Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Физика – математика факультеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
АВТОБИОГРАФИЯ кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу 5 АЛЕШИНОЙ Елены Витальевны Я, Алёшина Елена Витальевна, родилась 19 августа.
Advertisements

Жарма технология колледжі КММ Аты-жөні: Туған жылы: Бітірген оқу орны: Мамандығы: Жалпы еңбек стажы: Санаты: Қызметі: Топ жетекшісінің мақсаты: Мекен-жайы:
Дарынды балалармен жұмыс мақсаты: - дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету. - дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық.
LOGO Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Физика – математика факультеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Физика – математика факультеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы.
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі.
Нұрышев Ғалымжан Жұмабайұлы Ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор,Ұлттық Білім академиясының академигі.
Воин. Педагог. Ученый.
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебіні ң тарих ж ә не география п ә ніні ң м ұғ алімі Мырзатаева Бибін ұ р Еламан қ ызы Білімі: Жо ғ ары Е ң бек ө.
Тәрбие ісі жөніндегі басқарма оқу жылындағы Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.С. Каракушикова.
Өскемен қаласы әкімдігінің Көп бейінді 3 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы, 2012 жыл.
Сабақ тақырыбы: «Хор капелласы». 1. Білімділік міндеті: Мемлекеттік хор капелласы туралы т ү сінік беру, Хор ережесімен танысу. 2. Т ә рбиелік міндеті:
Сабақ тақырыбы: «Хор капелласы». 1. Білімділік міндеті: Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру.Хор ережесімен танысу. 2. Тәрбиелік міндеті: Оқушылардың.
1 орта мектебі КММ Бекітемін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары « » 2013 ж оқу жылына арналған ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ Сынып жетекшісі:. Өскемен,
Қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру,
Транксрипт:

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Физика – математика факультеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Орындаған: Л.Усембекова

Экономикалық ақпаратты компьютерде өңдеу ақпараттанудың негізгі мәселесін - ДК-дің көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілі мен заңдылықтарын зерттеуді кең ауқымды, экономикалық бағытта қарастыратын информатика саласының бірі деуге де болады. Қазіргі ғылыми-техниканың даму заманында әр түрлі экономикалық, бухгатерлік есептерді, оптимизация есептерін шығаруда Ms Excel кестелік процессоры - маңызы зор, мүмкіншілігі көп программа болып табылады. Ms Excel кестелік процессоры экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерге экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әр түрлі әдістерді пайдалануға көмектеседі.

MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.с.с. болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.

диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу нәтижелік және салыстырмалы кестені құру формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру Электронды кестелерді құру мен редакциялау электронды кестені безендіру және басу

Ms Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән: -ең бірінші символ ретінде міндетті түрде = белгісін жазу керек; -Формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшыққа шығады; -формулалар жолында белсенді ұяшыққа жазылған формула көрсетіледі; -формулада жасалған сілтемелердегі мәндер өзгерген жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді.

Белсенді жұмыс бетінде әр ұяшық өзіндік адресімен (немесе ұяшыққа сілтемемен) анықталады. Ол ұяшық орналасқан баған атауы мен жолдың номерінен тұрады. Адрес түрлері:

Салыстырмалы адрестеу – формуланы көшірген кезде көшірілетін орынға сәйкес ұяшыққа сілтеме де өзгеріп отырады. Абсолютті адрестеу - формуланы көшірген кезде сілтеме тек қана алғашқы формуладағы ұяшыққа жасалады. Аралас адрестеу - формуланы көшіру барысында баған немесе жол өзгермегені керек болғанда қолданылады.

Ms Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу үшін Ms Excel келесі құралдарды қолданады: Ms Excel-дің финанстық функциялары Параметрді таңдау Қою кестесі Сценарийлер диспетчері

Финанстық функциялармен жұмыс Ms Excel финанстық функциялармен жұмыс істеу үшін: ВставкаФункцияФинансовые

Ms Excel -дің финанстық функциялары: ПТЛАПЛ АСЧ БЗРАСПИС МВСД БС ВСД ДАТАКУПОНДО ДДОБ ДНЕЙКУПОН ДЛИТ ДОХОД Қызметі

АПЛ – бір период үшін сызықтық әдіспен есептелген актив амортизациясының мөлшерін көрсетеді. ПЛТ – анниут үшін тұрақты төлемдер және тұрақты проценттік ставка негізінде периодты төлемдер сомасын көрсетеді. ДАТАКУПОНДО – купонның есептеу жүргізілетін күнге дейін немесе одан кейінгі мәніне сәйкес санды көрсетеді. БС – тұрақты проценттік ставка әдісімен шығарылатын болашақ баға мөлшері. ВСД – пайданың ішкі ставкасын – бірдей периодтар тізбегінде төлемдер (теріс мәндер) мен пайдалардан (оң мәндер) тұратын инвестицияға қолданылатын ставканы көрсетеді. ДЛИТ – мүмкін болатын номиналдық бағаның Макалей ұзақтығын көрсетеді. ДДОБ – қалдықты екі мәрте кішірейту әдісін қолдана отырып есептелген актив амортизациясының мөлшерін көрсетеді.

10%-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25%. Ипотекаға алынатын үйдің құны болсын. Шешімі: Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ (кейбір версияларда ППЛАТ деп аталады) функциясын қолданамыз: ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип) Біздің есебіміздегі функция түрі: ПЛТ(10%/12; 20*12; *(1-25%))) –ай сайынғы төлемдер; ПЛТ(10%; 20; *(1-25%))) - жыл сайынғы төлемдер. Мысал: Есептеу терезесі

Ипотекалық ссуданы есептегенде қолданылған формулалар Нәтиже

Қорытынды Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Ms Excel болып табылады. Ms Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Экономика мамандықтарының студенттерінің экономикалық есептер шығаруда Ms Excel электрондық кестелік процессорын пайдалануда және экономика саласында қолдануға ыңғайлы универсалды сайман ретінде ең бірінші электрондық кестенің мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлгені дұрыс.