жұқпалы ауру», «Сары аурудан сақтану жолдары», «Сары ауруға қарсы егілу тиімді» тақырыптарында барлық сыныптарға диктанттар,лекциялар, мен баяндамалар және тест жұмыстары жүргізілді. 6 емхана қызметкерлері мен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мектеп медбикесінің үнемі тексерілуінен өтеді.

Мектеп бойынша жолда жүру ережесіне арналған мектепішілік жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша 1-5 сынып жетекшілері С.Сейдуллаева, Қ.Жүсіпназарова, А.Жаманбаева, Г.Жүсіпова Қ.Қарамановалар «Жолда жүру ережелерімен танысайық!», «Бағдаршам және оның маңызы», «Жол ережесін бұзба!», «Жол белгілері және жол үстіндегі белгілер», «Транспорт және велосипед жүргізушілері» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар өткізді. Облыстық Жол полициясы басқармасының қызметкерлерімен жоғары сынып оқушылары арасында кездесулер, пікірсайыстар жұмыстары жүргізілді. «Транспорт және велосипед жүргізушілерінің жалпы ережесі» атты сайыстар ұйымдастырылып жол полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесулер, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сыныптары жол макеттері және стенділерімен жабдықталды. Қараша айында барлық сыныптарда оқушыларға жол қауісіздігін үйрету мақсатында «Жолда абай бол – жас дос» тақырыбында шығарма сайысын өткізіліп, «Жолда жүру ережелері» туралы шығармалар, диктанттар алынса, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бағдаршам» апталығы өткізілді. Апталыққа жол полициясы қызметкерлері қатысып, жол тәртібі туралы, қазіргі кездегі жол көлік оқиғаларына себепші мектеп оқушылары екендігі айтылып жол ережелерімен оқушыларды таныстырды. Мектеп бойынша жол ережелерін бұзған, жол көлік оқиғасына түскен оқушылар жоқ.

Р/сТақырыптарыМерзіміЖауапты 1Мектепішілік жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-8 сыныптар арасында «Жолда жүру ережесі» атты сабақтарының жоспарын жасау ЖелтоқсанӘкімшілік Б.Накипов 2«Жол қозғалысының жас инсекторлары» отрядын құру және олардың жұмыстарын жандандыру ҮнеміБ.Накипов Т.Салманова Сынып жетекшілері 3Қала көлеміндегі жол қауісіздігіне байланысты мектеп аралық жарыстарға оқушыларды қатыстыру УақытындаБ.Накипов Т.Аманбаев Р.Наукиев 4Оқушыларға жол қауісіздігін үйрету мақсатында «Жолда абай бол – жас дос» тақырыбында шығарма сайысын өткізу ҚарашаСынып жетекшілер Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Б.Накипов

Мектеп бойынша тәрбиенің 9 бағытына арналған іс-шаралар жоспары оқу жылының басында құрылды. Сонымен бірге сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің бағыттарына сәйкес құрылып бекітілді.

8-10 сынып оқушылары арасында «Армысың әз, Наурыз», «Ардақтайық қасиетті Ананы», «Үлкенге құрмет – кішіге ізет», «Ана тілім – ардағым», «Ұстазға тағзым етейік» атты тақырыптарында концерттік бағдарламалар мен ашық тәрбие сағаттары өткізілсе, Бастауыш сынып оқушыларымен бірге «Ақылдың кені-асыл сөз», «Абай дана – Абай дара», «Біз еліміздің потриоты боламыз», «Адамға ар-ождан не үшін қажет» тақырыптарында біріккен ашық сабақтар пікірсайыстар өткізілді.

Оқушылардың адами мәдениетінің әртүрлі салаларына және оның терең ұғынуға деген қызығушылығын қалыптастыру және ақпараттар арқылы ой өрісін кеңейту, ақыл- ой қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында «Өлең- сөздің патшасы», «Ғажайыптар алаңы», «Қазақстан болашағы біздерміз» тақырыптарында интеллектуальді ойындар, викториналар, квн сайыстары ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушыларымен бірге «Үлкендердің демалысын сыйлай біл», «Ақиқат пен жалғандық әрқилы нәрселер», «Ақиқат - әділеттің ақ жолы» тақырыптары бойынша ойлану сабақтарымен, ашық тәрбие сағаттары және әңгімелер, бейнематериалдарды көру және талдау бойынша ұйымдастырылды.

