Сабақтың мақсаты: оқушылардың спирттердің жіктелуі жөніндегі мағлұматтарын дамыту. Глицерин мысалында көпатомды спирттердің алынуын, физикалық және химиялық.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Сандық есептер. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу.. 9 сынып.
Advertisements

1.Алкендердің құрылысы мен қасиеттерімен таныстыру 2. Алған білімдерін ғылыми тұрғыда дәлелдей білу 3 Қауіпсіздік техникасының ережелерін басшылыққа ала.
L/O/G/O PowerPoint Template Add your company slogan Сабақ тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары. Жалпы мақсат: Фосфор және оның қосылыстарының.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 В Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін.
Сабақтың тақырыбы : Пәні: Алгебра Сыныбы: 9 Пән мұғалімі: Нургалиева Ж.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Топтың ережесі 1. Ойды қайталамау. 2. Сөзді бөлмеу. 3. Топта бірін-бірі тыңдау, сыйлау. 4. Сыпайы сөйлеу. 5. Заңдылықтарды есте сақтау Тотығу дәрежесі.
Оқушылардың өз бетімен еңбектену іскерлігін арттырып, танымдық белсенділіктерімен ой-өрісін дамыту. Білім беру міндеті: Оқушылардың оқулық және электронды.
Алгебра 11 сынып Сабақ тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерді шешу.
Сабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, алынуы, олардың қасиеттері.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Алкиндер Кидирбаева Асем. Алкиндер құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы С n Н 2n- 2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Сабақтың тақырыбы: Ағзалардың тіршілігіндегі бөліп шығарудың маңызы Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдері.
Пән: Физика Сынып: 7. Оқу мақсаты: – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе.
Психологиялық ахуал туғызу : Үш тілде амандасу Суреттер арқылы топқа болу.
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
LOGO Орындаған: Абдималикова Г. Тобы: 302 ФӨТ Қабылдаған: Асильбекова А. Жоғары молекулалы қосылыстар.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Транксрипт:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың спирттердің жіктелуі жөніндегі мағлұматтарын дамыту. Глицерин мысалында көпатомды спирттердің алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын түсіндіру.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу 2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару. 3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау. 4. Журнал бойынша түгелдеу. 5. Оқу құралдарын түгелдеу. 6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару. 7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту. 8. Жаңа сабаққа дайындық. 9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 10. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі. Өткен сабақтарда өтілген «Бір атомды қаныққан спирттер және жай эфирлер» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін. І-тапсырма. Сұрақ –жауап. 1. Спирттер деп кандай заттарды айтады? 2. Спирттерге тән изомерлер түрлерін атаңдар. 3. Сутектік байланыс қалай түзіледі? 4. Пропанолға сәйкес келетін изомерлі жай эфирдің формуласын жазып, атын атаңдар. 5. Спирттердің химиялык касиеттеріне мысалдар келтіріңдер. 6. Пропанолдың жану, Nа-мен әрекеттесу және тотығу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. 7.Жай эфирлер дегеніміз не? 8. Органикалык заттардың қай класының қосылыстары жай эфирлерге изомер болып табылады? 9. Қандай қосылыстардың кұрамы С n Н 2n+2 О-ға сай болатынын айтып, мысалдар келтіріңдер. 10. Құрамы С 4 Н 10 О-ға сай жай эфирлердің құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.

ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмыс. І-деңгей 1. Этил спиртінің екі көрші гомологтарының құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар. 2. 2,3-диметилгексанол-1-дің екі изомерінің құрылым формулаларын жазыңдар. Қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар. 3. Диметил эфирінің екі гомологының құрылым формуласын жазыңдар. Қосылыстарды атаңдар. 4. Мына заттарды: а) СН 3 -О-СН 3 б) С 2 Н 5 -О-С 2 Н 5 ә) СН 3 -О-С 6 Н 5 в) СН 3 -О-СН 2 -СН 3 СН 3 | г) СН 3 -О-С 3 Н 7 д) СН 3 -О - СН-СН 3 жүйелеу номенклатурасымен атаңдар.