Оқушыларға эстетикалық ұғыну мен күйзелісті, талғам құндылықтарды құруға бағытталған қабілеттіліктерін және әсемдік туралы ғылым-талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру мақсатында қаламыздағы мұражайларға, қоғам қайраткерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген сурет көрмелеріне, ән байқауларына және әртүрлі өнер саласы бойынша сайыстарға мектеп оқушылары толық қатыстырылып отырылды. Мектепшілік оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Қыз сыны», «Қазақ халқының өнері», «Эстетика және оқушы», «Жұлдызды қала – Астана», «Мектебімнің мұрасы» атты мектепішілік музейге саяхат, «Әсемдік бұрын және қазір» атты қыздар арасында пікірсайыс, т.б. тақырыптарда іс-шаралар және ашық тәрбие сағаттары, макеттер байқаулары ұйымдастырылып жоғары деңгейде өткізілді.

Қоршаған ортадағы адамның орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын және әлемнің біртұтастығымен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөлшегі деп тануы жайлы білімдерін сонымен қатар табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларымен бірлесе отырып көктем айларында жаппай «Таза ауа, таза аула» атты сенбіліктер ұйымдастырылып отырды. Сонымен қатар сынып сағаттарында «Біз жер шарының балаларымыз», «Табиғат білгірлері», «Жасай бер, Жер» атты биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталықтар өткізілсе, қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Көксерек», «Ақ марал», «Менің төрт аяқты достарым», «Досыма бастар жол» тақырыптары бойынша шығармалар байқаулары жүргізіліп отырды.

Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтай қажеттігі, жеке денсаулық жағдайымен ерекшелігі туралы білімдерін, денсаулықтың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтай әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Көңілді старт», «Спорт – денсаулық тірегі», «Темекі мен ішімдік - өмірді бұзушылар», «Мен өсіп келемін», «Өз ағзаңды шынықтыр» тақырыптары бойынша валеология пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, әңгімелер, ашық сабақтар, әртүрлі спорттық сайыстар, оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында ұлттық спорт түрлерімен жарыстар өткізілсе, әр мереке қарсаңында бастауыш сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» сайыстары жүргізілді.

Өткізілген іс-шара мазмұныМақсаты,нәтижесі 1Оқушылардың саяси мәдениетін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және қоғам» атты пікірсайыс Оқушыларға Ата Заңымыз Конституциямыздың баптарымен таныстыру,құқықтық тәрбие беру 2Мектепішілік есепте тұратын оқушылардың ұсыныстары бойынша үйірмелерге қатыстыру Есепте тұратын оқушылардың ұсыныстары бойынша,қабілеттерін анықтап, мектепеішілік үйірмелер мен секцияларға қатыстыру арқылы оқушыны дағдыландыру 3Атамекен бағдарламасы бойынша оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында ашық тәрбие сағаттарын өткізу Ұлттық тәрбие сағаттарын өте отырып оқушылардың ұлттық дәстүрге деген көзқарасын ояту, патриоттыққа баулу 4«Қазақстан халқы тағдырлары және мемлекеттік оқиғалар» тақырыбында әңгіме өткізу Оқушыларға тарихи деректер арқылы ұлттық тарихымызды білгізу мақсатында, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлт тұлғаларын таныстыру. 5Балаларды тәрбиелеу мақсатында ата- аналармен олардың орнындағылармен тығыз байланыста болу. Бала тәрбиесіне мектеппен ғана шектелмей ата- аналармен байланыста болып оқушының жүріс-тұрысына анализ жасау 6Жасөспірімдердің түнгі ден кейін ата-аналарынсыз көшеде жүрмеуіне байланысты мұғалімдер мен ата- аналардан кезекшілік ұйымдастыру. Оқушылардың түнгі клубтарға,компьютер клубтарында, беймезгіл уақытта көшеде жүріп қылмыстар жасамауының алдын алу. 7Оқушыларды потриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «Отан қорғау басты парыз» атты ер балалар арасында сайыс ұйымдастыру Жіттер арасында ұлттық сайыстар өткізе отырып еліміздің нағыз потриоты болуына,елімізді қорғайтын,еліміздің жанашыры болуға,қиыншылықты жеңе білуге,шыдамдылыққа баулу 8«Елім менің» атты потриоттық әндер байқауын ұйымдастыру. Ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында елжандылыққа,отансүйгіштікке баули отырып халық әндеріннің мән мағынасын ұғындыру.