ІІ-деңгей 1. Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар: 1) бутанол-2; 2) З-метилпентанол-3; 3) 2-метилпропанол-2; 4) пропанол-1; 5) октанол-4; Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер. 2. Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар: 1) 2-метилпропанол-1; 2) гептанол-3; 3) 2-метилпентанол- 2; 4) октанол-3; 5) З-этилпентанол-1; біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер. 3. Төменде кұрылым формулалары келтірілген заттардың: а) СН 3 СООС 2 Н 5 ә) СН 3 -СН 2 СН 2 -О-СН 3 б) С 6 Н 5 СООСН 3 в) СН 3 СН 2 ОС 2 Н 5 г) НСООС 2 Н 5 ғ)С 6 Н 5 -0-С 6 Н 5 қайсысы жай эфирлерге жататынын айтып, заттарды атаңдар

ІІІ-деңгей 1. Құрамы С 3 Н 7 ОН қосылысына изомерленудің қандай түрі тән? Сәйкес изомерлердің құрылым формулаларын жазып, қосылыстарды атаңдар. 2. Құрамы С 6 Н 13 ОН қосылысының негізгі тізбегінде: а) төрт көміртек атомы; ә) бес көміртек атомы болатын изомерлердің құрылым формулаларын жазып, қосылыстарды жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңдар. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіңдер. 3. Мынадай заттардан: а) йодметаннан; ә) йодэтаннан; б) 1-бромпропаннан спирт алу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. 4. Метил спирті, этил спирті және күкірт кышқылының қоспасын қыздырғанда қандай эфирлер түзілуі мүмкін? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІV-деңгей 1. Жай эфирлердің өкілдері диметил және диэтил эфирлерінің кұрылым формулаларын және осы эфирлердің алыну реакциялары теңдеулерін жазыңдар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңдер. 2. Өзара изомер болып табылатын этил спирті мен диметил эфирінің қайнау температурасы мен суда ерігіштіктерінде үлкен айырмашылықтың болуы неліктен екенін түсіндіріңдер. 3. Мына айналуларды орындауға мүмкіндік беретін: этан этилхлорид этанол этилен этилбромид реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

ІІІ-тапсырма. Кесте толтыру. 1. Біратомды спирттердің алғашқы өкілдерін сипаттап, берілген кестені толтырыңдар: СипаттамасыМетанолЭтанол Молекулалық формуласы Физикалық қасиеттері Химиялық қасиеттері Өнеркәсіпте алу жолдары Спирттердің қолданылуы Организмге әсері

2. Спирттерді атап, берілген кестені толтырыңдар: ФормуласыХалықаралық жүйе бойынша атауыБасқаша атауы СН 3 -ОН СН 3 - СН 2 ОН СН 3 СН 2 СН 2 ОН СН 3 - СН 2 - СН 2 - СН 2 - ОН СН 3 СНОН - СН 3 СН 3 - СНОН - СН 2 СН 3

ІV-тапсырма.Есеп шығару г пропанолмен әрекеттесетін натрийдің массасы Шешуі: 2C 3 Н 7 ОН + 2Na 2C 3 Н 7 ОNa + Н 2 2М(Na) = 46 г/моль 2М(C 3 Н 7 ОН) = 120 г/моль х г Na г C 3 Н 7 ОН 46 г Na г C 3 Н 7 ОН 2. 13,7 г бромбутанмен әрекеттесу үшін қажетті калий гидроксидінің 50%-тік ерітіндісінің массасы: Шешуі: С 4 Н 9 Вr + КОН С 4 Н 9 ОН + КВr М(С 4 Н 9 Вr) = 137 г/моль М(КОН) = 56 г/моль х г КОН ,7 г С 4 Н 9 Вr 56 г КОН г С 4 Н 9 Вr 100 % х г 50 % ,6 г

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Көп атомды спирттер» тақырыбы жайлы түсіндіремін Молекула құрамында әр турлі көміртек атомдарымен байланысқан екі немесе одан да көп гидроксотобы. бар заттарды көпатомды спирттер деп атайды. Маңызды өкілдері: этиленгликоль немесе этандиол-1,2 және глицерин немесе пропантриол-1,2,3 Этандиол-1,2(этиленгликоль)түссіз, коймалжың улы сұйықтық. Суда шексіз ериді. Судағы ерітіндісі 0°С-тан төмен температурада қайнайды, сондықтан іштен жану козғалтқыштарында қатпайтын суытқыш сұйық антифриз ретінде қолданылады. Глицерин тұтқыр, түссіз, тәттірек дәмі бар сұйық зат. Улы емес. 290°С-та қайнайды. Суда шексіз ериді. Алынуы. 1. Негізгі алыну әдісі майларды гидролиздеу. 2. Пропиленнен синтез өдісімен алу.

Қолданылуы. Глицерин дәрі-дәрмектер, қопарғыш заттар, т.б. органикалық қосылыстар алуда қолданылады. Оны теріні жұмсартатын жақсы қасиеті үшін гигиеналық мақсаттарға да пайдаланады. Ол қасиеті глицериннің сутектік байланыс есебінен ауадан су буларын өзіне тартуына байланысты жүзеге асады. Глицерин күрделі эфирлердің құрам бөлігі ретінде майлардың құрамына кіреді. Косметика, фармацевтика және тамақ өнеркәсіптерінде кең түрде колданылады. Оны тіс пастасына, кондитерлік заттарға кеуіп, қатып қалмау үшін қосады. Соңдай-ақ өңдегенге дейін қурап қалмау үшін темекі жапырақтарына себеді. Одан басқа желімге, пластиктерге кеуіп кетпеу үшін косады. Әсіресе целлофанда молекулааралық пластификатор рөлін атқарады, нәтижесінде, ол иілгіш, созылғыш қасиетке ие болады. Қазіргі кезде нитроглицеринді бейбіт мақсатқа тау жыныстарын бұзуға, туннельдер, жолдар салуда пайдаланады..

ІV.Жаңа сабақты пысықтау. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ – жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.

І-тапсырма.Сұрақ –жауап. 1. Көпатомды спирттерге кандай заттар жатады? 2. Глицериннін суда шексіз еру себебін калай түсіндіруге болады? 3. Глицериннің өзінен кейінгі гомологының формуласын жазып, халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар. 4. 1,2,3-трибромпропаннан глицерин алу теңдеуін жазыңдар. 5. а) Атаулары бойынша мына заттардын формулаларын жазыңдар: пропанол-1, пропандиол- 1,2, пропантриол-1,2,3; ә) осы заттарды өзара гомолог немесе изомер деуге бола ма? Дәлелді жауап беріңдер.

1. С 4 Н 6 көмірсутекті катализдік гидрлегенде н-бутан түзеді. Бромның артық мөлшерімен әсер еткенде түзілген затты гидролиздегенде алынған қосылыс С 4 Н 10 О 4 мыс (II) гидроксидімен ашық-көк түсті ерітінді түзеді. Бастапқы затты атап, оның құрылым формуласын және барлық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. 2. А қосылысы концентрациялы азот қышқылымен 1:1,1:2,1:3 қатысында әрекеттесе алатыны және мыс (II) гидроксидімен ашық-көк түсті ерітінді түзетіні белгілі. А затына металл натриймен әсер еткенде түссіз Б газы түзіледі. Ол газды мыс (II) оксиді арқылы өткізгенде мыс бос күйінде бөлінеді. Бастапқы А затына бромсутекпен әсер еткенде майлы ауыр сұйық В қосылысы түзіледі. В затын гидролиздегенде қайтадан А заты алынады. А,Б,В заттарының құрылымдарын анықтаңдар. Барлық реакциялардың теңдеулерін жазындар.

Есеп шығару. 1. 0,7 моль глицерин мен натрий әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ.ж.) көлемі Шешуі: 2С 3 Н 8 О 3 + 6Na 2C 3 H 5 (ОNa) 3 +3Н 2 ν (С 3 Н 8 О 3 ) = 2 моль 3V(Н 2 ) = 67,2 л/моль х л Н ,7 моль С 3 Н 8 О 3 67,2 л Н моль С 3 Н 8 О ,5 моль натриймен әрекеттесетін этиленгликольдің массасы Шешуі: С 2 Н 4 (ОН) 2 + 2Nа (СН 2 ОNа) 2 + Н 2 М(С 2 Н 4 (ОН) 2 ) = 62 г/моль ν(Na) = 2 моль х г С 2 Н 4 (ОН) ,5 моль Na 62 г С 2 Н 4 (ОН) моль Na

Назарлары ң ыз ғ а, Рахмет!